Көзі тоймаған ит С. Дөнентаев

Көзі тоймаған ит С.Дөнентаев

Ит образы берілген. Ол қанағатсыздық бейнесінде.Мазмұнында бір ит көпір үстімен сүйек тістеп келе жатады.Суға қараса тағы бір сүйек тістеген итті көреді.Бірақ қанағатсыз ит өзінің көлеңкесі екенін білмей есі шығып кетеді.Судағы сүйекті тартып алмақ болып бар күшімен суға секіреді.Ашкөздігінен осы жағдайға түседі.Бұдан қорытынды балаларды қанағатшылдыққа, қолда барды қадірлеуге тәрбиелеу.

І.Жансүгіров «Малта шәркей»

Малта-қысқа дейін сақталып көжеге қосылатын құрттың езбесі.Шығарма ананың баласына малтаны әкеліп берумен басталады.Жалғасы бала мен малтаның арасындағы диалог арқылы беріледі.Мазмұны:малтаның қалай жасалатынын айтады.Шәркей-қысты күні киетін киізден жасалған жылы аяқ киім.Шәутен деген бала және ақ қозысы болады.Қозысын көгендеп жүргенде қозысы аяғын басып шәркейін жыртады.Шәутен қатты жылайды.Анасы оған осы қозы өскенде жүнінен саған шәлкей тоқып берем деп жұбатады.Уақыт өткен соң қозы өсіп Шәутен оны қырықтырып алып келеді.Бұдан ары шығармада шәлкейдің жасалу жолдары беріледі.Соңында анасы оған әдемі шәркей жасап берді.

Мария Хакімжанова «Мәншүк»

Повестьте Мәншүктің туылғаны, балалық шағы, мектептегі кезеңі, рабфакқа түсіп оқуы, майданға аттануы, майданда көрсеткен ерліктері түгел айтылады.Мәншүк шын мәнінде халқының батыр әрі ержүрек қыздарының бірі болғандығы көрінеді.Мәншүктің өмір жолына қарап артындағы ұрпаққа үлгі етіп көрсетуге болады.Шын мәнінде Мәншүк майданға өз еркімен сұранып, көзсіз ерліктер көрсетеді.Бұл повестің соңғы бөлімінде Мәншүктің анасы Әмина Мәметова туралы айтылады.Ол қазір тірі Алматы қаласында тұрады.Филология ғылымдарының кандидаты, ағарту жұмысына еңбегі сіңген қайраткер.Мәншүк Калинин майданында соғысқан.

Жақан Смақов

Жақан Смақов (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды. Одан кейін «Қазақстан пионері», «Коммунизм таңы» назеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы теледидары ашылысымен сонда қызметке ауысады. Теледидар хабарларының жаңа түрлерін ойлап табады. «Ерденнің ертегісі», «Кешкі ертегі», «Спать пора малышам», «Алдардың айласы», «Жан-жануарлар дүниесі», «Бұл сенің әнің», «Ал сурет салайық» сияқты тұрақты көрсетулер ұйымдастырады. «Тамшы», «Бұршақ туралы ертегі», «Кім күшті, кім мықты», «Аю қалай адасты» сияқты шығармаларын әуелі теледидарға арнап, кейіннен кітаптарына енгізеді. Оның «Құсбегі» телефильмі бүкіл одақтық экранға шығады.Өткен ғасырдың 50-60 жылдары «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Жақанның туып өскен, балалар ақыны екндігін танытқан «Жаңғырық» атты таңдамалы өлеңдер жинағы болды. Ал «Талапай» атты кітабы қазақ балалар әдебиетінің тамаша жаңалығы ретінде қабылданды. Бұлардан басқа «Сәбилерге сәлемдеме» (1959), «Біздің тақпақ, жұмбақтар» (1961), «Күлдірген» (1962), «Погремушка» (1964), «Мың махаббат» және «Намыс» (1964) кітаптары жарық көрді.

Әнуар Дүйсенбиев «Ақтайлақ ау Ақтайлақ»

Әнуар Дүйсенбиев1937- 1979 жылдары өмір сүрген.

Ақтайлақ ау Ақтайлақ

Асау тайлақ ақ тайлақ

Мініп келем қақ байлап

Желеді ол тайраңдап

Жұрт қарайды қайран қап

Бала біткен шулайды

Тайлақ үркіп тулайды

Шөк дегенді ұқпайды

Үй маңынан шықпайды.

Ақтайлақ ау Ақтайлақ

Бұл қылығын жақпайды-ақ.