Музыкалық сауаттылықты меңгеру

Музыкалық қабілетті дамыту жолдары тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін , музыкалық өмірге белсенді адамды дайындау – мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды таңдай білудің маңызы зор. Өйткені сол шығарма арқылы балалар өмірдің сан – қилы оқиғаларымен мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында ертеден-ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде халық күйі «Ақсақ құлан», Саймақтың «Сары өзені» т.б. көптеген аңыз-күйлерді алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алқында тұрған мәселелердің бірі – музыканың құдіретін терең түсініп, оның өзіне рухани азық етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат етіп тәрбиелеу. Ал, оның түп тамыры, негізгі – музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланың музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу, музыка тәрбие беру жұмысының күрделі міндеттерінің бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі. Музыкалық қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қалыптастырылады. Кез-келген түрі деп отырғанымыз – музыка тыңдау, нота сауаттылығы, ырғақтық-музыкалық қимылдар, балалар шығармашылығы. Бағдарлама бойынша музыканы қабылдай білу дегеніміз – жалпы білім беретін мектепте балаларға музыкалық тәрбие беру негізі.міне, сондықтан да баланы музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка пәні сабағының басты назарында болуы тиіс.

Музыканы қабылдау – барынша күрделі процесс. Оған арқау, негіз болатын нәрселер-шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары әсер етеді. Ал бұл дегеніміз, -ладогармониялық қалып, тембр, арқын, динамика, метроритм. Олар шығармалардың мипатын, көңіл-күйін жеткізеді.

Д.Б.Кабалевский былай деп жазған: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкамиен әуестену, ұниту-оның қажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік, танымдық ролін атқара алады.Ал, музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деусәтсіздікке ұшыратпай қоймайды.»

Музыканы қабылдауға байланысты жинақталған тәжірибе аз емес.Н.Л.Грозденская: «Мектепте музыка тыңдау» деген мақаласында былай деп жазады: «… Музыкалық шығарманы қабылдау үшін біршама даярлық қажет, ол үшін алдымен, сол музыканы тыңдауға үйрену керек.» Музыканы қабылдаған кезде оқушылардың өмір және музыкалық тәжірибесі бірден көзге түседі. Ол үшін шәкірті орындай алмайтын шығармаларды тыңдату керек. әрине, музыканы тыңдаудағы мақсат-белгілі бір шығармалармен танысып қою ғана емес, одан әлдеқайда кең, іргелі.

Шәкірт қауымының музыкалық шығарманы қабылдау қабілетін дамыту жұмысы өзара тығыз байланысты үш бағытта жүргізіледі:

  1. Оқушыларға музыканың өмірмен байланысты екендігін жөнінде, музыкалық өнер өмірдің өзіндік бір көрінісі, бейнесі екендігі жөнінде түсінік көзқарас қалыптастыру.
  2. Педагогикалық процесс музыканың мамзұнына негізделеді және оны басшылыққа алады. Ол-музыкалық шығарманың мазмұнында жатқан адамдардың сезімдері, көңіл-күйлері, ақыл-ойлары т.б.

Міне, мәселенің осы екі қыры музыка сабақтарын өткізуді біртұтас мәселе деп қарауға себеркер болады.

Халықтың ғасырлар бойында жасаған мұрасының сап алтындай маржаны – музыка. Халық музыкасы – уақыт сынан төтеп беріп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Халықтың әлеуметтік өміріндегі мәні зор, нақышы көмескі тартпаған мәңгілік рухани дүниемізді тәрбиелеуде оның орны ерекше. Бұл өнермізді ойшыл даналар жоғары бағалаған. Ұлы Абай:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең – деп.,

Музыканың адам тағыдырындағы қызметін мейлінше дәл сипаттаған. Ал, С.Торайғыров патша өкіметіне: “Әнімді алдың – сәнімді алдың, сәнімді алдың – жанымды алдың” деген еді. Шәкәрім атамыз:

Ән мен күйдің тілі – күн,

Ұқпасаң ол – саған мін – деп жазды,

Қазақ халқы өнерді сыйлай, қадірлей білген. “Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер”, “Ақылың болса жыр тыңда”, “Өнерді сыйлаған өрге шығады, дәстүрін сыйлаған төрге шығады”, — дейді халық.

Музыканың бұрынғы және бүгінгі байлығын сөз еткенде, олардың 3 түрлі айрықша сипатын бөліп айтуға болар еді.

Біріншіден, ән мен күй — өмір құралы. Халық саздарында елдің бастан кешкен алуан түрлі оқиғаларының, тұрмыс кәсібінің, салт-дәстүрінінің іздері жатады. Мәселен, ер жігіттің қанаты, айнымас сергі жүйрік ат, табиғат көріністері, т.б.

Екіншіден, ән мен күйдің бір ерекшілігі – жамағат көпшілікті тәрбиелеу құралы болуында. Әндерде дүниедегі жақсылық атаулы: адамгершілік, әділдік, ер лік, табандылық, мейірімділік сепіні баса айтылса, кейде керісінше кісі атына лайықсыз көріністер: жасандылық, мансапқорлық, опасыздық, күншілдік секілді жайлар таңбаланады.

Үшіншіден, әндердің өмірді көркемдікпен тану, тыңдаушыға эстетикалық ләззат беру қызметі зор. Халық өмірдің қарапайым құбылыстарын биік бейнелерге бөлеп сиаттайды. Сұлу қыз, ер жігіт, адал дос, қыран құс, күркіреген өзен, заңғар тау, жасыл орман, кең жайлау, сары дала, айдын – көл бәріән-күйлерінің тақырыбы болып табылады.

Музыканың рухани байлықтың қалыптасуына ықпалы мол. Сананы сергітіп, жаныңды жадыратып қана қоймай, көңіл иірімдерінің өміршеңдігін арттыратын тылсым. Сан ғасырлар бойы салт-санамызда ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған ән-өнері, әдебиетіміз арқылы тамырын тереңге тартқаны белгілі. Тұрмыс-тіршілігі пен әдеп-ғұрпымыздың алтын діңгегіне айналған ән мен күй – көңіл кілті іспетті.

Музыка өнері — әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып асқақты күйімен өрбіп, дамып отыратын көптеген ғасырлық үннің жемісі. Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің, қимыл іс-әреекетінің образды бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адам сезімінің қабаттастырып, өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқасы үндесу әуезді жиындығы. Музыка әлемінде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстардың өзара қарым – қатынаста сырласа үндесуіне сезімге жеткізіп отыратын құрал. Музыка өмірдегі динамикалық құбылыстардың ойлаудан көрінетін үнсіз келбет кесіне ғана емес, оны сырттай суреттеп қана қоймайды, ол таңғажайып сырлары бар мелодиялық үндесумен ішкі сезімі күйлеріне әсер беріп, тыңдаушысын белгілі нысанаға биімдеп баурап алады. Қысқа айтқанда, адам жай күйін тәрбиелейтін эстетикалық қабілетін дамытатын сенсорлық мәдениетке баулитын, іске батыл жетелейтін эмоциалық құралдардың бірі — музыка. Ол адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық формацияларды басынана кеміріп келе жатқан тарихи құбылыстың бірі. Сондықтанда оның тууы, шарықтау, даму, өркендеу, биіктеу шеңберіне жету кезеңдері бар. Әр ұлттың музыкалық таланты мен арнасы әр түрлі уақытта өсіп, дамып жетіледі. Бұлардың даму кезеңі де өмірдің өзі туған сезімдерге байланысты. Музыкада әр қоғам өз көрінісімен ұлттық бояу, бейне арқылы көзге елестеп, сезімге әсер етіп жатады.

Музыканы тыңдай білу, оны түсініп межелдей ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжрибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыкада барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімізбен тыңдап ұғамыз. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасы мен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түйсіне аламыз. Музыка құр шу, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.

“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген – менің басма қонбайтын нәрсе” – деп В.В.Сухомлинский тәрбие саласына өнердің алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.