Аяққап тігу технологиясы

  1. Аяққап тігу технологиясы.

Аяқ қап –атқарар міндеті бірдей болғанмен сыртқы пішіні көркемдік көрінісі әр жерде әртүрлі. Кейбіреулері төрт текше, қайсыбірі доғал болып келеді.Ал оған әр түрлі қиықтан құралып жапсырылған ою аяқ қаптың өн бойына көлеміне өте шақ ,жеңіл сипат алады. Сырмақ ,текеметке қолданылатын күрделі оюдың мұнда кейбір ғана элементтері пайдаланылады. Киізден құрап үй тұрмысына қажетті жасалған аяқ қап, сандық қап, жастық қап ,айна қап сияқты бұйымдарды да қолдан әшекейлеп тігетін болған. Олар киіз үйдің ішін жабдықтап ,безендіруде қосылар жасау болған. Өйткені олардың көркем ою-өрнегі киіз үйдің ішкі бояуымен үндестік тауып тұтасып жатқан. От басының қарапайым мүлкінің көркем өрнектелуіне қарап тап сол жиһаздың иесін, оның жинақы бейнесін, кестенің сыршыл түйінінен аңғаруға болатын еді.Әйел қолөнеріне байланысты бұйым атаулары. Әйел қолынан тері, жүн, мата сияқты материалдардан жасалатын тұрмыстық яки сәндік бұйым түрлері сан алуан. Теріден жасалатын бұйым атаулары: тулақ, кебежеқап, тізеқап, т.б.
Күнделікті тіршілікте жиі қолданылған тұрмыстық бұйымдардың бірі – тулақ. Тулақ деп кей жерде көбінесе тайдың терісін шикідей керіп кептірген төсенішті айтады. Сондықтан оны тайтері деп те атай береді. Терінің майын алған соң, оны тегіс жерге, тақтайға керіп, шегелеп тастайды. Көлеңкеде кептіріп алған соң оның үстіне бөстек, көрпе, жержастық аталатын бұйымдарды салып, төсеніш ретінде пайдаланады.
Тулаққа байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, оны босағаға тулақ төсеп отырғызады екен. Күйеу жігіттің қайынатасының төріне шығып отыруына қақысы болмаған, яғни, бұл күйеу жігітке қойылатын тыйымның бірі. Ел іші болған соң түрлі оқиғалар болып тұрады. Сондай оқиғалардың біріне қатысты «…атаңның төрі тұрмақ көріне кірерсің» деген сөз қалған. Осыған байланысты ел ішінде сақталған мынадай бір аңыз әңгіме бар. Ертеде бір жас жігіт қайынатасының үйіне келгенде, жеңгелері күйеудің астына тулақ төсеп отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен, бөтен адамды көріп қалып, арс етіп үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрден бір-ақ шығыпты. Жеңгелері бетін шымшып: «Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетті ғой», – дегенде, ол есік жақтағы төбетті қолымен нұсқап: «Апандай бәлекет арс етіп ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің», – деген екен.
Теріден жасалған бұйым түрлері көп болған, соған орай қалыптасқан атаулар да мол: тайжақы, тон, ішік, тізеқап, шалбар, желетке, кеудеше, жеңсе, алшалғы, тымақ, құлақшын, бөрік, алдаспан бауы, айыл, ноқта, жүген, адырна, бау, баулық, белдік, божы, желдік, желкелік, тебінгі, т.б.
Тоқыма бұйым атаулары. Тоқымашылық о бастан-ақ әйелдерге тән кәсіп, өнер түрі болып қалыптасқан. Ол алғаш әйелдердің өсімдіктер мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталған.
Күні бүгінге дейін тұрмыста алаша, құр, шекпен, кілем тәрізді тоқыма бұйымның көптеген үлгілері кездеседі.
Мақтадан тоқылған маталар бөз, боз, тор, шыт деп аталған. Мал жүнінен де иіріп, жүн маталар тоқылған. Ал жібек маталар Қытай мен Самарқаннан, Ферғанадан тарады.
Алаша деп әртүрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып жолақтап тоқылған, көбінесе жерге төсейтін тақыр кілем, төсеніш түрін айтады. Оның түрлері: әрекет // жүн алаша – жүннен тоқылған алаша, кілем шалша – ою-өрнек салып тоқылған алаша, қарала – алашаның жергілікті атауы, терме алаша // терулі алаша – әшекейлеп, өрнек салып тоқыған алаша, мақта алаша – мақта жібінен тоқылған алаша, т.б.
Киіз үй бөлшектерін байлап бекіту үшін және сәндік мақсатпен өрмекпен тоқылған енсіз, ұзын тоқымаларды құр деп айтады. Оның бір тұрі – басқұр – уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тартатын әрі сән беріп тұратын, өрнекті, жалпақтау құр. Дөдеге құр – дөдегенің сыртынан оралатын құр түрі, құрбау – киіз есіктің екі иін бауы, аяққұр – туырлықтың етегін бастырып тартатын құр, тең құр – тең бууға арналған құр, т.б. Бұлардан өзге құрдан жасалған заттар құр белбеу, құр дорба, құр басжіп, құр аяққап, құр қоржын, құр алаша, т.б. деп аталады.

Сонар, салбурында аяз суықтан бүркіттің саусақтарын тоңу мен мұздаудан сақтайтын аң терісінен, жарғақ немесе қырымнан тігілген жабдық. Жезтұяқ, саусаққап (аяққап) болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бұжырына дейін жауып тұратындай ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістеы жасалған Ұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.

  1. Ұлттық тұрмыстық заттардың түрлері,тарихы.

Құстың екі иығын басып келген арқа түсында жіппен қосақталып байланған топшысын суықтан қорғайтын жабдық. құстың иығы, топшысы тоңса, нәрегей жаурауық болады, әрі қуаты қайтады. Тіптен «құрт қанат» аталатын ауруға шалдығады. Суық өңірдің кәнігі бүркітшілері иыққапты киізлы болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бүжырына дейін жауып тұратынд ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістен жасалған тұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.

Бүркітті көп піштактаудан «сақтайтын» құрал. Көп елеусіз ұмыт қалған құрал туралы осы тақырыпты арнайы зерттеген Б.Кәмалашұлы былай жазады: аңға жортқанда құс дауысын естіп «олжа» қашып кетпес үшін бүркіттің аузына салады. Оны құстың тамағы астына, құс тұмсығымен мөлшерімен ағаштан жонып істелген, ұшына «ноқталайтын» бау тағылған қарапайым қалақ тәрізді ағаш. Таңдай ағашты құстың тамағының астына томағаның алқым бауына қыстырып, екінші ұшын ілмек баумен құс тұмсығын ноқталаған тәрізді етіп, тұмылдырықтай кигізіп қояды. Құс мыңқылдай шақырып ақырында ауырсынып қояды. Кейбір құсбегілердің таңдай ағашы ықшам, томағаның, «алқым бауының» астына бармақтай етіп бастырып қояды. Көбіне саятта томағамен бірге жүреді.

Құс сыятындай етіп талдан дөңгеленте иіп жасалған, астына киіз төсеп, құс орайтын тартпа бау тағып жасаған құс «бесігі». Ол құстың қанат шалғыларын зақымданудан, суық, жауын-шашыннан сақтайды. Оыың тұрі бірнешеу: жас талдан астауша пішінінде немесе торлап доғалантып; тақтай ағаштан топсалы етіп; киізден сырып бау тағып істейді. құс саяттан соң шаршап тоңса, ұйықтаса, алысқа алып жүретін жағдай туса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіп шүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды.

Бүркіт аңды ілгенде алысып, қанат, шалғы қауырсындары сынып қалса оны орнына салады да, жоқтарының орнына қауырсын жалғайды. Оған арнап құстың жазда түлегенде түскен қауырсындарын немесе басқа бүркіт, құмай, тазғара, қарақұс, құбарақтардың қауырсынын жинайды. Бүркіттің қанаты, тұяғы, «құрт ауруға» шалдықса да «құрт қанат», «құрт тұяқ» болғанда қауырсынды және тұяқты жалғап салатын болған деген аңыз тәрізді деректер бар .