Музыкалық жанрлар

1476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті.

Хор жанрлары.

Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.

Хорал деген немістің choral орта ғасырдағы (латынша cantus, choralis) деген сөздерінен шыққан. Ол ән айту деген мағынаны білдіреді. Бұл шіркеулерде айтылатын бір дауысты ән, оны құдайға құлшылық етудің бөлінбейтін бөлшегі десе де болады. Ол католикалық шіркеулерінде орындалған. Хорал басқа хор жанрларының тақырыптық және құрылымдық негізін қалаған классицизм бағытын бастаған көне жанр. Хоралдың вокалды хор өңдеулері аккордтық, гармониялық құрылымда жазылған. Хорал ораториялардың, кантаталардың, қайғырулардың (страсти) негізгі бөлінбейтін бөлшегі болып сақталып қалды. Мысалы: “Страсти по матерею”.

Месса — көпдауысты циклдік, вокалды-хор шығармасы. Ол католикалық шіркеудің негізгі құдай құлшылық ететін әнінің сөзіне жазылған. Месса музыка жанры ретінде XIV ғасырда пайда болды.

Мотет XII ғасырда Францияда пайда болған көп дауысты вокалды – хор шығармасы. Бұл жанр XVIII ғасырға дейін бүкіл Батыс Европаға таралған музыка жанры.

Мадригал итальян тілінен шыққан madrigale лат. matricale ана тілінде орындалатын ән деген мағынаны білдереді. Бастапқы кезде мадригал латын тілінен өзгеше итальянша ана тілінде бір дауысты ән болып орындалып жүрді. Ал жаңару заманында бір дауысты әннен көп дауысты әнге айналды. Би ақсүйектік мазмұнды жазылып Итальяға, Францияға, Англияға және басқа да Европа мемлекеттеріне тарады.

Псалма дегеніміз Библияның бірінші бөлімінен алынған діни әндер мен дұғадан тұратын ән. Мелодиялық декломациядан жазылған псалмалар жинағы “Псалтырь” деп аталады.

Қазіргі уақытта егеменді Қазастан Республикасындағы жоғарғы оқу орнындағы университет пен педагогикалық институттың алдында жастарды тәрбиелеуде, жас мамандарды жан-жақты заманға сай дайындауды түбегейлі жақсарту мәселелері көтеріліп жүр.

Жастар тәрбиесіне бұрын да көп көңіл бөлінетін республикамыздың егеменді тұсында тәрбиенің маңызы арта түсуде. Жоғарғы оқу орындары дүниежүзілік стандартқа сай ішкі жан дүниесі таза, рухани бай, музыкалы орындаушылық шеберлігі жоғары теориялық білімі терең, тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы, белсенді, тәжірибелі маман даярлауы тиіс.

Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. Бұл арнайы пәннің мақсаты хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтріп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.