Кантаталар, ораториялар, сюиталар

Кантата Италияда 17 ғ. вокалды музыканың түрі ретінде пайда болды. Олар көпшілігінде опера жанрына жақын лирикалық жеке әндер болды. Біртіндеп кантатаға хор енгізе бастады, маңызы мен мазмұны кеңейе бастады. 18 ғ. европа музыкасында жекекантаталармен қатар ақсүйектік , рухани хор кантаталары пайда бола бастады. Ораториялы кантата бір мезгілде шықты. Оның аты Библиямен (құраммен) Евангелиені оқыған дінге сенушілердің шіркеуүйінен шықты. Сол себепті шетел ораторияларының тақырыптары рухани маңызға ие болды.

Оратория дегеніміз-белгілі бір тақырыпқа жазылған жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма. Итальян тілінде айтамын деген мағынаны білдіреді.

Оратория типіне үлкен хор шығармалары , пассиондар енді; онда христостың қиналысы бейнеленген, ол латынның “passio — қиналыс” деген сөзінен шыққан. Иогани Себастиан Бахтың (1685- 1750) шығармашылығында кантато- ораториялық жанрларға көп көңіл бөлінген. Үш ораториясы “рождественская”, “пасхальная”, “На вознесение”, “Христов” религиялық мерекелермен байланысты, олардың музыкасында лирика, юмор бар. Халықтың тұрмыс тіршілігі бейнеленген. Бах 300-ге жуық рухани кантаталар шығарған. Оның 200- дейі сақталып қалған, және 20 ақсүйектік кантаталар сақталған. Ақсүйектік кантаталар жеке әншіге және оркестрдің камералық құрамына жазылған кантаталар. Оларда мүлдем хор әндері жоқ.

Ансамбльдің жеке әншілермен алмастырылған. Бахтың осындай кантаталары. “Крестиандық”, “Кофейная”. Сәлемдесу кантаталары “Ойнаңдар көңілді толқындар”, «Жаса”, біршама хор номерлерінен тұрады. “Труба” қатты шырқа атты кантатасының”Мы прославим дружным пением”. Орыс сөзі. Алемасованың финалдық хоры табиғатқа көктемге арналған өмір гимні. Хор екі бөлімнен тұрады, әр қайсысын оркестр қайталайды. Хор партиялары жүрдектіктерімен ерекшеленеді. “Страсти по матерею”, “Страсти по Иоанну” Бахтың көлемі жағынан ең үлкен ораториялары.

Философиялық тереңдік, жоғарғы адамгершілік ойы ораторияға тән қасиеттері. Бахтың жоғарғы дәрежедегі шығармаларының бірі “Жоғарғы месса”. Ол си минор тональдігінде алты бөлімді құрылымда жазылған. Си минор мессасы ешқашан шіркеуде орындалмаған. Оның орындаушылары (сегіз дауысты хор, жеке әншілер, екі сопрано альт және тенор) және симфониялық оркестрдің үлкен құрамы. Бах үлкен шығармалар циклін жазған. 15 хор, 6 ария, 3 дуэт. Си минор мессасының бірінші бөлімі “Kurio”. Ол екі күрделі фугамен дуэттен тұрады. Ол “Сила тебе”, “Даруи нам мир”, деген мағыналарды білдіреді.

Композитор Генрийдің “Самсон” деген ораториясы бар. Композитор Гайдннің “Сотворение мира”, “Времена года” ораториялары бар.Бұл ораторияның либреттасын композитордың досы Барон Вам Свитен жазған.Ол осы тақырыптағы ағылшан жазушысы Джеймс Томсонның шығармасы негізінде жазған.

Халық өмірін кантата-ораториялық, хор және капеллалық кең формалы циклдар арқылы көрсету ісімен совет композиторлары 40-50 жылджардан бастап айналыса бастады. Осы жанрда жазған бірқатар шығармалар Қазақстан композиторларына да әсер етпей қойған жоқ. Соғыстан кейінгі он жылдың ішінде бұл жанрда Е.Брусиловскийдің «Советтік Қазақстан» және «Данқ» кантаталары, М.Төлебаевтың «Жастық» хор сюитас мен «Комунізм оттары» кантатасы, «Алатаудың етегінде» атты вокалдық хореографиялық композициясы, Қ.Қожамияровтың «Гүлденеді тың өлке» атты хор сюитасы мен Қ.Мусиннің «Тың тураклы кантат» атты шығармалары дүниеге кеплді. Бұлардың ішінде композитор Е.Брусиловскийдің (сөзін жазған Дм. Снегин) «Советтік Қазақстан» атты кантатасы Ұлы Қазан революциясыныңі 30жылдығына арналып жазылып, 1967 жылы тұңғыш рет орындалды.

Кантата тексті оқушыдан басқа үш солист (сопрано, альт, тенор) және ар алас хор орындайтындай етіліп, алкен симфониялық оркестрге арналып жазылды. Кантата салтанатты унисон түрінде басталады да, терциялық аккордсыз орындалған триольді ерлер хоры іліп әкетеді. Бұл халықты өзінің сөзін тыңдауға шақырған ақынның дәстүрлі бастамасы сияқты болып көрінеді.

Қазақстан композиторларының алдында өзіндік ұлттық ерекшелігі бар көп дауысты хорға аранап шығармалар жазу міндеті тұрды. Осыған орай хорға арналған бірнеше сәтті шығармалар туды. Олардың қатарына: Б.Байқадамовтың «Біз Отанды сүйеміз» сюитасы, Ғ.Жұбанованың «Жалғыз емен», С.Мұхамеджановтың Абай текстінен жазған әндер циклын, М.Төлебаевтың «Жастық» атты хор сюитасын, Л.А. Хамидидің «Партия туралы әні», Е.Брусиловскийдің «Ақтамақ», «Бипыл», «Баянжан» сияқты халық әндерін өңдеулерін жатқызуға болады. Бұл шығармалардың ішінде өзінің и деялық мазмұнымен және халық полифониялық тәсілдерді меңгеруі жағынан ерекше көзге түскен шығармалардың бірі хор акапеллааға арап жазылған Б.Байқадамовтың «Біз Отанды сүйеміз» сюитасы. Сюитаның сөзін жазғандар – Қ.Сатыбалдин мен С.Мәуленов. текстін орысшаға аударған М.Лопиров.

Сюита музыкалық стилі мен идеялық бағыты жағынан біртұтас болғанымен ішкі мазмұны жағынан төрт бөліктен тұрады. Шығарманың «Біз Отанды сүйеміз» деп. Аталатын бір інші бөлімініде сонет адамдарының патріотизмі мен соғыстан кейінгі жылдардағы социалистік шығармашылықты қалпына келтіру жолындағы еңбекке деген ықылас, ынтасы көрінген. Сюитаның «Жайлау» деп. Аталатын екінші бөлімінде жаз жайлауда мал. Бағып жүрген колхозшы, малшы өмірі табиғат сұлулығымен қоса тамашаланады. Бұл тұста домбыра үніне ұқсас сүйемелдеу фонында қарапайым мелодия дамиды. Мунда композитор қосалқыдауыстар хор тембрі не алкен мән беріп, музыканы баяу рйнатады. Музыканың жалпы тонымен қатар, кіріспе және қорытынды эпизоттарында домбра үні оның ырғақтық нақышы имитацияланып, халықтың еңбегі өмірінің музыкалы – поэтикалық картинасы жасалады.

Шығарманың үшінші бөлімі «Біз соғысқа жол бермейміз» деп аталған. Ондағы көңілсіз мелодия барлық бейбітшілік сүйгіш адамдарды жаңа соғыс қаупінің тұтанып кеутіне сақтандырғандай болады. Осы мелодия дами келе екпінді марш м елодиясына ауысады да, ол жаңадан соғыс ты болдырмау жөніндегі дүниежүзі халықтарының берген салтанатты антымен аяқталады.

Сюитаны «Бақыт әні» деп аталатын соңғы тарауында совет халқының шаттық еңбегі туралы ән айтылады. Тағы да халықтық, патриоттық ән «Алатаудың» мотивіне құралғ ан шаттық мелодиялы желдірме естіледі. Осы желдірме ш ығарманың соңында тағы да жаңа мелодия, жаңа ырғақтық ракурста естіледі. Б.Байқадамовтың бұл шығармасы акапеллаға арнап жазылған сюитасы тұтас лиризмге толы оптимистик ш ығарма болып табылады. Ол өзінің образдылығымен және музыкалық партитурасының ұлттық стильде жазылған жарқын да сазды, жағымды мелодиясымен тыңдаушыны баулиды. Композитордың полифониялық фактура стильіндегі қазақ мелостарына лайықты тапқан жаңалығы оның халық әндері негіз інде жазылған төрт бөлімді сюитасынан айқ ын көрінеді. Әсіресе халықтың күлдіргі әні «Он алты қызда» бұл жай кеңінен пайдаланылған.