Киіз басу технологиясы

1.Киізді білектеу, басу. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады.

Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз.Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады: 1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу. Түр ойыстырып салу – талдырмадан қиып алған оюды шабақталған жүннің немесе талдырманың үстіне салып, ыстық су шашып, әрі қарай киізше басу. Шүйкелеп түр салу – киіз бетіне ою-өрнек ретінде салынатын боялған немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ (талдырма жасамай) сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» сыру сөзіне «арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі», ал сыры атауына «жиі етіп бастырып тігу» деген анықтама беріледі.

Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау технологиясынан алынған.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.
2. Киізді ұзындау Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды.. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты.

Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба – белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Мәселен, ашамай +, х белгі, күн бейнесі, т.б. айналдыра сыру тәсілі қолданылды. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Басқұр — киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20—30 см. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ Басқұр және түксіз немесе ала Басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) Басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) Басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды.

Түскиіз — үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің («мүйіз», «гүл», «жапырақ», «шырмауық», «түйетабан», «алқа») ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі

шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.