Халық әндерінің хор репертуарынан орын алуы

Халық әні- бұл ежелден келе жатқан ауызша шығармашылықтың бір түрі. Халық әні адамдардың тұрмыс-салт дәстүрлерімен бірге еңбек қызметтеріне байланысты болған. Халық әні қатар және шумақ формасында жиі мәнерленіп орындалады.

Халық әні шешуші мәнге ие жеке шығармашылық процесс.

Халықтық өлеңдердің репертуарында ерекше орынды ақындардың сөзіне жазылған өлеңдері және халықтық әндерге қабылданған авторлық әуендердің фольклорлық варианттары алады. Халық әні әр халықтың өмірінде, мәдениетінде үлкен орын алады. Адам өмірін әнсіз елестету мүмкін емес, адам өмірге әнмен келіп әнмен өтеді.

Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны. Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құанбай, арғы атасы Ырғызбай, атасы Өскенбай бәрі де тобықты руының билеушілері болған. Абай жас кезінен ақ өлең, әңгіме, ертегі аңыздарды естуге әуес болды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері болып саналады. Абайдың зор еңбегі сол, ол халықтардың бір-бірімен туысқандасуына музыкалық өнердің пргрешіл маңызы барлыған терең ұғынды. Сөйтіп өзінің ән-күй шығармашылығымен бұл ұлы іске жемісті түрде үлес қосты. Абай өз өлеңдерінің әндерін жазып алған жоқ, халық дәстүрі бойынша ауыздан ауызға көшу арқылы осы дәуірге жетіп отыр. Абай әндері өздерінің сан жағынан көп еместігіне қарамастан, ақынның музыкалық талантының зор және сегіз қырлылығын көрсетеді. Сонымен ән-күй шығармашылығында Абай өз халқының жалынды ағартушысы, халқының досы, әрі ағартушысы және қазақ халқы мен орыс халқы арасында достық пен туысқандықтыңқорғаушысы болып саналады. Абай әндері: “Айттым сәлем Қаламқас”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Бойы бұлғаң”, “Онегиннің Татьянаға жазған хаты”, “Көзімнің қарасы”, “Сегіз аяқ” т.б.

Ақан Сері.1843 жылв Көкшетау облысы, Қоскөл елді мекенінде дүниеге келді. Кейбір жазбаларда 1834 жылы туылған деп айтылады. Ақан Сері 1913 жылы қайтыс болады. Әндері: “Балхадиша”, “Белде, белде, бел асар”, “Желдірме”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”, “Мақпал”, “Маңмаңгер”, “Нурила”, “Сырымбет” т.б.

Құлагер әнінің шығу тарихы Әлібек батыр Ақан Серіге “Қараторғай” атты бүркіт береді. Жылдар өте береді. Бүркіт қартаяды. Ақан Сері күні өтіп бара жатқан құсына қарап “Қараторғай” әнін шығарады.

“Жас кезімізден бірге өскен құрбым едің,

Сені қалай мәңгілікке жоғалтамын” деп жырлайды.

Біржан сал. 1831 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Ербол атты елді мекенде дүниеге келді. 1894 жылы өмірден өтеді.

Шығармалары: Композитордың белгілі әндері: “Айтбай”, “Аққуым”, “Ақ серкеш”, “Алтын балдақ”, “Біржан сал”, “Бұрым”, “Ғашық жар”, “Жайма шуақ”, “Жамбас сипар”, “Кернекіл”, “Ләлім шырақ”, “Мати Дәулен”, “Тел қоңыр” және басқалары.

Майра 1896 жылы Повлодар қаласында дүниеге келіп 1929 жылы қайтыс болған. Әндері: “Бақша”, “Ертіс”, “Қызыл гүл”, “Майра” және басқалай “Ертіс” әнінің туу тарихы. Майраның балалық шағы суы кемерінен асқан Ертіс өзенінің жағасында өтті. Балалық шағы, есейіп бой жеткен кезі қуанышы мен қайғысы, барлығы осы Ертіс өзенімен байланысты. Бұл әнді Майра өмірінің соңғы жылында шығарған. Екінші бір теңдесі жоқ әні “Бақша”. Майра өзінің сүйген жары Әбілмәжіммен өте бақытты өмір сүреді. Бірақ бақыты көпке созылмайды. Сол кезе өзінің жоғалған махаббатына деген ыстық сезімін Майра осы әнрінде білдіреді.

Балуан Шолақ 1864 жылы Жамбыл облысының Хан тауы етегінде дүниеге келген. Шын аты Нұрмағамбет. Оны Шолақ деп атап кеткен. Себебі оның бала жасынан оң қолының саусақтары мыжылған болатын. Ол 1919 жылы дүниеден өтті. Шығармалары: “Ғалия”, “Дікілдек”, “Желдірме”, “Кенже қоңыр”, “Кокчетау”, “Қос алқа”, “Қос б арабан”, “Талды көл”, “Сарын”, “Сентябрь” және басқалар.

“Ғалия” әнінің қысқаша мазмұны. Балуан Шолақтың өмірінде өте келісті келген ұзын, аппақ қардай сұлу Ғалия есімді қыз үлкен орын алған. Ғалия әнін композитор аз да болса жүректе мәңгілікке қалған шынайы махаббатына арнайды. “Сентяберь” әнінің мазмұныны Шолақ жақсы шабандоз балуан болатын. Сентябрь жәрмеңкесінде 50 пудтық ауырлықты көтереді. Бұл оның өмірге қызығушылық сезімдерге толы, көңілді сентябрь әнінің тууына себеп болады.

Мәди 1880 жылы Семей Губерниясы, Қарқаралы ауданының Едірей ауылында дүниеге келген. Кейбір анықтамаларда Мәдиді 1888 жылы туылған дейді. 1921 жылы өмірден өткен. Әндері: “Қара кесек”, “Мәди”, “Шіркін-ай”, “Ұш қара”. “Қара кесек” әнін түрмеде отырған кезінде, бостан-бос өтіп жатқан сүреңсіз өміріне арнап жазған. Бірақ ол қажымайды, қайта қайраттанып “Қара кесек” әнін жазады. “Шіркін-ай” әні бұл әнді түрмеден шыққан жазады. “Мәди” әні ұлы октябрь социалистік революциясы орнаған қуынышымен туады. Мәди кеңес үкіметіне көмектесуіне тырысады. “Мәди” әні қуанышқа, шаттыққа толы ән.