Оқушыларды ата-аналарының сыныптың тәрбиелік жұмыстарына ену әдістемесі

  1. Мүғалімнің сабаққа дайындалуы сыныптан тыс жұмыстарын үйымдастыру Мүғалімнің сабаққа дайындалуы ісінде үйымдастыру және әдістемелік сипаттағы піараларды, сондай-ақ мамандықты жетілдіру жөніндегі шараларды бөліп карауға болады.

Мүғалімнің білімі оқушылардан талап етілетіндегі-ден әлдеқайда кең де терең болуы ңажет екендігі өзінен-взі түсінікті. Мүғалім оқушылардың оқу бағдарламасы шеңберінен тыс қойылатын сүрақтарына жауап беруге әзір болуы тиіс.

Мүғалімнің . сабаққа өдістемелік жағынан дайын­далуы оқулық, әдебиетпен жүмыс іздеуден бастала­ды. Мүғалім жаңа мәліметтерді баяндау кезінде ма­териал ретінде ескеру үщін оқушыларға арналған оқу қүралдарын қарап шығады. Мүғалім, сондай-ақ ғылым негіздері жөніндегі оқулық, әдебиетпен таны-сады. Мүндай багдар негізгі екі себеп бойынша к,ажет. Біріншіден, оқу қүралында (оқулықта материал оқу бағдарламасын орындау үшін ғана жеткілікті болатын-дай етіп аз мөлшерде баяндалған, ал кейде оқушыларды бүл материалмен өлдеңайда кең таныстыру талап етіледі. Екіншіден, оқу қүралында оқу материалы оқу-шылардың жалпы дамуы және олардың ғылым негіздері жөніндегі білімдеріне сәйкес деңгейде баяндалады, бүл мүғалімге материалды оқушыларға түсінікті етіп баян­дау үшін даярлануға көмектеседі.

Мүғалімнің сабаққа дайындалуы үшін озат мектептердің тәжірибелері жинақталып қорытылған әдістемелік әдебиетпен танысудың үлкен мөні бар.

Басқа мүғалімдердің төжірибесін тікелей зерттеудің де маңызы аз емес. Қазіргі кезде бірқатар облыстарда үлгі сабақтар бағдарламадан сәл алда болады, соның арқасында оларды барлық мүғалімдер жергілікті жағдайларды ескере отырып, шығармашылықпен қай-талай алады. Үлгі сабақтарға қатысу мүғалімнің сабаққа әдістемелік дайындалуының бір формасы болып табылады.

Оңушылар үшін еңбек тапсырмасы ретінде белгі-ленетін объектіні сабақ басталғанға дейін мүғалімнің өзі жасағаны жөн.

Біріншіден, оқушылар мүғалімнің еңбек тәсілдерін өте жетік білетінін және өздеріне үлгі бола алатынын көрсе, оның абыройы арта түседі.

Екіншіден, мүғалім жасап шығарған үлгілер оқу-шылар үшін эталон ңызметін атңарады.

Үшіншіден, мүғалім еңбек үрдісін өзі атңара оты­рып, оқушыларда ңандай қиыншыльщ туатынын, олар қандай қателіктер жіберетінін айқын білетін болады, т.б.

Мүғалімнің сабаққа дайындалуында оқушылардың қателіктерін талдаудың маңызды орын алатынын атап айту керек. Оңушылардың қателіктерін түзетуге оқу уақытының 10 пайызға дейін кететінін тәжірибе көрсетіп отыр. Оңушылардың қатесі әр түрлі себептер-ден тууы мүмкін. Егер ,жаңа материалды жеткілікті анық етіп баяндамаса, егер еңбек тәсілдерін орындау-ды жеткілікті етіп анық көрсете алмаса, оқушылардың қателесуіне кейде мүғалім кінәлі болады. Мүғалімнің түсіндіруін жеткілікті назар аудара тыңдамай, жүмыс кезінде бөгде істермен айналысса қателескеніне кейде оқушының өзі кінәлі болады. Оқушылардың ңандай таңырыпты оқығанда қателер жіберетінін және бүл қателердің сипаты қандай болатынын өткен жылдар тәжірибесін біле отырып, мүғалім олармен күресудің алдын алу шараларын белгілейді. Мысалы, 1-сынып пен 4-сынып оқушыларының сызбаны оңытуға жөне олар­мен жүмыс істеуге әзір емес екені белгілі. Сондықтан мүғалім сызба жөнінен берілетін кейбір мәліметтерді шартты белгілер ретінде қарастырады.

Оқудың сапалы өткізілуі көбіне үйымдастыру мәселерін мүғалімнің алдын ала шешіп қоюына байланысты. Мәселен, әр оқушы кесетін және өлшейтін аспап жиынтығымен және қажетті мөлшердегі дайындама-мен қамтамасыз етілуі тиіс. Аспаптардың бірі болмаса бірінің жарамай, дайындаманың бүлініп қалатынын ескере отырып, басы артық аспап және дайындама үстаған жөн.

.Ата- аналарды сыныптағы оқу- тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата- аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.

Ата-аналар мен педагогикалық және психологиялық ағарту жұқмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді.

Ата- аналарды балалар мен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым- қатынасын жақсаруды көздейді.

2.Сыныптың ата-аналар комитеті іс -әрекетін ұйымдастыру және оған педагогикалық басшылық жасау әдістемесі Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес беру бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.

5.Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Ата- аналарға, жұрытшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата- аналар университеттері жанынан педагогикалық, факультеттер ұымдастырылды.

Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университеттке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата- аналар комітеті арқылы қабылданды. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеб гигенасы мәселелеріннен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университті бітіргендерге куәлік беріледі

Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс Істру барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады.

Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыст аңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағадайды ескеру қажет.

Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатыныстың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.

Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.

Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау, және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.

Мұғалімдердің ата-аналар мен қарым- қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жееткшісі және ата- аналардың өзара жағымды қырым- қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік- ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізді.