Оқушыларды жеке-дара қатынас жасау әдістемесі

1.Оқушыларға тән болан психологиялық-педагогикалық ерекшеліктер. Баланың алғашқы тәрбие алатын орны- от басы. Баланың мінез- құлкы, әдет дағдысы отбасында қалыптасады. Тәрбие жұмысы нәтижелі болуы үшін класс жетекшісі жанұямен, яғни ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жүргізуі қажет. Отбасымен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы тәрбиелік деңгейін деңгейін анықтап, мынандай 5 топқа бөлген жөн.

  1. Отбасында адамгершілік қарым- қатынасы деңгейі жоғары. Жағымды моральді ахуал қалыптасқан, балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған.
  2. Ата-аналар арасындағы жағымды қарым — қатынас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз қамқорлық нәтижесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуды талап етеді.
  3. Қарама қайшылықты отбасылар. Бұндай жағдайда ата-аналар балаларымен ісі болмайды, себебі, өздерінің бір- бірімен қарым -қатынасын шеше алмайды. Бұл жерде дұрыс тәрбие туралы сөз де болуы мүмкін емес. Жанұядағы жағдайды өзгерту үшін белсенді педагогикалық ықпал ету кажет.
  4. » Сыртай дұрыс» отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен -кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. Бұндай жанұямен жұмыс жүргізу өте қиын.
  5. «Қиын» отбасылар, оларға дөрекілік, ұрыс — керіс тән. Балаларды қорғау үшін, бұндай жанұяларға педагогтар, қоғам зейінін аударуына тура келеді.

Отбасын зерттеу бір жағынан дәстүрлі бір жағынан өте күрделі. Жанұя құрамы әр түрлі. Жанұямен жұмыс жүргізгенде бір ғана әдісті қолдануға болмайды. Жанұя мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Класс жетекші жанұяны зерттеу жұмысын педагогикалық бағытта жүргізе білмесе, бүкіл жұмысқа нұқсан келеді. Класс жетекшісі ата — аналарды өзіне көмекші, кеңесші айналдыруы, яғни ынтымақтаса жұмыс жүргізуі қажет. Отбасының бала тәрбиесімен айналысу денгейіне қарай оларды мынандай үш топқа бөлуге болады.

1 — топ бала тәрбиесін білетін және онымен айналысатын ата — аналар. Класс жетекшісі өз жұмысында бұл ата — аналарды өзіне сүйеніш етуі керек.

2 — топ бала тәрбиесімен айналысқысы келетін, бірақ тәрбиеде педагогикалық білімі жетпейтін ата-аналар. Сынып жетекшісі оларға акыл-кеңес ұйымдастырып, педагогикалық насихат жүргізіп отыруы керек.

3-топ — бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын, айналысқысы келмейтін ата-аналар. Бұлар азшылық, бірақ та мектептегі » киын » балалардың санын құрайды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Балалардың отбасына баруы. Сынып жетекшісі от басына бару алдында міндетті түрде мақсат қою керек.
  2. Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Үй тапсырмасын қалай орындайтындығын бақылау. Отбасына бармас бұрын баратындығы жөнінде ескерту.
  3. Ата-ананы мектепке шақыру . Бұл тек бала тәртібін бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда ғана емес, бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Ата-аналардымектепкешақырыпсөйлесудіңдемаңызыөте зор. Ата-анларменәңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мыс: бала жақсы оқиды тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-анаға күні бұрын ескерту қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларда ата-анаменкездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің мұғалімдердің, мектепбасшыларның борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады. қажетті педагогикалық кеңестер алады.
  4. Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырып пен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұсында болуы керек.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың тәрбиелік мәні бар. Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша жылына төрт рет өткізіледі. Ата-аналар жиналысында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-анларды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен таныстырады.

2.Оқушыларға жеке қатынас жасау ерекшеліктері Ата-аналарда педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалык тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара формасына байланысты. Олардың негізгі міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет.

  1. Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастын болуы. Мұндай жағдай тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.

2.Мұғалімдердіңата-аналар тарапынан болатынкеңестерінеөте мұқиятназар аударуы.

  1. Оқушы тұлғасында пайдаболғанжағымсызқұбылыстыңсебебінбірлесіп анықтау талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.
  2. Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсеті.

5.Мұғалімдердің ата-аналармен қарым-қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

Баяндама- тәрбиенін кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру формасы. Жақсы баяндамашы- ата-аналардың қызығушылығы, проблемаларын білетін мұғалім, тәрбиешінін өзі. Баяндамадағы басты жағдаяттарға ғылыми талдау.

Ашық сабақтар. Ата-аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылды.

Педагогикалык пікірталас- педагогикалық мәдениетті көтерудің, ең кызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі қойылған мәселені талқылауға мүмкіндік береді.

Рөлдік ойындар- ата-аналардың педагогикалық біліктілігінін қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыпта әр — түрлі болады. «Таңертең сіздің үйде», «Бала мектептен келді», «От басы кеңесі» т.б.

Ата -аналармен өткізілетін конференциялар. Белгілі бір тақырыптарға орай ата-аналардыи және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі. Әдетте конференцияны мектеп басшыларынын біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса, озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алмасу болады.Конференция өз жұмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалык әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың мәтіні, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсеті.т.б.

Ата-аналар алқасы. Мектепішілік және әрбір сыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара мынандай міндеткерліктерді бөліп атқарады.