Бесік жыры мен тұсау кесер жырының тәрбиелік мәні

Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған дамал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.Бесік жыры баланы тербетіп отырып аналық мпхаббатпен айтылытын тәрбиелік тағылымдық мағыныға ие өлең жыр.онда жас бала дені сау,еңбексүйгіш өнерлі елін қорғаушы азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.Бесік жыры үлгілерін алғаш Ә.Диваев 1905 жылы жариялаған Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем…

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?