Өзара ынтымақтастықты оқытудың арнайы тәсілдері

: 1. Ойындар Оқушылар ұжымы-тәрбиенін шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.

Сонымен ұжым-бұл көзделген мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастын даму процесі, В.А.Сухомлинский қарым-катынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» -еңбегінде баяндалды.

Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз- тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Оқушылар ұжымы — ортақ мақсат және қоғамдық іс- әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі- дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Жақсы ұйымдастық ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату, мақсатшыл оқушылар ұжымы тәрбиені ұйымдастырудың негізі болып табылады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. От басы балабақша, мектеп, класс, спорт секциясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар. Бұлардың да барлығында да балалардың әлеметтенуі, қоғамға бейімделуі жүреді. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу -адамның әлеуметтік дамуынын жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар ұжымда тәрбиелеумен жеке оқушыны тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді. Себебі сыныпта да ерекше назар аударатын, жекелеп тәрбиелейтін оқушылар болады. Бұл тәрбиеші жұмысындағы әртүрлі желі емес, тұтас процестің екі жағы.

Тәрбие тәжірибесі тек ұжымда ғана, мектеп оқушыларының бойында жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Педагогтың басты міндеті — ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.

Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру-педагогтың басты міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог кластағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықты қажет етеді. Бірақ әкімшілік билеп төстеуге жол беруге де болмайды. Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігін шебер бағыттап отыру керек. Оқушылардың ынтасын басып, артық мазасыз, қамқоршы болу да негізсіз.

Ұжымның даму үш кезеңнен өтеді.

1.Ұжымдағы байланыс нашар, белсенділар әлі анықталмаған кез. Бұл кезде талап барлығына бірдей қойылады.

2.Ұжымдабелсенділерайқындалған,талапсоларарқылықойылады,ұжым қалыптаса бастаған кез.

3.Ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптасқан, педагог талабын тек белсенділер емес, кез-келген ұжым мүшелері қабылдайды.

Тату да мақсатшыл ұжым өз мүшелерінің өмірін бай да, сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.

Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: «Ұжымның — әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі мынадай : оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер ондайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жай ғана топ немесе жиынтық болады», -деді.

Балаларұжымынқұрументоптастыру-мұғалімдердіңжәнееңалдыменкласс жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.

Ұжымдық іс-шаралары ұйымдастыру. Оқушылар ұжымы әр түрлі шаралардыұйымдастыру жағдайына құрылады, өседі, нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әрі қызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмаса, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды.

2.Мұғалім жұмысының стиліОқу жылы алдындағы класты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектеп ауласын көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрі өзіңнің ұжыммен байланысыңды сезінуіне және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауыңа көмектеседі. Ұжымдық істер неғұрлым қызық болған сайын оқушылар ортақ іске өз күштерін соғұрлым қуана арнайды, оқушылар ұжымы соғұрлым мықтырақ болады, берік топтасады.

Ұжымның топтасуына оқу жағдайы тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуге бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады. Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар класқа, мектеп қажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты. Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да манызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар Жайық өзені жағасындағы өсімдік, жануарлар дүниесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезімі қалыптасқанды, өздерін еркін сезінеді.

Бос уақыттарыңда театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердін қалыптасуының маңызды құралы.

Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.

Өзара жауапкершілік мынадай жағдайларды еске алған жөн:

-ұжым мүшелері тең құқықты болады:

-басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды.

-басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;

— жауапкершілікжәнеөзаратәуелділікжүйесіндежалпыістіорындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады.

Гуманистік қатынастың негізгі белгілері.

— сергектік стиль-ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерініңдостық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болуы;

— балалар арсында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйыктық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс;

— басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру;

Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру ережелері.

— Мұғалім оқушылар үшін маңызды іс-әрекеттер істей білуі тиіс.

— балалар үшін маңызды істер істей алмаса, өзінің қолынан келетін іске қызықтыруы тиіс;

— Мұғалім сөзі бала алдында беделді болғанда ғана маңызды болады;

— балалар ата-аналарынын мамандығын және дәрігер, ұстаз мамандығын біледі, сондықтан бұл адамдардың сөзі маңызды;

— Мұғалім балалардың алдында жағдаят қойып, одан шығу жолын балалардың өздеріне тапқызу керек:

— егер мұғалім бәрін мен ұйымдастырдым, меністедімдейтінболса, жақсыемес, ал балалардың біздер ойлап таптық, біздержасадық, біздер ұйымдастырдықдеуіөте маңызды;

— мұғалім әрбір баланың сапалық қасиетін біліп, оны әр түрлі іс-әрекетке қатынастыруы керек;

— әрбір баланың қызығушылығын, көзқарасын, қарым-қатынасын ескеру керек;

— баланың жетегінде жүру немесе өз айтқаныңды ғана істету де дұрыс емес;

шығармашылық жағдай қалыптастырып, оқушылардыңшығармашылықақыл-ой қабілеттерін дамыту қажет;

— егер оқушылардың өзін-өзі басқаруы жай ғана көз бояушылық болса, онда балалардың іске қызығушылығы төмендейді.

— көптеген шаралар, үйірме секция мектептерде күштеушіліксипат, алады жоғарыдан қойылған талаптарға бағынады, сондықтан балаларға қызықсыз болады.