Ұжымдық тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

  1. Ұжымдық тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру моделі Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
  3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсаты мен бірлікте болуы қажет.
  4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
  5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көсетілген шаралар орындалатын болсын.
  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен анықталатын болсын.
  7. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарында емес, әртарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
  8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
  9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылыуы тиіс.
  10. Тәрбиенің салаларына қатысты белегіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрыуын ескеру.
  11. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жерделі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отара мақсат пен міндеттерін анықтау.
  12. Нақты модельді талдауы. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің

болашақ тәрбие жосапры мен Танысу, алдыңғы қатарлы оөық сынып жетекшілерінің тәжрибелері мен Танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжрибелері мен Танысу, пән мұғалімдері және сынып ұжымын зерттеп тану.

Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдары анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.

Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

“ Ұжым ” — латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінгендұрыс.

Оқушылар ұжымынакелсе,оның өзіндік белгілері бар.Атап айтсақ :

  1. Жалпы әлеуметтік маңызыбар ортақ мақсаттың болуы.Мақсат қандай да болмасын топта болады.
  2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс- қимылдың болу. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
  3. Өзара қарым – қтынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барасында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымының әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым- қатынасы белгіленеді: көңіл – күйдегі әсерленушілікте, моралдық межеде, өзара пікір алмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.
  4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болдып – сынып ұжымы есептелінеді.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілдікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.