Этикалық тәрбиелік жұмыстар

  1. Адамгершілік тәрбие мазмұны Халқымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай мен Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдеріне зер салсақ , табиғаттың адамға қаншалықты әсері бар екендігін түсіну қиын емес.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ұжымдық ойынының әлеуметтік мағынасы.Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
  2. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.
  3. Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету .
  4. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген сезім туғызу.
  5. Оқушыларды әртүрлі өнер саласына баулу.
  6. Оқушылардың күлкі, юморлық сезімдерін дамыту.
  7. Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.

Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалыға жай аңқаулық емес. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзінің ой жүйесін күштеп ендіріп, бала психикасына әсер етеді. Баланың әр істеген шығармашылығы – үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірибесімен бала күш -қуаты шығармашылығын біріктіруі қажет. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, олардыөмірге әзірлеу қажеттігін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Халқымыз ойындарға тек балаларды алаңдату, ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктерінесайолардың көзқарастарының мінез-құлкының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Математика сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарын пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ой-өрісін жетілдіреді. Ойынның мазмұны мынадай болуы мүмкін: Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатты.

-Үшеумізде он оннан асық бар еді.

-Енді кімде қанша асық қалды?-деп сұрайды бірінші бала.

– Он калыпты,-дейді екіншісі.

– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді асықтарын түгелдеп қалтасына салған үшінші бала.

-Ең көп ұтылған мен ғой,-дейді бірінші бала.т.б.

Сабақтарда серпіліс ойындарының бірнеше түрлерін пайдалануға болады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында: ойлау, тапкырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық- сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылар мен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады

Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады : ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық

Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтид

2.Құрылымы, әдістемелік ұсыныстар Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау боладыБағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі

Қалыптастырушылық қызметі де жоғарыда аталған 3 қызметтің орныдалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздей

Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады

Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын – ала анықтау барысында белгілейді. (саулнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қортындысы бойынша т.с.с.)

Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады : әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырптарға дәрістері,”дөңгелек стол”өткізу, өнер туындалары мен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.Біріншісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректер мен мысалдарды келтіруге тартылады.

Екінші түрі, мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмісімен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.

Тәрбие сағатын өткізуге дайындық барысына :

  • оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін анықтау ;
  • тәрбие сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау ;
  • тәрбие сағытын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
  • тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылыңы мен білсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әр түрлі амал-тәсілдерді ойластыру ;
  • көрнекі құралдарын, музыкалық шығармаларын таңдау, бөлмені даярлау ;
  • оқушылар ұжымында ашық тәрбие әңгіме , жайма-шуақ жағдай туғызу ;
  • тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау ;
  • сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау ;
  • оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру

Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады . Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі.

Қорытынды бөлімінде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жекек бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету.