Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары

1934 жылы 7 қарашада Алматыда қазақтың тұңғыш «Қыз Жібек» операсы сахнаға шықты. Опера жанрымен байланысты ән айтумен хор өнері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнмен байланысты жаңа әндер туды.

Профессионалдық хор өнерінде композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамовтардың сіңірген еңбектері өте мол болды. «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Су тасушы қыз», «Отан», «Гүлденген Қазақстан», «Шолпан» сияқты әндер туды. Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап, өңдеп гармониялық, полифониялық құрылымда жазды.

Е. Брусиловский 12 ноябрь 1905 жылы Дондағы Ростов қаласында – 9-май 1981 жылы Москвада –совет композиторы қазақ совет профессионалдық мрузыка өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР-нің халық артисі (1936-1934 жылдан ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі) 1922-1924 жылы Москва консерваториясында (фортепианомен композицияда) оқыды. 1931 жылы Ленинград консерваториясын (профессор М.О. Штейнбергтің класы бойынша бітірді). 1933 жылы СССР композитарлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933-1934 жылы музыка драма техникумында (халық музыкасының ғылыми зерттеуші кабинерінде қызмен етті. 1934-38 жылдары қазіргі,

Опера және балет театрының жетекшісі, 1939-1956 жылдары Қазақстан композиторлар одағы басқармасының председателі, 1956-1976 жылдары СССР композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1949-51 жылдары қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі , қазақ музыкасының әртүроі жанрында жемісті еңбек етті. Ол «қыз жібек» (1934 жылы) «Жалбыр»(1935 жылы)» Ертарғын» 1936 ж сияқты халық музыкасы негізінде жазылған тұнғыш қазақ операларын, қазақпен орыс халқының достығын бейнелейтін «Дударай» 1953, тарихи- революция тақырып арналған «Амангелді». 1945 ж. М. Төлебаевпен бірге қазіргі заманда сөз ететін «Алтын астық» 1940 ж. Пен «Мұрагерлер» 1962 жылы операларын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» 1967 жылы балеттерін, «Советтік қазақстан» контатасын 9 сифония (оның ішінде Құрманғазы мемлекеттік силығына ие болды). Фортепианомен оркестрге арналған концерттер, ораториялар, көптеген хор шығыармаларымен ән-романстар жазды.

Ол 250-ден астам қазақтың халық ән-күйлерін жазып алды. 1944 жылы Алматы консерваториясында ұстаздық , 1955 жылдан профессионал етті. Шәкірттері Б.Байқадамов, А.В.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Ә.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев т.б. Ленин орденімен еңбек қызыл ту және құрмет белгісі ордендерімен награтталған. «Ертарғын»-Е.Г.Брусиловскидің операсы, либреттосы С.Камаловтікі. Алғаш рет 1937 жылы 15 январда Қазақтың опера және балет театры қойылды. Режисер – ҚазССР-нің халық артисі Қ.Жандарбеков. Басты рольдерде Қ.Жандарбеков пен ССР халық артісі К.Байсейтова ойнады. Операның сюжеті Қазақтың халық ауыз әдебиетінде кең тараған «Ертарғын» батырлық эпосына негізделген.

Операда халықтың ррухани бейнесімен әдет-ғұрпын сипаттауда, басты кейіпкерлердің характерін жасауда және сюжеттік желіні өрістетуде қазақтың 70 ке жуық әндері мен күйлері пайдаланылды. Тарғынның батырлық бейнесін танытатын қаһарлы «Алтыбасар мен Қаракескен» Ақжүністің сан құбылған сиқырлы қылықтарымен опасыз іс-әрекеттерін көраететін «Арарай», «Нназқоңыр» сонымен қатар халық образын беруде Естай Беркінбаевтің «Қорлан» әндері операда сәтті пайдаланылды. Тұңғыш рет көп дауысты хорлармен вокалдық ансамбльдер бой көрсетті. 1969 жылы 22 наурызда опера жаңартылып қайта қойылды.

Режисер ҚазССР-нің халық артисі К.Кенжетаев, дирижер – И.Островский, суретшісі – Қаз ССР-нің халық артисі Г.М.Смайлова. Басты партияларды ССР халық артистері Е.Серкебаев (Тарғын) Р.Жамалова (Ақжүніс) Р.М. Абдуллин (Қапан) орындады және башқұрт АССР-нің музыка театрында қойылды. «Қыз Жібек» — Е.Брусловскидің операсы либреттосы Ғ.Мүсіреповтікі. Алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қазақтың музыка театрында (қазіргі опера және балет театрында) қойылды. Басты партияларды СССР халық артисі К.Байсейтова (Жібек) ҚазССР-нің халық артистері Қ.Байсейтов (Тарғын) пен М.Ержанов (Шеге) орындады. Спектакльді қойған ҚазСССР-нің халық артисі Ж.Шанин. Режисерлері Байсейтов пен И.Г. Боров, суретшісі ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері – А.И. Ненашев, балетмейстрі А.А. Александров, дирижер ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі Ф.А.Кузьмич, операда екі жастың (Жібек пен Төлеген) бір-біріне деген мөлдір махаббаты, патриархалдық-феодалдық заманның кертартпа салтына қарсы іс-әрекеті және аянышты өмірлері суреттеледі.

Мұнда қзақтың вокалдық және аспаптық шығармалары, халық композиторларының (Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері кеңінен пайдаланылды. Операдағы әсем сазды Гәкку әні Жібек бейнесін, «Алқорайкөк» Төлегеннің Жібекке деген сүйіспеншілік сезімін, ойнақы «Аққұм» Бекежан образын, терме әуеніндегі Шегенің ариясы оның ақындық шабытын, өткір мінезін аша түседі. «Гәкку» әні опера оқиғасының даму барысында бірінші актіде көңілді «шашу биінде» «Алты қаз» көрінісінде, опера финалындағы қыздар қорында)

Қыз Жібектің қойылуы ұлттық мәдениетіміздің тарихында ерекше орын алды, профессионалды музыканың дамуына, әнші-артистердің орындаушылық қабілетін шындауда мол үлес қосты, көптеген әншілердің шеберлігін айқындады. Ал Байсейітова бейнелеген Жібек образы осы күнге дейін әншілік және актерлік шеберліктің озық үлгісі ретінде қалды.1968ж. 27 қаңтарда «Қыз Жібектің» 1000-ыншы қойылуы, режиссер ҚазССР-нің халық әртісі Б. Досымжанов, өнер мерекесіне айналды. Бұған алғашқы орындаушылар қатарында болған. ҚазССР-нің халық артистері Ш. Бейсекова (Жібек), Байсейітов (Төлеген), Қ. Жандарбеков (Бекежан), Ғ Құрманғалиев (Шеге) т.б. қатысты. Дирижер ҚазССР-нің халық артисі Ғ. Н. Доғалиев: суретшісі – ҚазССР-нің халық суретшісі Г. Н. Ысмайлова. «Қыз жібек» қазақ музыка өнерінің асыл мұрасына айналған ұлттық опералардың бірі.

Композитор Мұқан Төлебаевтың творчествосы.

М. Төлебаев 1913ж. Талдықорған облысы Бөрлі- төбе ауданы, Үлгі колхозының Қарашаған елді-мекенінде дүниеге келді. 1951 жылы Москва консерваториясын профессор М.Я.Мояковскидің композиция класы бойынша бітірді. М. Төлебаев қазақ кеңестік социалистік республикасына еңбек сіңірген артист атағына ие болды, ал 1953 жылы кеңстер одағының халық артисі атанған. «Біржан-Сара» операсы үшін мемелекеттік сыйлыққа ие болды. «Коммунизм оттары» контатасы үшін Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болды.1960 жылы 47 жасында дүниеден өткен композиторлар Брусиловский мен Хамидимен бірігіп қазақстан республикасының мемлекеттік гимінін жазған атақты опералары Біржан-Сара, Амангелді. Аяқталмай қалған опералары «Нияз бен Раушан» және «Қозы-Көрпеш Баян Сұлу».

Вокалды сифониялық шығармалары

«Коммунизм оттары» бұл жеке әншіге, хорға және үлкен симфониялық оркестрге арналған бір бөлімді контата. «Москваға сәлем» деген шығармасы аралас хормен симфониялық оркестрге арналып жазылған.

Хор сюиталары:

  1. «Жастық шақ»
  2. «Костер жыры»
  3. «Шаттық әні»

Аралас хормен фортепианоға арналған. «Соқ барабан», «Семсер», «Қырманда» шығармалары.

Симфониялық шығармалары .

  1. «Қазақ увертюрасы»
  2. «Қазақстан» симфониялық поэмасы.
  3. «Қазақстан» камералық аспаптық шығарма.

Композитор М. Төлебаев көптеген музыкалық кинофильмдерге атап айрқанда, «Алтын мүйіз», «Жамбыл», музыка жазды. Драмалық спектакльдерге де музыка жазды. Көптеген әндер, романстар жазған, қазақтың халық әндерін өңдеген композитор.

«Біржан-Сара» операсының қысқаша мазмұны. Либреттасын жазған Н. Жұмалиев.

Опера «Қоянды»жәрменкесіндегі ақындар айтысы бейнеленген, қатысып отырғандардың арасында басқарушымен Жанбота мен оның Сараға қалым төлеп қойған жақын туысы Жиенқұл. «Біржан-Сара» екеуінің айтысы кезінде бір-біріне деген шынайы сезімдері оянып, бір-бірін ұнтып қалады. Жанбота айтысты тоқтатуға бұйрық береді. Біржан мен Сараның махаббатықатая түседі. Өкіметтің қудалауына түскен Біржан тауға қашады, ал еркінен тыс Жиенқұлға береді.

Біржан білдірмей, өзінің сүйген қызы Сараны құтқару мақсатымен Жиенқұлдың үйіне келеді, сол уақытта күзетшілер байқап қалып Біржанды ұстап қапасқа қамайды. Біржан қамауда отырған жерінде қайтыс болады, домбырасын Сараға береді.