Азық-түліктердің сапасын анықтау

  1. Азық-түлік қасиеті. Ас аданың арқауы – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ас адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері белгілі. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды.

Диетология (грек diata- өмір сүру салты, тамақтану тәртібі+ logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гипократ есімімен байланыстырады.

Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅ тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.

Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу — тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына , сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.

Денсаулық дегеніміздің өзі организнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімлеліп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейінгі өлім- жітімнің ½-і дұрыс тамақтанбаудан туындаған аурулармен байланысты.

Аспаздық өнімнің сапасы дегеніміз-адамдардың сұранысын қанағаттандыратын азақ-түлік қасиеттерінің жиынтығы. Азақ-түліктің пайдасы, жоғары дәмдік сапасы және азықтық құнарлылығы оның маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Аспаздық өнімдердің азықтық, дәмдік және тауарлық қасиеттері жалпы бағалауда бірдей ескерілгені жөн.Өйткені тамақ тек қана міндетті түрде пайдалы ғана емес, сонымен қатар дәмді де болуы керек.Көкөніс тағамдардың құндылығы адамның организміне жеңіл сіңілетін дәрумендердің, минералды тұздардың, көмірсудың мөлшеріне қарай анықталады. Жақсы, сапалы көкөніс тағамдарды даярлау үшін мынадай талаптарды орындау керек: тазартылған көкөністерді ұзақ уақыт салқын суда қалдырмау; аз ғана суға пісіру; пісіру уақытын сақтау.

Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.

Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.

АҚШ- та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-қантамыр ауруларының жиілігі 2/3-ге дейін азайтылған.

Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.

Дені сау және ауырған адамдарды дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін нутрициология (nutrition- қорек ) ғылымы зерттейді. Нутрициологияның жетістіктері басқа ғылымдардың дамуымен тығыз байланысты.

Тиімді тамақтану дегеніміз- тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтау.

Тиімді тамақтану арқылы адам организміне өте қажетті пластикалық энергетикалық заттар тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдайларға адамның жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, ұлттық этникалық ерекшелігіне байланысты анықталады. Біршама дені сау орта жастағы, аса ауыр еңбекпен айналыспайтын адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия қажет. Энергия көзі – негізгі қоректік заттар. Оларға нәруыздар, майлар, көмірсулар жатады.

Осы қоректік заттардың ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1,1:3,5-4 болып есептеледі. Көрсетілген ара қатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп саналады. Организм күнделікті қажет энергияны 12-15℅ белоктадың, 30-35℅ майлардың, және 53-56℅ көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттар, тағами талшықтар) өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен міндетті түрде алып отыруы қажет. Жоғарыда аталған заттармен организмді толық қамтамасыз ету үшін рационға әр-түрлі тағамдық өнімдер енгізілуі керек. Мысалы, жануар өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін.

Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің нәруыздары 55:45℅ немесе тепе-тең (50:50℅) арақатынаста боғаны дұрыс, ал жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер түрінде қабылдаған жөн.

Жоғарыда біз тағамды тек тәндік қажеттілік ретінде қарастырдық. Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені адамның тәні мен жаны қосылып толық, бүтін бір тұлғаны құрайды. Әрине бұндай тікелей байланыстағы тән мен жан бір-біріне ықпал етпей бір-бірінен тәуелсіз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан диетология ғылымын одан әрі кеңейтіп, дамытып оның рухани тұстарын да қарастыруымыз өте қажет. Мүмкін келешекте диетологтарымыз диетологияны екі үлкен тармаққа бөліп қарастырып жататын да болар. Оны уақыт көрсетіп жатар…

Егер адамның рухы таза, сау болса, ондай адам таза жүріп, дұрыс, таза тамақтануға тырысады. Бұл адамның жанының да, тәнінің де дұрыс жұмыс істеуіне себеп болады.Дені сау тән рухты одан да жоғары шыңдарға көтере түседі. Немесе керісінше – дәл осы байланыс кері мағынада да болуы мүмкін. Бұл ойдың артынан еріксіз атамыз қазақтың «тәні саудың жаны

Аспаз мамандығы адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің денсаулығын нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рақаттануға көмектеседі.Дұрыс әзірленген тамақ – адамның жақсы көңіл-күйінің кепілдігі, өйткені тамақ адамның дене құрылымына барады, оны қуатпен және қатетті нәрлі заттармен жабдықтайды. Аспаз мамандығы қандайда болмасын салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сәулеттімейманханада.

Адамдар асханаға, дәмханаға, мейрамханаға түскі асқа, демалуға, уақытын қызық өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын өткізуге келеді. Дәмді тағам дайындау, оған көзге тартымды сипат, дәм түйсігі үйлесімін,хош иіс композициясын беру– бұл өнер, рақаттану мүмкіншілігін беру. Мұндай тағамды дайындау үшін тек белгілі бір тамақ өнімдері ғана емес, дарынды аспаз қажет.

Аспаз мамандығы өздігінен бірегей. Кейбір адамдар аспаз өнерінде ешқандай қиындық жоқ : тек қана ингредиенттерді араластыру керек, ал пеш өзі пісіріп шығарады.Қазіргі заманда кім тамақ дайындау білмейді? Қайсысы болмасын аспаз болып жұмыс істей алады деп ойлайды. Бірақ олай емес. Бұл істе ең алдымен өнер керек, дәм мен иісті сезу, шығармашылық қабілеті болуы керек. Бір жағынан бұл мамандық асқан дәлдікті талап етсе, екіншіденерекше рецепті ойлап табу немесе тағамды әсемдеу үшін шығармашылық қабілеттің болуын талап етеді. Иіс пен дәмді сезу қабілеті күшті болуы аспаздың өзіне мансапқа жетуіне көмектеседі. Сондай-ақ жақсы аспаз зейінді, ұқыпты, есте сақтау қабілеті жақсы болу керек .

  1. Аспаз мамандығы Аспаз мамандығы артықшылығының бірі өте сұранысты және тұрақты табысы табу мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар мансапқа жету мүмкіндігі бар, аспаздың көмекшісінен беделді орында жұмыс істейтін бас аспаз болып өсуімүмкін. Кондитер — кондитерлік өнімдер, десерттерді және басқа да пісірілген тағамдарды дайындайтын кәсіби аспаз. Бұл кәсіптің өкілдерін үлкен қонақ үйлерде, мейманханаларда және наубайханаларда көруге болады. Кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын адамдарды кондитер деп селдір айтады.

Кондитер алдын ала тағайындалған рецептура бойынша әр түрлі қамырлар, салындылар, кремдер дайындаумен, өнімдерді пісіру және безендірумен айналысады. Бұл жоғары сапалы, дәмі және иісі әр түрлі тамақ өнімдері. Жұмыстың көп бөлігі арнайы құралдардың көмегімен қолмен орындалады, кондитердің кәсібін өнерге айналдырады.

Жұмыс орны: мейманхана, дәмхана, асхана, комбинаттар және кондитер фабрикалары. Кондитерге қойылатын талаптар: дәмін ұмытпау, шығармашылық қиялы, дәм және иіс сезу қабілеті күшті болуы керек.Тамақ өнімдерін және оның құрамын жақсы білуге.

Официант — мейманхана және дәмхананың қызметкері, оның міндетіне келушілерге қызмет көрсету жатады.Официант қонақтарды қарсы алады, тапсырымдар қабылдайды, тағамдар мен оның құрамдары туралы айтады, сусын тандауға көмектеседі, келушілердің алдында дастархан жаяды және олардан соң үстел жинайды, шот әкеледі және төлем ақысын алады.

Бүгінгі күні ас және мерекелік дастархан мәдениеті қайта өркендеуі байқалады, заман талабына сай келетін асхана ыдыс-аяқтары жетілдірілуде және жасалуда.Дастархан басында өзін-өзі ұстаудың классикалық ережесі қайрадан модаға енуде, тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету сапасынақойылатын талаптар артты.

Қызмет көрсету саласының қызметкері ретінде официантқа талаптар қойылады. Арнайы дайындықтан басқа официанттың денсаулығы мықты болуы керек, көру және есту қабілеті зор, төзімді, келбетті және өте жақсы реакциясы болуы қажет.

Официант еңбегінің ерекшелігі – күнделікті әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста болуы оның келушілермен тіл таба білу, яғни дипломат, актер және психолог болуын талап етеді. Тапқырлық, ерекше жағдайларда лезде жөн табу осы мамандықтың адамдарына тән болуы керек.

Офицант өзінің еңбегінің адамдарға қажеттігін және мамандығының қоғамдабағалануын жете түсіне білуі керек.

Ертеде «бар» (ағылшын тілінен аударғанда қоршау, бөгеу) алкогольді сусындарды сатушыны сатып алушылардан бөлетін орынды білдіргенАҚШ-та алғаш барлар пайда болған кезде сатушыларды сатып алушылардан ағаш кеспелері бөлген – өзгеше бөгеу, ол кейін әсем және жабдықталған бардық үстелге айналды, ал осы бардық үстелдің артында тұратын адам бармен деп аталды

Бармен ( сөзбе-сөз «бардық үстелдің арғы жағында тұратын адам») — түрлі сусындар мен коктейльдер дайындаумен айналысатын арнайы білімі бар қызметкер. Бүгінгі күні ол тек қана мамандық емес, түңгі клубтық өмірмен шұғылданатын жастардың белгілі бір имиджі және мәнері.

Бармен сусын дайындайды, кофе пісіреді. Барға келушілерге қызмет көрсетеді, олармен есеп айырысады. Тамақ өнімдерінің сапасын байқайды. Сатылатын өнімдер үшін материалдық жауап береді және құжаттар ресімдейді.