Тамақтан уланудың алдын алу

1.Санитарлық ереже. Тағамдық уланулар – бактериялық токсиндері бар және микроорганизмдер- мен залалданған заттарды қолдану нәтижесі. Олар жиі энтеротоксин шыға – рушы стафилакоктар және ішек таяқшасымен шақырылатын колиинфекциялар.Стафилококтар және ішек таяқшалары – терісінде іріңді зақымданулары бар адамдардан тағамдық заттарға жиі түседі. Стафилококпен зақымданған тағамдық заттар сыртынан исі және дәмі жағынан сапалы заттардан өзгешелігі жоқ, сондықтан энтеротоксинмен улану мүмкіншілігі өте жоғары. Микробтармен жиі сүт және сүт тағамдары торттар және пирожныйлар, ет, балық және көкөніс тағамдары зақымданады. Стафилококтар жоғарғы концентрациялы тұзға және қантқа төзімді. Олар қыздырғанда 80С градуста өледі, бірақ 100С градуста қайнатқанда 1,5 – 2 сағатқа дейін шыдайды. Энтеротоксин асқазанда бұзылмайды, қан арқылы сіңіп, бүкіл организмге таралады. Улану белгілері орташа 1,5 – 2 сағатта пайда болады.

Ботулизм – ботулотоксинмен улану. Олар көбінесе ет, балық және саңылауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботлотоксин ботулизм бактериясы – клостридийдің анаэробты жағдайдағы өнімі. Ботулотоксинмен улану жүйке жүйесінің зақымдануымен өтеді. Ботулотоксин қыздырғанда бұзылады, сонымен қатар қышқыл ортада түзілмейді, себебі клостридиялар қышқыл ортада өмір сүре алмайды, сондықтан маринадқа сірке қышқылын қосқанда ботулотоксинмен улану болмайды. Ботулизм уы өте күшті: оның 0,3 микрограмм.

Мөлшері адам өлімінің себебі болуы мүмкін. Ботулотоксин асқорту жолдарында бұзылмай қанға сіңіп бүкіл организмге тарайды. Жүйке – бұлшық еттер арасындағы ақпараттың өтуіне кедергі жасап, әртүрлі бұлшық еттер топтарында салдың (паралич) дамуына әкеліп соғады. Көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің параличі жұту мен тыныс бұзылуына әкеледі. Тыныс параличі өлімге әкеледі.Ботулотоксинмен улану балалар, картаң адамдар және науқастар үшін жиі сәтсіздікпен аяқталады.

Улану белгілері сапасыз тағамдарды пайдаланған соң 12 – 24 сағаттан кейін байқалады, кей жағдайда ол мерзім 2 – 5 тәулікке дейін созылады. Алғашқы белгілер: әлсіздік, бас ауруы, ауыздың құрғауы, көз алдының тұмандануы және заттардың көзге екеу болып көрінуімен сипатталады.

Алғашқы көмек жедел асқазанды 2 %бикарьонат натрий ертіндісімен жуып, іш жүргізетін 30г. Магний сульфат ертіндісін 0,5 л суға қосып одан кейін активтелген көмір ( 20 – 30 таблетка) беру керек.

2.Жеке бас гигиенасы.Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.

Демек, «сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс.

Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.

Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек.

Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады.