Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композитарлары

1920 ж. 26 тамызда ВЦЙК пен РСФСР халық комиссарлары кеңесінің автономиялық қырғыз (қазақ) социалистік советтік респибуликасын құру туралы тариха декрет шығаруы. Бұл құжат қазақ мемлекетінің туғандығн жариялайды. Ал 1991 ж. 16- желтоқсанда Қазақстан республикасы Тәуелсіз егеменді ел болды. Қазақ халқы өте ұзақ тар жол, тайғақ кешуді баынан өткізген халық. Солай болса да өзінің мәдениетін жоғалтпай ұрпақтан- ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы әнмен, жырмен жеткізген халық. Домбырамен, қос ішекті қобызбен, сыбызғымен, саз сырнаймен, қыл қобызбен, жетіген мен, шертермен т.б. музыкалық аспаптармен ән айтып күй шерткен әнші халық.

Ән халықтың жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп таратып отырады. Қазақ әндерінің жанрлық сипаты өте кең .

  1. Табиғат лирикасы.
  2. Жастық күйі.
  3. Махаббат лирикасы.
  4. Тұрмыс салт әндері.
  5. Туған жер әндері.
  6. Отан тақырыбындағы әндер.

Біз бұдан халық әнінің туу, өсу, қалыптасу тарихы тым әріде жатқанын байқауымызға болады. Ән өнері көпшіл синтездік өнер хор өнерінің негізін қалады. 1925 ж. Қызылорда қаласында көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде қазақ драма театры ұйымдастырылды. Кейін Алматы қаласы Астана болған кезде, Қызыорда театры Алатыға көшірі. Рсеейден қазақстанға көптеген музыкантар келе бастайды А .В. Затаевич, Е. Г Брусиловский т.б . Сол жылдары А. В. Затаевичтің “1000 песен Киргизского народа” ( Қырғыз халқының 1000 әндері жинағы шықты ), кейін “500 казакскихпесен и кюев ” (қазақ халқының 500әні мен күйі ) атты жинағы жарық көрді.Ән айтумен хор өнері дами бастады. 1934 ж. 7 қарашада Алматыда қазақ халқынның тұңғыш “Қыз — Жібек” операсы сахнаға шықты. Операжанрымен байланысты ән айтумен хор ө нері дамыды. Сол жылдары ән творчествосында жаңа жанр (көпшілік әндер) қалыптасты, жаңа мазмұнымен байланысты жаңа әндер туды. Мысалы: “Қарлығаш”, “Ақ көгершін”, “Су тасушы қыз”, “Отан”, “Гүлденген Қазақсиан”, “Шолпан”, “Туған жер” сияқты әндер.

Қазақ халқының профессионалдық хор өнеріне үлес қосқан композиторлар:

  1. Ахмет Жұбанов
  2. Евгений Брусиловский
  3. Латиф Хамиди
  4. Г.Потанин
  5. Сыдық Мұхамеджанов
  6. Мұқан Төлебаев
  7. Бақытжан Байқадамов
  8. Ғазиза Жұбанова
  9. Еркеғали Рахмадиев
  10. Мыңжасар Маңғытаев
  11. Құддыс Қожамяров

Композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап өңдеп, гармониялық, полифониялық құрылымда жазды. Республикалық хор капелласы ұйымдастырылды. Оған көп жылдар бойы А.Н.Молодов жетекшілік етті.А.Молодов Ғ.Ахметовамен бірлесіп қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін хорға лайықтап өңдеп жазды.

1976 жылы А.Молодов пен Ғ.Ахметовалардың құрастыруымен “Хорға арналған шығармалар” атты тұңғыш қазақ хорларының акапеллалар (сүйемелдеусіз) айтылатын әндер жинағы жарық көрді.