Сабақтың дидактикалық бөлімін жұмыстың толық бағытын меңгере отырып игеріп алу

  1. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактиткалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. Алдымен дидактикалық принцип тер жөнінде айтпас бұрын педагогика ғылымындағы дидактика туралы әңгіме етейік.

Дидактика- бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos— үйретуші, didaktikos— мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

Педагогика ғылымының даму тарихында дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж.ж.) өзінің “Великая дидактика” кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабан жүйесі туралы баяндаған. ХҮІІ ғасырда швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоци (1746-1827 ж.ж.) дамытып оқыту принциптерінің жэүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістері жүйесінің негізін жасады.

ХІХ ғасыр неміс педагогы Фридрих Вільгельм Адольф Дистервег (1790-1866 ж.ж.) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процес інде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктегіштік, жергілік, оқытушылардың дербес ерекшеліктерін, ескеру, жақыннан қашықтыққа, оңайдан күрделіге көшу т.б.

Ресейде орыс дидактикасының дамуына үлес қосқан педагог ғалым К.Д.Ушинський, ал Кеңес үкіметі кезінде осы педагогика саласының ілгерілеуіне алкен әсерін тигізген Н.К. Крупская, П.П. Болонский, С.Т. Шамкий еңбектері болды.

Педагогика ғылымының “Дидактика” саласына белгілі қазақ педагог-ғалымджары, азарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мәржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б. шығармашылықпен еңбектеніп, өз үлестерін қосты.

Соның ішінде қазақтың ұлттық педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері-бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Оқыту және тәрбие беру барысында осындай дидактикалық озық тәжірибелерді зерттеп, жинақтап, оларды педагогикалық өз іс-тәжірибесінде орынды пайдалана білу педагогикалық жетістіктің негізі, жетекшісі болатындығы сөзсіз.

Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі “негізгі”, “бастапқы”деген ұғымды білдіреді.

Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

Оқу барысында игерілетін әр тақырып, әр мәселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек, ол оқушылардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдық және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтанда оқыту әдістемесінің негізінде ғылымилық принцип орын алуы тиіс.

Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті-бейнеленуші табиғат көрінісінің немесе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлау дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқа да математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды. Мектептегі бейнелеу өнері оқушылардың Алдана бірнеше оқу міндеттерін қою қажет, ол оқушылардың қоршаған ортаны зерттеу арқылы танымдық көзқарасын, білімін тереңдетіп дамытады, өз бетімен ізденіске тәрбиелейді. Бұл міндеттер бейнелеу өнеріне оқытудың негіді болып табылып, ол оқушылар Алдана белгілі бір жүйемен, бірізділікпен қойылады.

Бейнелеудің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия және т.б. ұғымдарға бағытталады.

Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтық, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуі қадағаланады. Оқушылардың сурет салу мақамы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бей нені қағаз беті не орныластыру, кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылыми дәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайлылығын көркем қабылдау барысын ғылыми негізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистияков “Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады”,-деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын атап атйға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланып келеді.

Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиція жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ойланып бейнеленуіне мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, тек оны бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе жөнінде қосымша ізденіп білуге талаптандырады.

Мысалы, “Ғарышқа саяхат” тақырыбында сурет салу сабағында ғарыш әлемі, ғарыш денелерінің атаулары, олардың орналасуы жөнінде ғылыми дәлелді әңгімелер айталады. Ғарыш кемелері, олардың құрылысы жөнінде мәліметтер біріледі. Бұл мәліметтер оқушыларға танымдық білім беріп, өзденрінің тақырыптық композицияларын ойластырудағы ғылыми негіздерді пайдалануға көмектеседі.

Графикалық суреттер салуға қарағанда кескіндемелік жұмыстарға оқыту үлкен қиындықтар туғызатындығы бейнелеу әдістемесінен белгілі.

Мысалы, көк құмыра мен сары алмадан тұратын оқу натюрмортын бейнелеу сабағында оқушы гуашь бояуымен көк құмыраға сары алмадан түскен қызғылт-сары рефлекс түсіріп жалпы үйлесімді әдемі жұмыс шығаруы мүмкін. Мұғалім жұмысты қарап алғашқы пікір бойынша “өте жақсы” деген бағаға бағалауы да мүмкін. Бірақ ол жұмысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талап қарайтын болсақ, оқушы жұмысынан кемшіліктер табуна болады, өйткені ол жұмысты түстанудың береже-заңдылықтарын дұрыс сақтамай орындаған.

Түстану заңдылығы бойынша көк құмыраға сары алмадан түскен “шағылыс жарағы” (рефлекс) қызғылт сары емес,, жасыл түс болуы тиіс. Оқушы көк құмыраға қазғылт сары шағылыс жарығын тек көк гуашь бояуының өзіндік қасиетіне байланысты түсіру арқылы қол жеткізген, егер жұмыс акварель бояуымен орындалса, онда көк түстің үстіне жағылған қызғылт сары бояу кір түс шығарар еді.

Бұл жағдайда мұғалім оқушыларға түстану және қосымша түстану заңдылықтарын түсіндірмеген. Оқытудың ғылыми принциптілігін сақтай отырып, мұғалім оқушыларға бояулардың негізгі қасиеттерін, қосмымша түстер заңдылықтарын көрнекі кестелер арқылы көрсетіп түсіндіруі керек еді.

Өкінішке орай, кейбір жағдайда өнердегі ғылыми негізсіз, білімсіз яғни санасыз іс-әрекеттер қоршаған ортаны, заттарды шығармашылық тұрғыдан бейнелеу деп танылып бағаланады. Әрине оқушыларды соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тек заңдылықтарға ғана жүгіндіріп, олардың сезімдік әсерін шектеуге де болмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде оқушының сезімдік әсерімен ғылыми дәлелдерінің жігін үздіксіз ұштастыра білу мұғалімнен үлкен әдістемелік шеберлікті талап етеді.

Бейнелеудегі ғылыми дәлелсіз, ғылыми мәліметтерсіз тек сезімдік әсерге сүйену оқушылардың қоршаған орта жөніндегі жалған көзқарастарын қалыптастыруы мүмкін.

Осыған орай П.П. Ростовцев: “Заттар сезімінің арқасында пайда болмайды, сезім заттар арқылы пайда болады” деген болатын.

Бейнелеу өнерін ғылыми негізсіз оқыту оның басқа пәндермен қатынасын, байланысын ажырата түседі, яғни мектептегі оқыту мен тәрбие процесінің бірізділігін жояды.

Өнер туралы әңгіме сабағында белгілі классикалық бейнелеу өнерінің композициялық шешімін, түстік үйлесімін, тақырыптық мазмұнын өнертану ғылымының заңдылықтары бойынша талдау жүйесін түсіндіріп көрсетеді. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің әр кезіңіндегі кубизм, сюреализм, абстрактизм секілді ағымдар туралы түсінік беріліп, осы ағымдарда орындалған шығармашылық жұмыстардың философиялық мағынасын оқып қабылдауды үйретеді.

Ол оқушылырдың бейнелеу өнері туындыларын қандай ағымда орындалмасын оларды тек қызықтаушы ролінде емес, үлкен ғылыми қағидаларға негізделген көзқараспен арап қабылдауға тәрбиелейді, эстетикалық талғамдарын арттырады, философиялық дүниетанымын қалыптастырады.

Өнер тарихында белгілі орын алған П.Пикассо, С.Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері нақыштары мен әлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы компзициялық шешімі мен бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық сана, идеологоия, тарих) және ішкі (суретшінің философиялық дүниетанымы, шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттелурді әңгіме етуге болады.

Осы секілді Қазақстан бейнелеу өнеріндегі “қазақ сюрреализмін” дүниеге әкелушілердің бірі Е. Төлепбаевтың шығармалырындағы ұлттық психология және философиялық көріністерін ашып көрсетіп өнертану негіздерін меңгертеді.

Заттан қарап сурет салу сабақтарында оқушылар затты байқап, танып жазықтық беті не сыртқы бейнесін бейнелеп қана қоймай, оның қаңқасының құрылысын да зерттеп таниды. Мысалы, текшенің (куб) бейнесін жазықтық беті не бейнелеместен бұрын оқушы бір інші оның көлемін анық байқап, оның негізгі қырларын және сол қырлар құрап тұрған жазықтық беттердің кеңістікте орна ласу бағытын дұрыс арап жалпы текшенің сызықтық құрылысын елестетіп, тек содан кейін ғана жазықтық беті не көмекші сызықтар арқылы бейнелей бастайды.

Мұғалім осылай тек шені сыныпқа көрсетіп, оның құрылысымен танысып, зерттеге мүмкіндік жасаған соң оны бейнелеуді тапсырса, онда оқушылар өз мүмкіндігінше жазыықтық бетінде текшенің көлемін көрсетіп бейнелеп шығады.

Ал егер оқушыларға ешқашан көрмеген нәрсені бейнелеу тапсырылса, онда оқушылардың көпшілігі зат бейнесін жазықтық бетінде дұрыс көрсете алмайды. Өйткені олардың санасында көрмеген затқа байланысты образдық елесті құрастыру қиынға түседі. Кез келген зат бейнесін жазықтық беті не дұрыс түсіру үшін, алдымен бейнелеуші сол заттың құрылысы, көлемі, қоршаған ортадағы орны, дүниетанымдық мәні жөнінде білікті болуы қажет екендігін айтуға болады. Бейнеленуші зат жөніндегі біліктілік оқушының сол затты жазықтық беті не бейнелеуді саналы түрде ойланып, заттың сыртқы бейнесін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысын да елестете сезінуіне мүмкіндік жасайды. Осыған орай Микеланджело “Суретші қолмен емес, бас пен салады” деген болатын

Сонымен, адам баласы бейнелеу арқылы қоршаған әлемді таниды және оны зерттейді. Қоршаған орта шындығын тану, қабылдау ғылымға және өнерге негізделуі қажет.

Бейнелеуге мектепке дейінгі және төменгі сыныптар оқушылары үнемі үлкен құлшыныспен, ынтамен танысып, ал сынып сатысы жоғарылаған сайын бейнелеуге ынталы балалардың қатары біртіндеп азая бастайтындығы белгілі. Бұл жағдайдың себебі сабақта оқушылардың алдына сыныптар сатысы жоғарылаған сайын ұсыналатын оқу материалдарының ғылыми дүниетанымдық негізсіз берілуі.

  1. Бейнелеу заңдылықтары (композиция, перспектива, түстану, пропорція т.б.) байланысты, жалпы дүниетанымдық мәселелерге байланысты материалдардың ғылыми деректерсіз берілуі оқушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан оқушылардың сынып сатысы жоғарылаған сайын берілетін білім қоры мен оның сапасы оқушылардың рухани сұранысын, қанағаттандыратын, қызығушылықтарын оятатын ғылыми жаңалықтарға негізделген мәліметтер болу тиіс. Мысалы, сәндік суреткөркем құрастыру сабақтарында бастауыш сынып оқушыларды ою-өрнектердің атауларымен танысып, олардың қарапайым түрлерінен композиция құрастырумен шектелсе, жоғары сыныптарда ою-өрнектердің этнографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған ғылыми деректермен танысады. Әр өрнектік атауы, нышандық белгісі халықтың ғасырлай бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, философиялық дүниетанымына, салт-дәстүріне байланысты пайда болғандығы жөнінде мәлімет алады. Ою-өрнектердің географиялық аймақтарға байланысты өзіндік ерекшеліктері болатындығы тцралы, олардың композициялық жүйесінен белгілі бір хабарды, әлеуметтік жағдайды тануына болатындығы жөнінде мәліметтер беріледі.

Ұлттық ою-өрнектердің мән-мағынасы туралы білім оқушылардың композициялық сәндік суреттерін саналы түрде ойластырып құрастыруына және ұлттық сәндік қолөнер шығармаларын оқып талдай білуіне мүмкіндік жасайды.

Көркем құрастыру сабақтарында әртүрлі материалдарды өңдеу кезін, сол материалдардың физикалық қасиеттері мен өндірілуі немесе васалу жолдары туралы мәлімет оқушылардың материалтану білімдерін қалыптастырады және ол мәліметтер материалдарды құрастыру, көркемдеу, өңдеу жұмыстарындақолданылады. Материалдардың қасиетін ғылыми негізде білу сол материалдармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін, құрал-саймандарды таңдап алуға және материалдардың көркем жасауға мүмкіндігін анықтауға жағдай жасайды. Осындай жұмыстар барысында оқушылардың алдына белгілі бір мәселе қойып, сол мәселені зерттеп, тәжірибе жасау арқылы шешу тапсырылады. Зерттеу, тәжірибе жасау барысында оқушылар алдыңғы сабақтарда материалдардың қасиеттері жөнінде алған ғылыми негіздерге оралады.

Сөйтіп педагогика ғымында көрсеткендей ғылыми білім беру-жеке адамның дүниетанымын қалыптастырып, дамытудың тегі. Міне, осыныңі нәтижесінде әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.

Бұл оқу тәрбие жұмысындағы ең көп қолданылатын және ең көне дәкірден келе жатқан принциптердің бірі болып саналады. Ол адамның қоршаған ортада болып жатқан іс-қимылды, заттарды көру арқылы сезініп, ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытынды жасау қасиетіне негізделеді.

Педагогика ғылымында көрнекілік принципін алған болып зерттеп, осы салака қомақты үлес қосқан педагог ғалымдар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинскийлерді атауға болады. К.Д.Ушинський көрнекілік принципі жайындағы ілімді жетілдіре келіп, “көрнекілік-балалардың психологиялық ерекшіліктеріне жауап береді, балалар заттың піші ні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды”,-дейді.

Көрнекілік принципінің оқу материалдарын, соның ішінде теориялық береже, заңдылықтарды терең түсінуіне, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.

Тақырыпқа байланысты әртүрлі көрнекіліктер пайдаланудың нәтижесінде сабақ оқушыларға әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Көрнекілік дерексіз (абстрактылы) ұғымды шынапйы қабылдап игеруге әсер етеді. Мысалы, перспектива заңдылықтарын кесте сызбалары арқылы және оны суретшілер шығармаларынан көрсету арқылы түсіндіру жақсы нәтиже береді.

Бейнелеу өнеріндегі заттан арап бейнелеу көрнекілік оқытудың бір түрі болып табылады. Заттан қарап бейнелеу барысында оқушылар бейнелеуші заттарды, құбылыстарды тікелей көрнекі байқап эмоциональды қабылдап сезінеунен басталады. Сондықтан да бейнелеуге қойылған заттардың көлемі, түсі, орналасуы оқушылардың көңілін аударатындай болуы керек.

Бейнелеуге қойылатын заттардың көлемі, түсі, орналасуы тартымды болумен қатар олардың бір-бірімен мазмұндық үйлесімдігі де болуы маңызды. Мұғалім сыныпта бейнеленетін заттарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алады және оны қай жерге (көз деңгейінен жоғарны немесе төмен) орналастыратындығын, қандай жарық көзін (жасанды, табиғи) пайдаланатындығын терең ойластырады, өйткені бейнелеуге қойылатын заттардың орна ласу деңгейі, жарықтану жағдайы сабақтың мақсатына байланысты болады.

Көрнекілік болмысы (натура) байқау мен зерттеуге тығыз байланысты, өйткені ол заттар және құбылыстары жөніндегі дұрыс пікірдің қалыптасуына ықпал жасайды, яғни ол бей нені жазықтың беті не сапалы орналастыруға әсер етеді. Негізінен көрнекілікті оқытудың алғашқы сатысында пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, оқушыларға перспектива заңдылықтарын алғаш таныстырғанда мұғалім бір інші көкжиек сызығы бейнелеушінің көз деңгейінің тұсында болатындығын және көздеңгейінің жоғары немесе төмен өзгеруіне байланысты көкжиек сызығы да өзгеретіндігі жөнінде ауызша баяндаған соң оны көрнекі көрсеткен жөн. Мысалы, оқушылар терезеге арап түрегеліп, содан соң байта отырады, сонда олар терезе ойығының арғы жағындағы көріністең өздерімен бірге жоғарылап немесе төмендеп қозғалатындығын байқайды. Оқушылар көкжиек сызығы туралы түсінік алған соң, кеңістіктегі заттар сол көкжиек сызығы бойынан белгіленетін түйіндесу нүктесіне қарай барған сайын кішірейіп кететіндігін көшенің немесе электр бағаналары жағалай орнатылған темір жол желісі бейнеленген иллюстрациядан көрсетіледі. Осында сонфмен қатар шаршының, шеңбердің кеңістікте оналасуына байланысты перспективалық өзгерістерге түсетіндігін көрнекі көрсетеді.

Перспектива заңдылықтарын көрнекіліктен көрсеткенде алдымен оған оқушылардың көңілін жалпылама аударып ондағы кеңістіктің, заттардың шынайы болып көрініп тұрғандығы айтылады. Содан соң осы кеңістік шынайлылығын беріп тұрған перспективаның негізгі заңдылықтарымен жеке-жеке таныстыра бастайды.

  1. Нәрселердің өлшемі бейнелеушінң көзінен қашықтаған сайын, біртіндеп кішірейе береді. Оқушылардың көңілін көрнекіліктегі теректер, электр бағаналары, жол, үйлердің бейнелеушіне жақын орналасқан бейнелеріне қарағанда қашық орналасқан бейнелердің кіші болатындығына аударады.
  2. Суреттегі бейнеленген нәрселердің барлығы көкжиек бойындағы бір нүктеге қарай бағытталып кішірейеді. (оқушылардың көңілін көрнекіліктегі жол бейнесіне аудару). Ол бейнелердің сызықтары бір нүктеде түйіседі, сондықтан да оны перспектива заңдылығында “түйіндесу нүктесі” деп. атайды. Түйіндесу нүктесі сурет салушының алдындағы көру бағытында болады, сондықтан да ол үнемі көкжиек сызығының бойында оналасқан.
  3. осындай бейнелеуде перспективалық заңдылықтарды дұрыс пайдалану жұмыста шынайлық кеңістікті көрсетуге мүмкіндік жасайтындығын жалпы көрнекіліктегі бейнеден көрсетеді.
  4. сонымен көрнекілікті пайдалануда алдымен оны жалпылама, содан соң жекелеп көрсетіп, соңында қайтадан жалпылама көрсеткен жөн. Көрнекілікті осындай жүйемен пайдалану мұғалім мен оқушының арасындағы жұмыстың мәнісін ашады, жүйелендіреді, онда:

-Көрнекіліктен қандай мәселені қарастырамыз?

  • Мәселені меңгерудің қандай жолдары бар?
  • Мәселені меңгеру нәтижесі не береді? – деген сұрақтар жүйесін қарауға болады.

Сабақта қарастырылатын барлық береже заңдылықтар көрнекіліктер арпқылы берілуі қажет, өйткені естумен қатар затты немесе құбылысты көзбен көріп сезіну адамның санасында берік сақталуы мүмкіндік жасайды. Өйткені адам сыртқы дүние туралы мәліметтердің басым бөлігін көзбен көру арқылы игереді, ондағы қоршаған заттарды, тірі немесе өлі денелер бейнесін, графика немесе бояу арқылы әртүрлі көркем шығармаларды, әріпті, сандарды көру арқылы түйсініп, қабылдап есінде сақтайды.

Заттан қарап бейнелеу сабағында геометриялық денелердің бейнесін жазықтың беті не дұрыс орналастыру үшін, олардың кеңістіктегі көлемінің құрылысын жақсы білу қажет. Ол геометриялық денелердің құрылысын танып талдауды жеңілдету үшін бейнелеу өнері әдістемесінің даму тарихынан белгілі француз суретші-педагогтары ағайынды Александр мен Фердинанд Дюприлердің сым темірден үлгілер жасау әдісін қолдануға болады. Геометриялық денелердің сым темірден жасалған үлгілері арқылы олардың бейнелеушіге көрінбейтін жақтарын, қырларын көтсетіп, құрылысы жөнінде толық мәлімет беруге болады.

Сонымен, бейнелеу өнері пәнінде қолданылатын көрнекілік түрлерін мынадай топтарға бөліп көрсетуге болады:

  1. Табиғи көрнекіліктерге келтірілген түрлі өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұрлыбы т.б. жатады.
  2. Заттар және бейнелеу көрнекіліктері: муляж, гипстен немесе қағаздан жасалған геометриялық денелер, үлгілер (макет), педагогикалық суреттер, бейнелеу кезеңдері көрсетілген иллюстрациялар, Мусін түрлерінің үлгілері т.б.
  3. Символикалық көрнекіліктер: сызбалар, технологиялық картала, диаграммалар, мысалы түстануға бацланысты кестелер т.б.
  4. Экранды жылжымалы көрнекіліктер: диапозитивтер, диафильмдер, эпипр
  5. Проекциялар, оқу киносы, оқу бейнетаспалар, компьютерлер.
  6. Дыбыстық көрнекіліктер: грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыкалық аспаптар, радио қабылдағыштар.

Бұл жоғарыда көрсетілген көрнекіліктер оқу материалдарына, жоспарына, мақсатына байланысты таңдап алынады. Көрнекілік Турін таңдау мен оны пайдалана білу мұғалімнің әдістемелік біліктілігін талап етеді. Мысалы, бір сабақта өте көп көрнекілік пайдаланудың да сабақ сапасына кері әсер туі мүмкін, бір мәселе төңірегінде бірнеше көрнкілік пайдалану оқушылардың мәселені жүйелі қабылдауын бұзып, зейінін, ойын сан-салаға шышыратып жіберуі мүмкін.

Кейбір жағдайда мұғалім сабақтың әр кезінде пайдаланытын көрнекіліктің барлығын бірден сабақтың басында іліп қояды. Әрине бұл да әдістемелік үлкен кемшілік болып табылады, өйткені оқушгылар сабақтың әлі жетпеген кезеңіне байланысты көрнекіліктерді қызықтап ойлары бөлініп алаңдауы мүмкін. Көрнекілікті сабақтың өз кезеңінде оқушылар назарына ұсыну, олардың жейінін сабаққа жүйелі түрде аударуға мүмкіндік жасайды.

Мұғалім баланың елгезектік сезімін білім беру құралы ретінде үнемі пайдаланғаны жөн, өйткені балалар соның ішіндегі төменгі сыныптар сатысындағы балалар жаңалықты естіп тыңдаумен қатар көріп, Остап сезінуге құштар болары сөзсіз. Сондықтан да осыған орай Я.А.Коменский көрнекілік принципін “дидактиканың алтын ережесі” деп. көрсеткен болатын.

Түстану сабақтарында бояулардың реңі (тон) жөнінде тек ауызша түсінік беру өте қиын, сондықтанда ұзынша қағазды бірдей бөліктерге бөліп, қабаттап бүктер пайда болған иректің (ширма) әр бөлігін бірдей түспен бояп, оған белгілі бір бұрыш жасап, бір жағынан жарық түсіреді. Осы тәжірибе нәтижесінде бір түстің жарық көзінен алыстаған сайын реңін өзгертетіндігін байқауға болады. Тағы да зат түсінің реңі оның қандай фонда орналасқандығына байланысты да өзгеретіндігін көрсетуге болады, ол үшін затты бір інші қараңғы фонға, екінші ашық фонға қойып, заттың бояу реңінің өзгеріске түсетінгінін көрсетіп әңгімелейді.

Қазіргі кезде мектеб оқу базасы көмекші көрнекіліктермен, соның ішінде бейнелеу өнер пәнін оқыту үшін ауадай қажет болып отырған гипстен жасалған, геометриялық денелер, құмыралар, бедерлі (рельефтік) тақталар, оқу әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етіле бермейтіні құпия емес, сондықтан көп жағдайда мектеб мұғалімдері көрнекіліктерді өз күштерімен дайындайды, немесе кей жағдайда тіпті көрнекіліксіз сабан өткізеді. Әрине сабақты көрнкекіліксіз өткізу сабақтың сапасын төмендетіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады.

Кейбір мұғалімдер көрнекілік дайындауда үлкен ізденімпаздық, тапқырлық танытады, ал кейбір мұғалімдердің дайындаған көрнекіліктері талапқа сай болмай жатады. Сондықтан сабақта пайдаланалатын әдістемелік көрнекілік даярлауда мұғалім мыналарды ескеруді қажет:

  • көрнекілік сабақтың тақырыбына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;
  • оқушыға берілетін тапсырманың міндетті мөлшері анық көрсетілуі керек;
  • кестедегі әр кезеңнің бірізділігі (жалпыдан жекеге) сақталуы керек; (кей жағдайда әр кезеңнің тұсына анықтама жазылады);
  • кестедегі сызықтар анық әрі таза болуы керек;
  • кестенің жоғарғы бөлігінде бейнеленген береже, заңдылықтың атауы жазылуы керек (жазу сәндік ирек әріптермен емес, қарапайым түсінікті әріптермен анық жазылады).
  • Көрнекілік оқытудың ерекше әсерлі бір тәсілі, ол сабан барысында мұғалімнің орындайтын педагогикалық суреттері. Мұғалім тақтада бейненің тұрғызу кезеңдерін көрсеткенде оқушылар оқу материалдармен танысып қана қоймай, сонымен қатар суретті орындау техникасын да меңгереді.
  • Оқушылардың көз алдынма мұғалім графика немесе кескіндеме тәсілімен жазықтық беті не зат бейнесін тұрғызу, зат көлемін штрих немесе бояп шығару ерекше әсерлі болады, оқушыларды қызықтарыды. Бірақ бұл жұмыс тек мұғалімнің өз шеберлігін көрсету ғана болып қалмауы керек, ол жаңа материалды әңгімелеп түсіндірумен жекеленіп орындалуы тиіс. Яғни мұғалімнің әңгімесінен педагогикалық сурет қосымша толықтыру ретінде орындалады. Педагогикалық суретке мұғалімнің тақтаға бармен орындаған суреттері, тақтаға ілінген қағаз беті не әртүрлі бояулармен орындалған суреттері, оқушы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалған суреттері жатады.

Педагогикалық сурет мынадай мазмұнға негізделеді:

  • жаңа сабақты түсірдіру барысындағы ауызша түсіндірулердің жекеленген кезеңдерін илюстрациялау;
  • бейненің жазықтық беті не тұрғызудың әдістемелік ретін көрсету;
  • бейнелеу кезеңінің бір сатысын қайталау ретінде көрсету;
  • бейнелейтін нәрселердің конструкти втік құрылымын көрсету;
  • бейненің композициялық шешімін табу жолдарын көрсету;
  • жұмыстың техникалық әдіс-тәсілдерін көрсету;
  • бейнелеу және көркем құрастыруда қолданылатын материалдардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету;
  • сабақ тақырыбына байланысты бейнеленген жұмыстардағы жіберілген қателіктерді көрнекі талдап, бейнелеп көрсету;
  • нақты бір тақырып бойынша бейнелеу ерекшеліктерін көрсету.

Қандай мақсатта болмасын мұғалімнің орындаған педагогикалық суреті дидактикалық талаптарға сай, мазмұны түсінікті, сабан материалына байланысты болуы тиіс.

Педагогикалық суретті орындауға бор (түрлі түсті, сангина, соз постел және түрлі түсті бояулар, сонымен қатар қысқа мерзімді суреттер (наброскілер) орындау үшін қылқалам, туш, акварель, гуаш, пламастер пайдалануға болады. Педагогикалық суреттің ерекшелігі мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапйым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалық сурет сабақтың көп уақытын алып кет пес үшін, оған бөлінетін уақыт 1-2 минуттан аспағаны жөн. Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс Істру үшін, педагогикалық маман алушы студент тер көп жаттығулар жасау тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарының әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс. Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушұы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған 1-2 оқушы байқалады, барлық сыныпта алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қетелік жіберіп отырған оқушының жұмыс альбомының бір бұрышынан қателіктің себебін және оны болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындауын ескеру ін қажет. Қандай жағдайда да мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерін нұсқаушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілген жұмыс заттың көлемі мен графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім Алдан Ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білу қажет. Жалпы білім берітін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әртүрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.

Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармалырының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мәні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының қарапайым қарындашты, тушты пайдаланып ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді. Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуаштың, көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуга суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны шығармашылық жұмысында басшылыққа алады.

Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемиешілер шығармаларын көрнекті пайдалану көбінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Бұл сабан барысында шығармалар, диафильмдер, диапозитивтер, эпирорректорлар арқылы көрсетілсе сабан нәтижелі болады.

Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі-ол бейне таспаға жазылған оқу киносы. Оқу киносын бейнелеу өнерін оқыту кеңінен пайдалануға болады, онда бей нені жазықтық бетінде тұрғызудың әдістеменлік кезеңдерін, қарандашпен, қылқаламмен жұмыс Істру тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы әрбір іс-қимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағанда тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқияат бақылап қарауға ал керіснше ұзақ мерзімді бинелеу барысын шапшандатылған екпінімен қысқартып қарауға болады

Қазіргі кездегі білім беруі жүйесіндегі реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологияармен жабықталыу барысында екенін белгілі Сондықтан да бейнелеу өнері оқытуда электрондықәдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор. Компьютерлік технологияны түстануды, композицияны түстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады.

Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстық көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалық әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің, поэзиялық шығармалардың әсері зор. Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоционалдық қатынасын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді мегеру белсенділігін арттырады.

Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен беелсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратын қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал саналы белсенділік құр айкай-шу болып саналады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасына мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде сылғырттық танытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады.

Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репредукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: “Қолөнер бұйымдары не сімен тартымды?” Бұл сұраққа оқушылыр бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай арап жауап іздейді. Ал “бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген” деген сұраққа оқушвлар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды. Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылды. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнеленген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек.Өз бетімен жұмыс жаңа білімді,іскерлік дағдыны бекітіп,дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс:заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады.Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшеліктеріне баййланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенім молайту, ар – намысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтану кезінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мпұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші ролінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлестікте, кемшіліктің жіберілу сабептерін анықтап оны бірігіп түзету міселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.

Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілікті байқаған мұғалім оқушының жанына келіп “Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып юбара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші” деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай паралель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сбақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландрады.

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді:

  • оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылығын айқын түсіндіру;
  • оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу жне жеке зерттеуге мүмкіндік жасау;
  • бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдар мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты пайдалану;
  • мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескерту;
  • бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету;
  • сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.

Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы-ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерліке дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен тығыз байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыста нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: “бүгінгі мен кешегін бекітіп, ертеңгіге созыла жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс” деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол-өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалдарына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әртүрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігн бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір – бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақты кейбір кезеңдерін жеке – дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке — дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігігі мен бірізділігі бұзылады.