Бейнелеу өнері сабақтарын талдау

Мектепте сабақтың дидактикалық талаптары Сабақтың міндеттері білім, даму, тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.

  1. Сабақтың дидактикалық мақсаттарының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты діл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз- жаңа білімді мегеру /бейнелеу өнерінің түрлері, құралдары мен материалдары т.б./, іскерліктің, дағдының қалыптасуы /заттан арап сурет салу, мүсіндеу, тақырып бойынша сурет салу, сәндеу көркем құрастыру/, тәрбие мақсаты-жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру /белсенділік, ұқыптылық, жауапкершілік, ұстанымдылық т.б./
  2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлгігіне оқу материалын таңдап алу.
  3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып тәрбиелеудің мәні-тұлғаның өмірге, блімге қатынасын, қабілетін,адамгершілік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту барысында шешу мұғалім мен оқушылардың іздені іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты.
  4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
  5. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе компьютерлерді, бағдарламалап оқыту материалдарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту барысын басқаруды жетілдіреді.
  6. Оқушылардың білімді терең ұғыну, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, байқағыштығын, ынтасын, қызығушылығын үнемі бақылап есепке алу.
  7. Сабаққа бөлінген уақытты тиімді және нәтижелі пайдалану. Сабаққа бөлінген уақытты үнемді пайдалану үшін мұғалім сабан жоспарының жазбасын да, сабақ барысының кезеңдеріне бөлінетін уақытты да көрсеткен жөн. Ол бөлінетін уақыт сабан мазмұнының күрделігіне байланысты анықталады.

Мысалы тақырыптық бейнелеу сабағының кезеңдеріне уақыт бөлудің үлгісін көрсетейік:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут.
  2. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 минут.
  3. Жаңа сабақты түсіндіру 5-7 минут.
  4. Машықтық жұмыс 25-30 минут.
  5. Қорытынды және үйге тапсырма 3-5 минут.

Өнер туралы әңгіме сабағы үшін:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут.
  2. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 минут.
  3. Жаңа сабақты түсіндіру 25-30 минут.
  4. Қорытынды және үйге тапсырма 5-7 минут.

Енді жоғарыда көрсетілген дидиктакалық талаптарға сүйеніп жоспарланатын сабақтың құрылысына тоқталайық.

2.Сабақтың жазба жоспарының үлгісі

Сабақтың оқу, тәрбие мақсат-міндеттерінің нәтижелі болуы үлкен әдістемелік шеберлікпен құрылған сабан жоспарына байланысты. Сабан жоспарының жазбасы жоғарыда айтылған талаптар мен келесі көрсетілетін сабан құрылысына сай болуы керек. Ол мынадай бөлімдерді құрайды:

І. Сабақтың тақырыбы;

ІІ. Сабақтың мақсаты: 1/білімділік 2/тәрбиелік 3/дамытушылық

ІІІ. Сабақтың түрі

ІҮ Сабақтың әдісі

Ү Сабақтық көрнекілігі.

ҮІ Сабақтың барысы: 1/ұйымдастыру кезеңі 2/үй тапсырмасын тексеру

3/ Жаңа сабақ

4/ Машықтық жұмыс /өздік жұмыс/

5/ Қорытынды және үй тапсырмасы

Енді осы көрсетілген сабақтың құрылысын және оны сабан жоспарының жазбасында пайдалану жөнін қарастырайық.

  1. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырып бойынша алынады. Мысалы: Заттан қарап бейнелеу-ұлттық натюрморт, тақырыптық бейнелеу бойынша – “Ғарышқа саяхат”, сәндік сурет және көркем құрастыру бойынша – “Анамызға сыйлық жасаймыз”, өнер туралы әңгіме сабағы бойынша-“Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысайық” т.б.
  2. Сабақтың мақсаты негізгі үш: білімділік және дамытушылық мақсаттар негізінде қойылады. Бұл мақсаттардың мазмұны сабақтың тақырыбына байланысты болып келеді. Мысалы: Жоғарыда көрсетілген затқа қарап бейнелеуге байланысты “Ұлттық натюрморт” тақырыбын қарастырсақ, бұл сабақтағы білімділік мақсат— бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанры жөнінде түсінік беру, ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқтар туралы мәлімет беру, натюрморт бейнелеу ереже заңдылықтарын үйрету.

Тәрбиелік мақсаты-өнертанушылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты ой-өрісін бейнелеудегі іскерлік дағдысын, өнер шығармасына деген эстетикалық талғамын дамыту.

“Анамызға сыйлық жасаймыз”тақырыбындағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы. Білімділік мақсаты: оқушыларға дизайн өнері туралы түсінік беру, қағаз, қатырма қағаздармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ата-анасын сыйлауға, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың дизайн жасаудағы шығармашылығын, іскерлік икемділігін, ой-өрісін дамыту болып табылады.

  1. Сабақтың түрі. Сабақтың түрі сабақтың тақырыбына байланысты анықталады, сонымен қатар, сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің әдістемелік шешіміне байланысты.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнында тақырыптарға байланысты: заттан арап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме сабақтарының түрлері қарастырылады, сонымен қатар сабақты жоспарлау әдістемесіне байланысты; ар алас сабан, біріккен сабан, кіріккен сабан т.б. Мұғалім сабақты жоспарлауда оқушылар қызығушылығын арттыру, материалды жеңіл меңгерту мақсатында дәстүрден тыс сабақ түрлерін де жоспарлайды: ойын сабақ, саяхат сабақ т.б.

4.Сабақтың әдісі-сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты таңдап алынады, олар: ауызша /түсіндіру, әңгіме, пікірлесу, сұрақ-жауап/, /көрнекілік/ суретшілер шығармаларының репродукциялары, технологиялық сызба, диафильмдер т.б. /тәжірибелік/ жаттығу, байқау, тәжірибе, құрастыру, бейнелеу /репродуктивті/ білімді қайталау, кеңес беру, сұрақ қою т.б./ проблемалық мәселе қою /бағдарламалық/ жұмыс кезеңдерін бірізді жоспарлау/ т.б.

Сабақты оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап Ала білуге байланысты. Педагогикада оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайдалануға таңдап алуда мынадай талаптарға сүйену керектігін айтады:

  1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.
  2. Әдістердің дидиктикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
  3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.
  4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне /жас және дербес ерекшеліктеріне/ сәйкестігі.
  5. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіндіктеріне сәйкестігі /тәжірибесі, білімді қабілеті, жалпы білімдарлығы т.б./.
  6. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық қорына сәйкестігі.
  7. Әдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкестігі /төңіректегі өндіріс обьектілері/.

5.Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс Істру береже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда көрнекіліктердің ролі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т.б. Көлемді көрнекіліктерге бейнелеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.

Экрандық бейнелі көрнекіліктерге диафильм, кинофильм, компьютермен көрсетілетін бейнелер жатады. Сабақ жоспарында сол сабақта көрсетілетін көрнекіліктер тізімі жазылып көрсетелетін көрнекіліктер тізімі жазылып көрсетіледі.

6.Сабақты ұйымдастыру. Оған сынып оқушыларын тәртіпке келтіру, сабақта жоқ оқушыларды есепке алу, құрал-жабдықтарының дайындығына шолу жасау кіреді.

Сабақ барысында қажетті жабдықтар, көрнекіліктер, оқушылардың жұмыс орындары алдын ала әзірленіп қойылуы қажет. Тақтаға ілінетін немесе бейнелеуге қойылатын көлемді көрнекіліктер талапқа сай орындарға қойылады. Бұл жұмысқа сынып кезекшілері қатыстырылады. Сабақта көрсетілетін суретгшілер шығармаларының репродукциялары тақтаға алдын ала ілінбегені жөн, ерте ілінген көрнекіліктер оқушылардың көңілін алаңдатады.

7.Үй тапсырмасын тексеру. Егер үйге белгілі бір машықтық тапсырма орындау тапсырылғаны болса, онда оқушылардан жұмыс дәптерлерін немесе сурет альбомдарын алдарына ашып қою сұралады, мұғалім сыныпты аралап жақсы және кейбір кемшіліктермен орындалған жұмыстарды жинап алып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін салыстыра отырып сынып оқушылардың өздерін қатыстырғаны жөн. Жұмыстар бағасы сынып журнальна түсіріледі.

8.Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып оның қысқаша мақсат міндетін түсіндіреді. Тақырыпты пайдаланып оқушыларға танымдық білім беру мақсатында қысқаша кіріспе әңгіме өткізеді. Жаңа тапсырманы орындау ережелерін кесте, сұлба арқылы көрсетіп немесе тақтада иллюстрациялап түсіндіреді. Бейнелеуші нәрсенің көлеміне талдау жасап бейенелеу кезеңдерінің бір ізділігін көрсетеді. Жаңа материалдың игерілуіне көз жеткізу үшін мұғалім сыныпқа сұрақтар қойып отырғаны жөн. Жаңа сабан тақырыбына байланысты белгілі суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлерінің шығармаларының репродукциялары көрсетіліп, талдау жасап таныстырады. Репродукцияларды көрсетуде эпипроектор, эпидаскоп, компьютер т.б. техникалық құралдарды пайдалану сабақтың сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятады.

Суретшілер шығармаларын таныстыруда мұғалім тек өзі баяндамай, оқушылардың шығарма туралы пікірлерін тыңдап ортаға салғаны жөн, ол оқушылардың сөздік қорын, өз пікірін баяндай білу дағдысын қалыптастырады, өнер туындысын тану, бағалай білу қабілетін дамытады.

9.Машықтық жұмыс. Жаңа сабақ материалын түсіндіріп болған соң оқушылар өз бетімен машықтық жұмыс орындауға кіріседі. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап оқушылардыі іс-әрекетін қадағалайды, қажет болған жағдайда кейбір оқушыларға ескертулер жасап немесе қосымша түсіндіріп, кей жағдайда өзі оқушы жұмысына түзетулер жасайды.

Бастауыш сынып оқушылары көбінесе қосымша ескертпелерге, тусиндірулерге карамастан бейнені кағаз бетіне өте кишкентай етіп немесе бейнені кағаздың бір жағына карай ығыстырып орындайды. Осындай жағдайда мұғалім талапқа сай орындап отырған оқушының жұмысы мен қате орындала бастаған жұмысты сыныпқа көрсетіп, екі жұмысты бір-бірімен салыстыра отырып жетістік пен кемшіліктерді көрсетеді. Бұл салыстырмаға оқушылардың өздерін қатыстырған жөн. Осындай салыстырма көрсетулерден кейін оқушылар өз жұмыстарындағы кемшіліктерін іздеп түзетеді.

Мұғалім сыныпты ара лап қадағалау барысында оқушылардың жұмысты орындаудағы көп жіберіліп отырған қателіктерді саралап, сол қателіктерді жасамау жолдарын таңтада иллюстрациялап көрсетеді. Сонымен қатар мұғалім сынып оқушыларының әрбіреуінің жекелеген мүмкіндіктерін ескеруі қажет, олардың ішінде бейнелеуге мейлінше бейімді немесе кейбір оқушылардың бейнелеу іскерлігі төмен болып келеді. Сондықтан да сыныппен жұмыс кезінде мұғалім соңғыларымен көбірек қосымша жұмыстанады, психологиялық көмек көрсетеді, яғни баланың сурет салудағы өзіне сенімсіздігін жою үшін оның жұмысындағы кейбір кішкене жетістіктерін мадақтап көтермелейді. Мұғалімнің машықтық жұмыс кезіндегі осындай іс-әрекеті сынып оқушыларының жұмысты теніс үлгеріп аяқтауларына мүмкіндік жасайды.

10.Қорытынды және үйге тапсырма. Сабақтың бұл кезеңінде қысқаша сұрақтар немесе дидактикалық ойындар арқылы жаңі білімнің меңгерілу деңгейі тексеріледі. Оқушылардың аяқталған жұмыстарынан тақтада шағын көрме ұйымдастырылады. Онда жақсы орындалған жұмыстардың жетістіктері мадақталып, нашар орындалған жұмыстардың кемшіліктері көрсетіледі. Мұғалім осы жұмысты өткізу кезінде әр оқушының жеке басына құрметті көзқарасты әрдайым ұстануы керек. Әсіресе 1-2 сынып оқушыларымен жұмыс кезінде осы психологиялық мәселеге мұқият көңіл бөлгені жөн.

Көрме нәтижесінде кейбір оқушылардың бағасы сыныпқа жарияланып, қалған оқушылардың жұмыстары синап алынып сабақтан тыс уақытта тексеріліп бағасы есепке алынады.

Үйге тапсырма жаңа сабан тақырыбына сәйкес жоспар бойынша беріледі немесе кей жағдайда қосымша жұмыс дәптерімен жұмыс істеу тапсырылады. Мұғалім үй тапсырмасы жөнінде мағлұмат береді, берілген тапсырма оқушыларға түсінікті болуы тиіс. Сынып бөлмесі жинастырылады, егер акварель, гуаш бояуларымен жұмыс істелген болса, оқушының жұмыс стелі шүберекпен сүртіліп тазартылады.