Ресейде сурет салуға оқыту әдіс тәсілдері және оның 17-18 ғасырлардағы сурет Академиясындағы әдістердің болашақта өркендеп дамуы

Веницианова,Аргунов,Сапожников,Чистяковтың сурет мектептердіңмысалдары бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия және т.б. ұғымдарға бағытталады.

Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтық, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуі қадағаланады. Оқушылардың сурет салу мақамы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бей нені қағаз беті не орныластыру, кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылыми дәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайлылығын көркем қабылдау барысын ғылыми негізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистияков “Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады”,-деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын атап атйға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланып келеді.

Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиція жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ойланып бейнеленуіне мүмкіндік жасайды. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, тек оны бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе жөнінде қосымша ізденіп білуге талаптандырады.

Мысалы, “Ғарышқа саяхат” тақырыбында сурет салу сабағында ғарыш әлемі, ғарыш денелерінің атаулары, олардың орналасуы жөнінде ғылыми дәлелді әңгімелер айталады. Ғарыш кемелері, олардың құрылысы жөнінде мәліметтер біріледі. Бұл мәліметтер оқушыларға танымдық білім беріп, өзденрінің тақырыптық композицияларын ойластырудағы ғылыми негіздерді пайдалануға көмектеседі. Графикалық суреттер салуға қарағанда кескіндемелік жұмыстарға оқыту үлкен қиындықтар туғызатындығы бейнелеу әдістемесінен белгілі. Мысалы, көк құмыра мен сары алмадан тұратын оқу натюрмортын бейнелеу сабағында оқушы гуашь бояуымен көк құмыраға сары алмадан түскен қызғылт-сары рефлекс түсіріп жалпы үйлесімді әдемі жұмыс шығаруы мүмкін. Мұғалім жұмысты қарап алғашқы пікір бойынша “өте жақсы” деген бағаға бағалауы да мүмкін. Бірақ ол жұмысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талап қарайтын болсақ, оқушы жұмысынан кемшіліктер табуна болады, өйткені ол жұмысты түстанудың береже-заңдылықтарын дұрыс сақтамай орындаған.

Түстану заңдылығы бойынша көк құмыраға сары алмадан түскен “шағылыс жарағы” (рефлекс) қызғылт сары емес,, жасыл түс болуы тиіс. Оқушы көк құмыраға қазғылт сары шағылыс жарығын тек көк гуашь бояуының өзіндік қасиетіне байланысты түсіру арқылы қол жеткізген, егер жұмыс акварель бояуымен орындалса, онда көк түстің үстіне жағылған қызғылт сары бояу кір түс шығарар еді. Бұл жағдайда мұғалім оқушыларға түстану және қосымша түстану заңдылықтарын түсіндірмеген. Оқытудың ғылыми принциптілігін сақтай отырып, мұғалім оқушыларға бояулардың негізгі қасиеттерін, қосмымша түстер заңдылықтарын көрнекі кестелер арқылы көрсетіп түсіндіруі керек еді.

Өкінішке орай, кейбір жағдайда өнердегі ғылыми негізсіз, білімсіз яғни санасыз іс-әрекеттер қоршаған ортаны, заттарды шығармашылық тұрғыдан бейнелеу деп танылып бағаланады. Әрине оқушыларды соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тек заңдылықтарға ғана жүгіндіріп, олардың сезімдік әсерін шектеуге де болмайды. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде оқушының сезімдік әсерімен ғылыми дәлелдерінің жігін үздіксіз ұштастыра білу мұғалімнен үлкен әдістемелік шеберлікті талап етеді.

Бейнелеудегі ғылыми дәлелсіз, ғылыми мәліметтерсіз тек сезімдік әсерге сүйену оқушылардың қоршаған орта жөніндегі жалған көзқарастарын қалыптастыруы мүмкін. Осыған орай П.П. Ростовцев: “Заттар сезімінің арқасында пайда болмайды, сезім заттар арқылы пайда болады” деген болатын.

Бейнелеу өнерін ғылыми негізсіз оқыту оның басқа пәндермен қатынасын, байланысын ажырата түседі, яғни мектептегі оқыту мен тәрбие процесінің бірізділігін жояды. Өнер туралы әңгіме сабағында белгілі классикалық бейнелеу өнерінің композициялық шешімін, түстік үйлесімін, тақырыптық мазмұнын өнертану ғылымының заңдылықтары бойынша талдау жүйесін түсіндіріп көрсетеді. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің әр кезіңіндегі кубизм, сюреализм, абстрактизм секілді ағымдар туралы түсінік беріліп, осы ағымдарда орындалған шығармашылық жұмыстардың философиялық мағынасын оқып қабылдауды үйретеді.

Ол оқушылырдың бейнелеу өнері туындыларын қандай ағымда орындалмасын оларды тек қызықтаушы ролінде емес, үлкен ғылыми қағидаларға негізделген көзқараспен арап қабылдауға тәрбиелейді, эстетикалық талғамдарын арттырады, философиялық дүниетанымын қалыптастырады.

Өнер тарихында белгілі орын алған П.Пикассо, С.Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері нақыштары мен әлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы компзициялық шешімі мен бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық сана, идеологоия, тарих) және ішкі (суретшінің философиялық дүниетанымы, шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттелурді әңгіме етуге болады.

15 ғасырда новогородтық храмдардың көлемі кішірейіп, 12 ғасыр сәулетінде көрініс тапқан архаизм пайда болды. Олар – Илья, Петр және Павл шіркеулері.14ғ. Новогородтағы монументті жанды бейненің гүлденуі Византиядан келген суретші Феофан Грекпен байланысты. 1378 жылы Феофан Спас Приображения шіркеуін көркемдеді.

Өнердің дамуына көп үлес қосқандардың бірі – Андрей Рублев. Ол икон және шіркеулерге роспись жазуда ерекше орын алды.III Иван тұсында Мәскеу құрылысы кеңінен дамыды. 1475-1479 жылдары Мәскеу Кремліндегі Успен соборы салынды. Оның құрылысында итальяндық сәулетші Аристотель Фиораванти шақырылды.

15ғ. Аяғы – 16 ғ. Басындағы жанды бейне дамуы тамаша суретші Дионисия есімімен байланысты.

17 ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі болды. 17 ғасырдың екінші жартысындағы икон жазудың шебері Симон Ушаков болды. Ол өзінің шығармаларында ескіше дәстүрді жаңаша бағытта көрсетті.

10-17 ғасырлардағы Орыс өнері өзінің даму кезеңінде өте маңызды рухани құндылықтарды дүниеге әкелді.

18ғ. Орыс көркем мәдениетінің бейнелеу өнері барлық түрлерінің жан-жақты дамуының кезеңі болып табылды.

17-17 ғ. Ресей өміріндегі көлемді алмасу, орыс архитектурасына үлкен өзгеріс алып келді. Салынған құрылыстарда жаңа материалдар, жаңа құрылым көрініс тапты. Жаңа міндеттерді шешуге шет елден сәулетшілер шақырылды. Солардың бірі – Д.Трезини. Ол Петропавл соборын, қамалын, қақпасын тұрғызды.

М.Г.Земцов әр түрлі құрылыстарды — әкімшілік орындарын, мерекеге арналған құрылысты, шіркеулерді салушы болды. Земцов тұрғызған құрылыстардың ішінде жақсы сақталғаны Симеон және Анна шіркеулері.

Петербургтің құрылысында ерекше орын алатын – С.И.Чевакинский. Ол сәулет өнері бойынша білім алып, осы бағыт бойынша еңбек етті.

14 ғ. Орыс өнері бірте дамудың жаңа кезеңін бастады. өнердің ықпалында болғанымен адамгершілік терең мазмұны үлкен қоғамдық идеямен ….. отырды. Москва, Новгород, Ростов, Яросы, Тирь, ……… және кескіндеме ……. өркендеді. Осы дәуірдегі ежелгі орыс өнерінің тамаша үлгісі Москва, Кремлькомплексі А.Рублев пен Дионисидің иконалары мен фрескалары 17ғ. өнерінде фольклор декорот.әуен сонымен бірге батыс Европалықтан басым болды.

Украйна мен белорусс орыс ғасыр бекінісі және діни құрылымның тамаша үлгілері пайда болып кескіндеме мүсін өнері өрістеді. Прибалтика өнерінде 13-16ғ. Готика үлгісі белең алды. 16-17ғ. Украйна, Белорус, Прибалтика мәдениетімен қайта өркендеудәуірі, 17ғ. Барокко үлгілеріорын алды.

1718 ж. өнер мен архитектура жалпы реалисттер сипат алды.орыс сәулет өнерінде барокко стилімен 18 ғ. Ортасында В.В.Рателли өзінің таңғажайып туындыларын қорытындылады. 18-19 ғ. Классицизм (В.И. .. А.И.Воронохин, А.Д. Захаров, М.Ф. Казаков, К.И. Росси Стасов дәуірледі.

18ғ аяғы 19 ғ.басы орыс өнерінің озық тенденциясы В.Л. Боровинович, Д.Г. Левицкий, Ф.С. Ронотов портрет М.И. Корловский, И.П. Мартос мүсіндеу портретін тапты.

18 ғ. Украйнада барокко стилінің салтанаты сәнді бай нақышты өзіндік түрі қалыптасты.

18ғ. Украйна, Белорус, Прибалтика өнерінде барокко деп классицизм эвалюциясының жолмен өте бастағаны аңғарылды. 19 ғ. Россияда ұлттық сана-сезімнің өсіп революциялық қозғалыстың күшейгеніне байланысты реалистік өнердің екпінді ағысын әкелегн, бастапқыда романтизм тенденциялары мен үндес демократиялық мәдениет қалыптасты. Кескіндеме мен графика К.П. Брголлов, А.Г.Венецианов, А.А. Иваноав, О.П. Кипринский, В.А. Тропинин, П.А. Федотов мүсін өнері В.И.Демут – Мошковский, С.

Мұғалім баланың елгезектік сезімін білім беру құралы ретінде үнемі пайдаланғаны жөн, өйткені балалар соның ішіндегі төменгі сыныптар сатысындағы балалар жаңалықты естіп тыңдаумен қатар көріп, Остап сезінуге құштар болары сөзсіз. Сондықтан да осыған орай Я.А.Коменский көрнекілік принципін “дидактиканың алтын ережесі” деп. көрсеткен болатын.

Қазіргі кезде мектеб оқу базасы көмекші көрнекіліктермен, соның ішінде бейнелеу өнер пәнін оқыту үшін ауадай қажет болып отырған гипстен жасалған, геометриялық денелер, құмыралар, бедерлі (рельефтік) тақталар, оқу әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етіле бермейтіні құпия емес, сондықтан көп жағдайда мектеб мұғалімдері көрнекіліктерді өз күштерімен дайындайды, немесе кей жағдайда тіпті көрнекіліксіз сабан өткізеді. Әрине сабақты көрнкекіліксіз өткізу сабақтың сапасын төмендетіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады.

Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалауПедагогикалық суретті орындауға бор (түрлі түсті, сангина, соз постел және түрлі түсті бояулар, сонымен қатар қысқа мерзімді суреттер (наброскілер) орындау үшін қылқалам, туш, акварель, гуаш, пламастер пайдалануға болады. Педагогикалық суреттің ерекшелігі мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапйым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалық сурет сабақтың көп уақытын алып кет пес үшін, оған бөлінетін уақыт 1-2 минуттан аспағаны жөн. Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс Істру үшін, педагогикалық маман алушы студент тер көп жаттығулар жасау тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарының әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс. Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушұы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған 1-2 оқушы байқалады, барлық сыныпта алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қетелік жіберіп отырған оқушының жұмыс альбомының бір бұрышынан қателіктің себебін және оны болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындауын ескеру ін қажет. Қандай жағдайда да мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерін нұсқаушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілген жұмыс заттың көлемі мен графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім Алдан Ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білу қажет. Жалпы білім берітін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әртүрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.

Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармалырының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мәні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының қарапайым қарындашты, тушты пайдаланып ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді. Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуаштың, көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуга суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны шығармашылық жұмысында басшылыққа алады.

Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемиешілер шығармаларын көрнекті пайдалану көбінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Бұл сабан барысында шығармалар, диафильмдер, диапозитивтер, эпирорректорлар арқылы көрсетілсе сабан нәтижелі болады. Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі-ол бейне таспаға жазылған оқу киносы. Оқу киносын бейнелеу өнерін оқыту кеңінен пайдалануға болады, онда бей нені жазықтық бетінде тұрғызудың әдістеменлік кезеңдерін, қарандашпен, қылқаламмен жұмыс Істру тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы әрбір іс-қимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағанда тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқияат бақылап қарауға ал керіснше ұзақ мерзімді бинелеу барысын шапшандатылған екпінімен қысқартып қарауға болады

Қазіргі кездегі білім беруі жүйесіндегі реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологияармен жабықталыу барысында екенін белгілі Сондықтан да бейнелеу өнері оқытуда электрондықәдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор. Компьютерлік технологияны түстануды, композицияны түстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады. Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстық көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалық әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің, поэзиялық шығармалардың әсері зор. Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоционалдық қатынасын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді мегеру белсенділігін арттырады.

Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен беелсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратын қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал саналы белсенділік құр айкай-шу болып саналады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасына мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.

Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде сылғырттық танытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.

Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады.

Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репредукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: “Қолөнер бұйымдары не сімен тартымды?” Бұл сұраққа оқушылыр бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай арап жауап іздейді. Ал “бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген” деген сұраққа оқушвлар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды. Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылды. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнеленген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек.Өз бетімен жұмыс жаңа білімді,іскерлік дағдыны бекітіп,дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді. Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс:заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады.Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшеліктеріне баййланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенім молайту, ар – намысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтану кезінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мпұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші ролінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлестікте, кемшіліктің жіберілу сабептерін анықтап оны бірігіп түзету міселесін ұйымдастырушы болғаны жөн. Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады. Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілікті байқаған мұғалім оқушының жанына келіп “Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып юбара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші” деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай паралель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сбақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландрады.

Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерліке дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен тығыз байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыста нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: “бүгінгі мен кешегін бекітіп, ертеңгіге созыла жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс” деп айтқан болатын.

Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол-өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалдарына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.

Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әртүрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігн бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.

Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір – бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақты кейбір кезеңдерін жеке – дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс.

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке — дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігігі мен бірізділігі бұзылады.