19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы орыс өнері. Передвижниктер. М.Маковскии, Г.Мясоедов, К.Савицкии, Н,Ярощенко. “Өнер әлеміне” шығармашылық бірлестігі

Суретшілердің шығармашылық бірлестігі Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А.Иванов, П.А.Федотов, Н.И.Уткин, И.С.Щедровский, В.Г.Перов, И.Н.Крамской, К.П.Брюллов,И.И.Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.

Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Преов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярощенко, Поленов,Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.

«Көшпенділер» арасында И.Е. Репин (184-1930) шығармашылығының алатын орын ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында –ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.

Академияны бітіруге екі жыл қалғанда «Волгадағы бурлактар» картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп,осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Вогаға барып, бурлактармен танысып, эсчкиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар «Курск губерниясына крестік жорық», «1581 жыл , 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван», «П.М. Третьяковтың портреті» туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е. Репин «суретші міндеті – халыққа қызмет ету» деп түсінді.

Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.

XIX ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол олар жасаған әдітеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.

Феофанның Мәскеуде жасаған туындыалрынан салтанаттылықты өмірге деген құштврлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған- Мәскеу Креміліндегі Благовешенск соборының икона тасын жасау ФеофанГректің басшылығымен және кейіннен өнер дүнйесіне аты аңызға йаналған Андрей Рублевтің (1360-1340 жыл шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісіндеаса көрнекті ешбер болғанымен, шынайы даңқа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүнйежүізлік даңқ болды. Рублевтің ең таңдаулы шегшінде жете айқындалған шығармасы- қасйетті «Үштік» . суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып,, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сехзімдері бірдей , оларды ортақ үш періште ебйнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан үжректі жарып шыққан мейірімділіктерімен пәк сезімдерімен тартымды. Бұл мәңіглік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтанда біз үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың итянақты табуы дап қабылдаймыз.