Ежелгі және орта ғасырдағы Үнді мәдениеті

Үнді елінің мәдениеті. Б.Э.Б.бір мыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің даму қарқыны жоғарылады,бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға болмайды.

Үнді мәдениеті мен өнері әсіресе Мауръя дәуірінде табысқа жетті. Бұл кезеңде мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтанған мемлекет құрылуы зор ықпалын тигізді.Қушан дәуірінде үнді мәдениеті өз дамуына жаңа арнаға түсіп өзіндік сипат алды.

Өнер ескерткіштеріне жазба деректеріне және қарағанда мәдениет саласында үнділік элементтердің ирандық, эллиндік,буддизмнің,индуизмнің,бойын сіңіргендігін байқаймыз.Ведалъдық тайпалар негізінен егіншілікпен және мал өсірумен шұғылданды.Қол-өнер мен сауда-саттық етек ала бастады.

Заман ағымына байланысты ведалдық дінді –брахманизм алмастырды. Брахманизм құлиеленушілік қарым-*қатынастар әлі де тереңдей қоймаған кезінде үстемдік етуші таптың идеологиясы еді.Үнді қоғамында болып жатқан өзгерістер дүниежүзілік мәдениеттің аса құнды туындысы «Махабхаратта »және «Рамаяна » поэмалары аса құнды болды.

Үндістан тарихының көне дәуірінде қай-қайсысы болса да бұл елдің тарихи мәдени дамуының өзіндік бағыты мен ерекшелігін айқындап үнді өркениетінің өзіндік сипатының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.

Осы орайда Үндістанның көне дәуірінің Шығыстың басқа елдерімен салыстырғанда өте ұзаққа созылғандығын атап өтуіміз қажет.Көне үнді мәдениетінің материалдық негізін қалыптастырушы оның табиғи жағдайлары басты рөл атқарған.

Сонау көне заманның өзінде ақ Ганг аңғары өте құнарлы, жер болған.Ганг алқабын игеру көмегімен мәдени дамудың әр саласы бір-бірімен тығыз қарым—қатынаста болды. Олардың қоғамдық құрылысы тілдері ортақ мәдени өмір арнасында өмір сүрді.

«Махабхарата»поэмасы. Үнді жері табиғи кендерге өте бай болып келді. Толып жатқан айбынды мәдени ескерткіштер бар. Солардың бірі Дели қаласында орнатылған ұзындығы 7,2м,салмағы 6,25 тонна болып келетін темір бағана 415-416ж.

Үнді шеберлері түсті металдан ұқұйылған талай мәдени ескерткіштерді одан кейін де болашақ ұрпаққа тарихи мұра етіп қалдырды.Мысалы,б.э.5ғ,Будданың мыстан құйылған мүсінінің салмағы 2тонна ал ұзындығы 2,5 метрден астам болып келеді.

Қалаларда ғибадатханалар,астық сақтайтын қоймалар,үкімет мәжіліс залы, қоғамдық ғимараттар.болды.Үнді халқының негізінен құдай-аналарға табынған,от пен суға құлшылық еткен.

Буддизмнің мемлекеттік дінге айналуы сәулет өнері мен мүсін өнерінің дамуына жол ашып берді. Буддизмді насихаттауда бейнелеу өнеріне ерекше беріліп елді Буддаға арналған мемориалдық құылыстар салыну ісі қолға алынды, сансыз ғибадатханалар салына бастады. Ежелгі Үндістанның аса құнды мұрасы «Махабхарата»және «Рамаяна»поэмалары. Бұл поэмалардың нақты тарихи оқиғаларға арналғандығы оның негізгі өзегі Каурав пен Пандов патшалықтарының арасындағы бақталастық пен соның нәтижесінде туған қақтығыстар. Эпикалық «Рамаяна »поэмасы Раманың ерліктеріне арналған , ғасырлар бойында ауыздан-ауызға тараған бұл эпос сол дәуірдің тарихи тынысы арман қиялы бар сондықтан тарих-мифологиямен терең ұштасып жатады. Үнді сәулетшілері 11 ғасырда тас пен кірпіштен зәулім Танджур храмын салды. Оның биіктігі 100метрдей.

Ерте орта ғасырларда үнді шеберлері тастан қашап әсем храмдар салған. Эллурдегі үңгір храмдары да сәулет өнерінің жетіле түскендігінің куәсі. Солардың ішінде әсіресе Қайлас храмы ерекше көз тартарлық орта ғасырлық үнді мүсіні діни нанымдарды уағыздауға бағытталды.

Көп қол аяғы бар құдайлардың әсерлі мүсіндері көптеп жасалды. Діни бағыттағы қасиетті жануарларды мүсіндер бейнеледі. Пілдің, жылқының тамаша бейнелері 12-13 ғасырларда Ориссадағы храмдарда жасалған.Үнді мәдениеті мен өнері әсіресе Мауръя дәуірінде табысқа жетті. Бұл кезеңде мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтанған мемлекет құрылуы зор ықпалын тигізді.Қушан дәуірінде үнді мәдениеті өз дамуына жаңа арнаға түсіп өзіндік сипат алды.