Ежелгі Грекия өнері.Архайка. Ерте классика. Ежелгі Грек сәулет өнері. Б.ж.с.д 5-4 ғас мүсін өнері. Элленизм. Александрия Родос

  1. Храмның архитектуралық бөлшегі. Грек өнері мүлдем өзгеше үш мәдени ағымның құйылысынан туған Кіші Азияда өзінің өміршеңдік күшін тегінде әлі де сақтаған өзінің жеңіл тынысы ежелгі эллиндік барлық даму кезеңдеріне оның рухани талап-тілегіне жауап бере алған эгей мәдениеті. Жаулап алушылар Критте сәндік нақышының еркін қиялы менг тоқтаусыз серпінін қиқар қатал өктем аса қарапайым геометриялық ишарамен бәсеңдеуге бейім. Осының алдында Египет пен Месопотамияға көркем шығармашылық үлгілер пластикалық және бейнелеу өнері формаларының мүлтіксіз нақтылығын өзінің тамаша бейнелеу өнері мен сәндік шеберлігін жеткізген шығыс өнері. Алайда шын мәнінде жаңа ұлы өнердің пайда болуы үшін бұл ағымның қосылуы ғана жеткіліксіз болар еді. Теңіз қай жерден болсын жақын сияқты. Грек халқы балалық шақта бастап өткізіп жатқан кезде елінің пейзажын оған жердің кез келген түкпіріндегі барынша көп әдемілікті жинап алып сол алқапты күн сәулесімен естен тандыра нұрландыра алатын ақылды да аса шебер құдайлар жасағандай болып көрінген. Ежелгі грек табиғатты ашылмаған құпиясымен қабылдамай оның көз аясындағы объективті шындығын қабылдаған оның өнері реалистік болуға тиіс еді. Элладаның көркем творцчествосы әлем тарихында тұңғыш рет өнердің өлшемі реализмді орнықтырды. Бірақ бұл табиғатты дәл көшіру реализмі емес табиғат жасай алмаған немесе жасап үлгермеген аяқтау түрінде реализм. Сөйтіп табиғаттың жоралғысымен жүре отырып өнер табиғатты көрсеткен.Адам- табиғат гүлі. Сондықтан мифтік шығармадан кейін өнер пенде өз бойында ашуға тиіс ержүректілік пен сұлулыққа ие адамды бейнелеуге тиіс. Құмыра өрнектерінде адамға негізгі көңіл бөліне бастаған оның бейнесі шынайы белгіге ие бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі аса мәнді оқиға мүсін пайда болды, оның басты тақырыбы адам еді.

Өнердің тәрбиелік мәніне келетін болсақ мұндайда өлшеусіз өсе бастайды. Өнер тудыратын шынайы сұлулық адамның бойында ,сұлу адамдар арқылы сұлу мүсіндер пайда болады, соңғысы өз кезегінде

Біріншілерге әсер еткен сөйтіп мемлекет сұлу мүсіндерге сұлу адамдар бергендіктен қарыздар болды.Грек колоннасы құрылысы жағынан өз міндетіне тамаша сай келді. Сөйтіп қазір сәулет әбден танылған міндет атқару принципіне толық сай келеді, сондықтан да грек ордерлері уақыт сынына төтеп берді. Өз міндетіне толық сай грек колоннасы әсемдігі жағынан да мүлтіксіз болды.

  1. Ордерлер Құдай мүсіні сақталатын гимарат соның алқасы ретінде ойластырылған грек храсмының өзі мүсіндермен безендіріледі, оларға құжыраның немесе тұғырдың қажеті жоқ өйткені олар осы храмның өз перзенті, олардың тамыры бір, оның келбетімен астасып кеткендей, сонымен бірге өзгеріп жетіледі архайкалық архитектура тастан жасалған зор қалдықтары аспан фонында ерекше көзге түседі. Осы қирандылардың бір құдіреттілігіне қайран қалған біздің қиалымыз бүкіл храмның мынау гүл жазйрады бір кезде асқақ тұрған храмның тұтас қалпын елестеткісі келді бірақ қайта жасалған храм көрінісі Грецияның атақты ескерткіштері біздің санамызда бейнесі жансақ. Храмның архетектуралық бөлшектері мүсіндік әшекейгелері жарқырата боялатын да, мұның өзі бүкіл ғимаратқа мерекелі көрік береді. Әр алуан бояу бейненің реализмі мен көріктілігі арттыра түсіп көздің жауын алады, бейнені неғұрлым айқын түсінікті, ал осындай әсер етуге кһөмектесетін болмыспен дәл іріктелмейді Грек өнерінің өте маңызды іс әрекеті дінді уағыздаушылардың көз қараушылығы сұмдық бүлінуде ғана емес өйткені жартылай күйреген храмды немесе бүлінген мүсінді ғылыми жолмен барынша біргірлікпен қалпына келтірудің өзі антикалық өнер ескеткішінің алғашқы бейнесі туралы шын түсінік бере алмайды . Архайкалық дәуірдегі Грек суретшісі өнерде жаңа жол салып келе жатқан адам кескінін өзі қалай көрсе сол қалпында бейнелегісі келеді. Сондықтанда дәстүрлі қарсы алдынан бейнелеуден бейнелеу өнерінде немесе бедерде қырынан көрсеткенмен денені қарсы алдынын көрсетуден бастартуды қолдаған.

Сан ғасырлық тарихы бар грек мәдениеті өзінің бастауын ежелгі эгей хет пеласгтардан алады. Мыңжылдықта ежелгі грек жерін эгейліктер жайлаған. Көне жұрт эгейліктер туралы жартымды тарихи деректер жоқ. Тіпті кейінгі дәуірде эгейліктер аты аталмай тарих төрінен біржола кетеді.Ғалымдардың пайымдауынша олардың тілінің үнді европа парсы тілдермен ешқандай туыстығы үндестігі жоқ деген болжамды айтады. Олардың тарих төрінен із түзсіз жоғалып кетуі көптеген болжам аңыздарды тудырады. Сондай болжамның бірі эгейліктердің батыс жарты шарына немесе аңыздарды айтылатын атлантида құрлығына ауып кетуі ғажап емес дегенге саяды.Әзірше мұның бәрі тек жорамал.Тарихи жұмбақ эгейліктердің кейін мұнда екінші мыңжылдықта хеттер өмір сүрді. Солтүстік кіші азиядан келген хет тайпалары осында орнығып күшті патшалық құрды.

Хет патшалығы өңірінде бірнеше ғасыр бойы үстемдігі жүргізген сол дәуірдегі топонимді жер су аттарына ден қойсақ хеттердің түрік тектес халықтармен туыстас екені аңғарамыз. Хеттер заманында Кипр аралы алашия ал херсон түбегі қоржын аталған еді.Осының алдында Грек жерінің солтүстігіне солтүстіктен келген көшпенді тайпалардың қысымымен ахей, даная тайпалары келіп қоныс тепті. Кейіннен грек халқының негізін құрған бұл тайпалар хеттермен аралас-құралас өмір кешті. Ахейліктер бірте-бірте Грек жерін игере бастады.Алғаш олар шығысқа сонан эгей мәдениетінің орталығы болған кіші азия жағасына соңынан крит аралына барар теңіз жолын игерді.

Грек тарихының б.э.дейінгі 6-8 ғасырды қамтитын бұл кезең «көне»ұғымды білдіретін «архойс» деген сөзінен шыққан «архайкалық»кезең деп аталады.Көне дәуірде Евразия кеңістігінде Кіші Азия мен Шығыс Азияда әлемдік өркениет дамуының жаңа ғасыры басталды.Евразия қаласында сақ-скиф ғұндар әкелген әшекей өнер «аң бейнесі»әдіс өмірге келді.Қосөзен алқабында атақты қорғандармен қалалармен аспалы бақтармен әйгіленген Вавилон ахмениттер патшалығы тарих төріне шықты. Өркениетті осындай елдермен қызу қарым-қатынаста болған гректер олардың мәдениетінің ең озық үлгілерін саралай сіңіре отырып жоғары жетістікке жетті.

Ежелгі Мысмыр сәулетшілерімен бағаналы сарай храмдар салуды үйренді.Қосөзен аңғары елдерінен бнтон жасауды беті жылтыр су өткізбейтін түрлі-түсті кірпіш мозайка өруді дарытты ал көшпенділер алтыннан түйін түйген зергерлікті қабылдады.

Осының арқасында б.э.д. VIIIғасырда Грецияда материалдық мәдениет да- мыды. Темір қару-жарақ соғылып, металлургия мен құйма тәсілі жетілді. Ірі-ірі көпірлер , жолдар салыныып, қалалар айналасында қорғандари бой көтерді. VII ғасырда тұңғыш рет теңге сомдалды.

Экономикалық, әскери әл-қуатын нығайтқан гроектер б.э.д. VIII-VII ғасырларда жан-жағындағы елдернді, оңтүстік Франция, Сицилия, Апенин түбегін, Мысырдың солтүстік бөлігін басып алды.Сөйтіп бүкіл Жерорта теңізі маңайын өз иелігіінддей билеп-төстеді.

IX ғасырда негізі қаланған финикалық жазу одан әрі дамып, VIғасырда жалпы гректік алфавиттік жазудың шығуына игі ықпал етті. Өзіінің қол астына қараған елдердің ең озық ғылымы мен өнерін пайдалана отырып грек шеберлері мен ойшылдары математика мен медицинаны, астронломияны және басқа салаларды дамытып, толықтырып отырды. Гректер, негізі Мысыр сәулетшілерінің туындыларынан алынған, сәулет ғимаратына сән беретін ордерлерді ойлап тапты. Ордерлер Гректердің сәулеттік құрылымының негізгі айшықты бөлігіне айналды. Алғаш дорлық ордер ойлап табылды. Ол Италияның оңтүстігі мен Сициляда дамыды, кейіннен Иония қаласында ионикалық ордер өмірге келді. Грек сәулетінде бағаналы сарай-храмдардың бірнеше тірі тұрғызылды. Солардың ішіндегі кең тарағаны-пернпті бағаналы кешендер. Бағаналы құрылыстар әдетте биік тас тағанға тұрғызылды, сондықтан да олар өте асқақ, әдемі көрінетін . Жалпы грек бағаналы кешендері Мысыр құрылыстарына қарағанда өте нәзік, шағын, сүйкімді болып келеді. Сондықтан кейінгі дәуірлерде грек бағаналы кешендері көптеген елдердің ынтызарын аударып, оның кең тарауына себепші болды.

Архайка кезеңіндегі ең еселі сәулет кешенінің бірі – Коринфтегі Аполлон сарайы. Құм қайрақ тастармен тұрғызылған сарайдың қарсы бетінде – алты,бүйір жанында – 15 бағана төбесіне тіреу болған. Сарай айналасындағы табиғатпен жарасымды, жымдаса салынған. Дәл осындай жобамен тұрғызылған Гера сарайы да өзінің еңселі бейнесімен көзге түседі.

Жалпы ежелгі гректер тайсалмас жауынгер халық болды. Олар жастарды сәби кезінен батылдыққа, ептілікке үйретіп отырды. Ұдайы жаттығу шымыр да сымбатты етіп өсірді. Батылдық пен шымырлықты шыңдайтын түрлі ойындар, оның ішінде Олимпиадалық жарыстар мезгілінде өтіп тұрды. Сондай жарыстарға түсіп, құрметке бөленгендер жан-жақты марапатталып, кейбір жампоздар тіпті құдайларға теңестірілді. әдетте атлеттер жарысқа жалаңаш түсетін. Бұл грек суретшілеріне үлкен мүмкінндік ашты. Олар жалаңагш атлеттерді жіті қадағалау арқылы адам денесінің анатомиялық жаратылысын, әр түрлі қимыл-қозғалыстардағы өзгерісті, дене сұлулығын зерттеп, бейнелеуде үлкен жетістіктерге жетті.ара қатынас сәйкестік өлшемдерін дұрыс алуға көп көмегін тигізді. Тамаша көркемдіктерге ие болған грек мүсіншілері шабытпен жмыс ічстеді. Соның аорқасынла талайә мүчіндерді-куростарды тудырды. Ол кезде жалаңаш мүсіндерді «курос» деп атады. Сондай мүсіндер-Генеядн, Аттикалан табылған сомдама денелер. Осындайайтулы жетістіктерге қарамай, Архпайка мүчсіндерінде шарттылықтың көптеген белгілері сақтаклды.шеберлер әлі де болса адамның табиғи қимыл-қозғалысын батыл бейнелей алмады.

Біздің заманымызға дейінгі 500-449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап, көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып,елді құлдыққа салды. Қатерлі бұлт Афина қала-мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грекқалаларының одағын құрды, ортақ жауға бірігіп күресуге жұмылдырылды.

Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздігін қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының күші теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мем лекет кірді. Негізгі көш бастаушы, басқарушы Афина қаласы болды. Бірте-бірте осы тең праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Соңында олардың бәрпіне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның, әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін-еркін биледі.

Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің тұсында өзінің гүлденуін бастап өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын-жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.

Осындай күшті Грек мемлекеті тұсындағы өмірге келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архайка кезеңдеріндегі жасалған өнер туындыларынан үйрене отырып, жаңа тұрпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеңнің суретші-сәулетшілерінің үлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Европа елдеріне ықпалын жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеріне күшті әсер еткен осы кезеңдегі туындаған өнер болды. Алғашқы гректік өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да содан.

Архайка тұсындағы сәулет өнерінің ең озық үлгілерін ары дамыта отарып, сәулетшілер тамаша сарайлар тұрғызды. Сондай сарайдың қатарына Гера және Зевс ғибадатханаларын жатқызуға болады.

Гера ғибадатханасы алтын реңді қайрақ, тастардан қаланып тұрғызылған. Сәулет кешенін алдында 6, ұзына бойында 13 діңгек құрастырып тұр, жалпы аумағы 60×24 метр.

Гера ғибадатханасына ұқсас шарттылыққа тұрғызылған кешеннің бірі – атақты Зевс құрылысы. Кешен Грек сәулетінің нышаны ретінде, ең үздік тұрғызылған ғибадатхананың бірі. Олимптегі бұл құрылыс сәулетші Либонның басқаруымен тұрғызылған.

Осындай айтулы сәулет ғимараттарымен бірге мүсін өнерінің де тамаша шығармалары өмірге келді. Соның бірі – грек классикалық мүсін өнерінің бірегей озық туындысы, тәңір-қызы Афина бейнесі. Кейіпкер найзаға сүйеніп, қалың ой үстінде тұр, басында жауынгерлік коринфтік дулыға. Шығармада классикалық өнердің зор жеңісі, суретшінің, архайка өнері шарттылығынан құтылған тәуелсіз талпынысы жақсы сезіледі.

Гректердің сәулеттік құрылымының негізгі айшықты бөлігіне айналды.Алғаш дорлық ордер ойлап табылды. Ол Италияның оңтүстігі мен Сициляда дамыды, кейіннен Иония қаласында ионикалық ордер өмірге келді. Грек сәулетінде бағаналы сарай-храмдардың бірнеше тірі тұрғызылды. Солардың ішіндегі кең тарағаны-пернпті бағаналы кешендер. Бағаналы құрылыстар әдетте биік тас тағанға тұрғызылды, сондықтан да олар өте асқақ, әдемі көрінетін . Жалпы грек бағаналы кешендері Мысыр құрылыстарына қарағанда өте нәзік, шағын, сүйкімді болып келеді. Сондықтан кейінгі дәуірлерде грек бағаналы кешендері көптеген елдердің ынтызарын аударып, оның кең тарауына себепші болды.

Грецияның атақты ескерткіштері біздің санамызда бейнесі жансақ. Храмның архетектуралық бөлшектері мүсіндік әшекейгелері жарқырата боялатын да, мұның өзі бүкіл ғимаратқа мерекелі көрік береді. Әр алуан бояу бейненің реализмі мен көріктілігі арттыра түсіп көздің жауын алады, бейнені неғұрлым айқын түсінікті, ал осындай әсер етуге кһөмектесетін болмыспен дәл іріктелмейді Грек өнерінің өте маңызды іс әрекеті дінді уағыздаушылардың көз қараушылығы сұмдық бүлінуде ғана емес өйткені жартылай күйреген храмды немесе бүлінген мүсінді ғылыми жолмен барынша біргірлікпен қалпына келтірудің өзі антикалық өнер ескеткішінің алғашқы бейнесі туралы шын түсінік бере алмайды .

  1. Рим мүсіндері. Рим өнері тұтастай алғанда грек өнерінен туып өскен дәлелдеуге болады. Алайда Римнің мұрасы Европаның мәдени іргетасын қалауда өте үлкен орын алды. Ол олма бұл мұра европалық өнер үшін шешуші дерлік нәрсе болды. Рим ақсүйектері өнердің барынша қадірлеуінше айналды. Тамаша ескерткіштермен жасанып шыға келді. Әділет жағдайында Рим мемлекетін шайқалтқан құлдардың қаһарлы көтерілісіне , олардың көсемі спартактың жеңілмес римдік қыспағына екі жыл төтеп берілгеніне қарамай айтылып отыр. Бүкіл жарық дүниеге қаншама игілік әкелді. Теңіздер пираттардан ал жолдар қарақшылардан тазартылды. Заң халықтың өмірі мен мүлкін күзетеді. Әрбір адамның правосы кімнің болса да қол сұғуынан қорғалған. Бұл күнде бостандық оны сенімді ету үшін ғана шектеледі. Дүниені әділет ппен парасат басқаруда.

Римдіктер толып жатқан грек мүсіндерін әкеліп қана қойған жоқ (бұданм басқа олар египеттік обелискілерді де тасып әкелді) , сонымен қатар, біздің жоғарыда көргеніміздей, барынша кең көлемде грек түпнұсқаларының көшірмесін де жасады. Сөйтіп , біз бір ғана осы үшін де оларғаа алғыс айтуға тиістіміз. Алайда, мүсіндеу өнеррріне қосылған Римнің өз үлллесі неде? Трааян форумында осы императордың өз мүрдесінің үстінде, б.э. бұрынғы 2 ғвсырдың басында тұрғызылған Траян колоннасы деңгегінің айналасында ақыр аяғында патшалығын (қазіргі Румыния) римдіктер жаулап алған дактарды императордың жеңгендігін мадақтайтынбедер кең жолақ жасап бұйраланып жатады. Бұл бедерді орындаған суретшілер, сөз жоқ, талантты ғана емес, сонымен бірге эллинистік шеберлердің тәсілдерімен жақсы таныста еді. Дегенмен бұл-кәдімгі римдік туынды

Біздің көз алдымызда егжей-тегжейлі әрі жақсы айтылған хикая. Жинақталған бейнелеу емес, нақ хикаяның өзі. Грек бедерінде болған оқиғалар жайындағы әңгіме аллегориямен беріліп, әдетте мифологиямен ұштасып жататын. Римдік бедерде, республика заманынан бастап –ақ оқиғалардың барысын олардың логикалық бір іэділігін сақтап, оларға қатысқан адамдардың өзіндік белгілерімен қоса, мүмкін болғанша дәлірек , нақтырақ беруге тырысушылық айқын көрінеді. Трааян колоннасының бедерімен біз римдік және тағылар қостарын, жорық әзірліктерін, қамалдарды қоршауға алуды, аяусыз ұрыстарды көреміз. Бәрі: рим жауынгерлері мен дактардың типтері, олардың қару жарағы мен киімі, бекіністерінің көрінісі, шынында да, өте дәл сияқты: бұл бедер сол кездегі әскери тұрмыстың бейне бір мүсіндік энциклопедиясы міндетін атқарып тұрғандай.Өзінің жалпы ой- ниеті жағынан үбкіл коимпозиция бәрінен гөрі бізге мәлім Ассирия патшаларының қан майдандағы ерліктерінің бедерліхикаяларын еске түсіреді. Алайда анатомияны өте жақсы біліп , гректерден келе жатқан кескіндерді кеңістікте еркінірек орналастыру шеберлілімен жасалғанына қарамай , бұл бедердің бейнелеу қуаты кем.Кескіндері пластикалық жағынан айқындалмаған бұл аласа бедер сақталмаған сурет өнері үлгілері әсері мен жасалу да мүмкін. Траянның өзінің бейнесі тоқсанға жуық қайталанады, жауынгерлердің жүзі төтенше әсерлі.

Міне, осы бір нақтылықпен әсерлік бүкіл римдік портреттік мүсіннің ерекшелік белгісі болып табылады, осы портреттік мүсіннен , тегінде, римдік көркемдік данышпандықтың өзіндік ерекшелігі бәрінен гөрі басымрақ байқалады.

Римнің дүние жүзілік мәдениеттегі маңызына қайта оралайық. Дүние жүзілік мәдениет қазынасына қосылған таза римдік үлесі (нақ сол римдік портретпен байланысты) антика өнерінің аса ірі соыеттік білімпазы О. Ф. Вальдгуэр тамаша анықтаған: «..Рим жеке-дара тұлға ретінде бар; Рим оның белгілерімен ежелгі бейнелер қайта туған қатаң формаларда бар, Рим антика мәдениетінің ұрығын жан-жаққа тараты, жаңа, әлі де болса тағы халықтарды ұрықтандыруға мүмкіндік берген ұлы организмде бар., ең ақырында, Рим эллиндік мәдени элементтердің негізінде жәнет жаңа міндеттерге сай ол элементтердің түірн өзгерте тоырып, цивилизацияланған әлемді жасуда бар, тек Рим ғана портреттік мүсіннің… ұлы дәуірін жасай алды

Римдік портреттің күрделі алғы тарихы бар. Оның этрускілік портретпен де, эллинистіки портретпен де, байланысы бары анық. Римдік тамыр да әбден айқын: мәрмердегі не қоладағы алғашқы римдік портреттік бейнелер бар болғаны өлген адамның жүзінен алынған балауыз масканың дәл қайталануы ғана еді. Бұл әлі өнер емес-тін.Кеиінгі замандарға римдік көркем портрет негізінде дәл сақталды. Творчестволық шабытпен, тамаша шеберлікпен қанатталған дәлдік ол. Бұл арада грек өнерінің мұрасы әрине өз рөлін атқарады

Ежелгі дәуірде, қазіргі Италия жерінде антропологиялық түр-кейпі, кейбір әдет-ғұрпы, киім киісі, діни көзқарасы шығыс халықтарына ұқсас этрустар дегентайпалар өмір сүрді. Олардың қолдарынан шыққан өнер туындылары көшпенділердің өнеріне жақындау этрустар тарихшылардың айтуы бойынша, Кіші Азиядан келгенге ұқсайды. Италия жеріне шамамен б.э.д IX – XII ғасырларда қоныс аударған. Этрустар өзінің еңбекқорлығымен көзге түсті. Ежелгі тарихи деректердің сипаттауы бойынша, этрус тайпалары егін егуде, батпақ құрғатып, жерді суландыруда ірі жетістіктерге жеткен. Сонымен қоса теңіз айдынында еркін саяхваттаған шебер теңізшілер болған. өздерінің тұрғызған кемелерімен Мысыр, Финикия, Карфаген, Греция және Исрания елдеріне саяхаттап, қызу сауда жүргізді.

Б.э. б. VIII – VI ғасырларда Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңіріне кең тарады. Олар әйгілі ірі қалалар : Цере, Тарквний, Клузийді салды.

Эллинизм ртедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы аяқталған кезеңі болды. А.Македонскии ұлен-ғасыр мемлекеи державасы ыдырағаннан кейін оның орнына бірнеше мемлекеттер пайда болды.Олардың ішінде Мысыр Сирия және Македония аса маңызды рол атқөарды. Осы кежеңде мемлекеть аралық сауда саттық қатты дамыды және жаңа қалалар иобой көтерді. Мысырда Александрия Сирияда Антохия Кіші Азияда Пергем элиндік елдердің аса ірі орталық қаласына айнвалды. Қалаларда патша асрайлары сәндік неше түрләі мүсінлермен әшекейлеген бақтар театрлар мен сарайлар әкімшілік ғимараттар салынды. Таңданарлықтай өнердің тамаша ескертіштері дүнеиекге келді. Соның бірі Александриядағы 120 метрлік Фарос маягы. 285 жылы Фарос аралында сәулетші Сестрат Кницкий Маяг құрылысын бастайды. Құрылыс жұмысы бес жылға созылады. Маяг үш қабатты мұнара түрінде салынды. Мұнараның алғашқы қабырғ,асы тасс тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік сегіз қырлы мұнараның әр қыры бағаналармен бекітіліп ақ мәрмар мен қапталады. Сол кездегі екреметтік бірі мүсін өнерінде дүұнгиеге келді. Оны әйгіліі мүсінші Херес сомдаған еді. Ал мүсін құдай Гелиосқа арналған еді. Сол замандағы элиндік мүсіншілер жасаған бейне мүсіндер сол ддәуірдің ең толғаулы мәселелерін толық қамтып эмоциялық ширақтықпен асқақ көңіл күй әкелді. 180 жыл шамасында Пергем Акрополынды Зевс құрметіне Пергем Михрабын тұрғызды. Бұл ескеткіш нағыз тарихи оқиғаға арналған. Кейде элинизм шеберлері өткен заманға грек классикасының асқақ бейнелерін аударған. Солардың әсерірен Милос аралынан табылған тәңір иесі Афродитаның мүсіні сияқты өнердің тамаша туындылары дүниеге келдді. Бұл мұүсінді мүсінші Александр жасаған. Қазір бұл әйгілі мүсін Милос винерасы деген атпен белгілі. Портреттік өнерде элиндік шеберлер жоғары шеберлікке жетті. Соның бір дәлелі Делос аралынан табылған қола бас бейне. Ол шщамамен 90 жылрары құйылған. Мүсінші кексе еркектің бейнесін аса шеберлікпен бейнелеген осы дәцуірдің ескеркішінің бірі Троялық абыз Лаокоан мен оның ұлдарының опат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Мұны Родостық үш шебер Александар, Афанадор, Палидор жасаған.

Біздің жыл санаумыздың басында Италияда республикалық құрлыс құлап оның орнына императоалар басқарған Рим империясы орнады. Алғашқы император болып Октавиан Август тағайындалды. Б.э. бұрынғы 27 жылы ұлы патшаға Рим сенаты “құдіретті” деген атақ табыс етті. Осыдан кейін императорлардың бәрінеде осы атақ берілді. Авгус бастаған үміт басқа халықтарға өте қатал саясат ұстады. Саясата болсын , әдебиетте болсын , римдіктердің басқалардан артықшылығын баса көрсетті. Бірақ та осындай тәкаппар , мен римдіктер грек өнеріне кегенде бастарын иді, олардың озыз ойлы азаматтарын сыйлап құдайларын құрмет тұтты. Император үлкен реформаторлық өзгерістер әкелді. Қала инжинерлік құрлыстар тұрғызуды қолға алып, ғажайып үлкен сарай храмдар салдырды. Ең бірінші Рим қаоасын қолға алды. Ескі кірліштен қалаған шаһарды қайта жаңыртып, жарқыраған мәрмәрден салдырды. Ежелгі Мысырдың ұлы перғауындарының жолын қуып асқақта айбынды құрлыстар тұрғызуға әмір етті. Ондай құрлыстар арқылы имперадор күшімен қаһарын көсетуге тырысты. Император қиялының өмір шындығын айналуын заманымыздың 50-70 жылдары салынған Колизей амфи театры куәлайды. Құрлыс қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған биіктігі 50 метр үш ярусты аркаларды әр түрлі мүсіндермен көмкеріоген ортаңғы бөлігінде жансірлер шайқасатын дөңгелек алаң бар.Ғажайып құрылыс ғасырлар бойы әлденеше жер сілкіну өрттен ауыр зардап шекті.Колизей құрылысының негізін құрайтын арка мен итарка рим өзгешелігін айқындап тұратын шығыс сәулеттік құрылысының белгісі.Аркалар көпірлер салуда су құбырларын жүргізуде қолданылады. Қалаларды сумен қамтамасыз етуде,су құбырының жолында өзендер мен терң шатқалдар кездескенде оны көтеріп тұратын ярусты аркадалар тұрғызылды.Сондай аркадалы су құбырының бірі Гард көпірі.Құрылыс үстінен су құбырлары өтетін болған. Гера өзенінің үстіне салынған көпір бтіктігі 49 метрге жетеді.Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынның білдіретін ескерткіштер соғуда арка тәсілі қолдады.Ежелден сақталып келе жатқан арканың бірі император.Титидің жеңісіне қойылған құрылыс .Тағаны мен қабырғасы мәрмәрмен қаланып, төбесінде император мен жеңіс тәңірінің төртат жегілген күймемен келе жатқан қола мүсіндер орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 20м болады.

Империя дәуірінде ауқатты адамдардың абыз,ақсүйектердің қалай тұрғаны көздің жауын алатын әсем өрнекті байлыққа толы жиһазды үйлерінің қандай болғаны Геркуланум мен Помпейдің қалдықтарын аршығанда көз жетті.Қалалар біздің заманымыздың 79 жылы Везуви жанартауының кенеттен атқылауынан опат болып, ғасырлар бойы күлдің астында қалған.Өлі қала Помпейді архелогтар аршыған кезде көз алдында өнері өркендеген сұлулығымен адамды қайран қалдыратын гүлзарлары мен фонтандары бар өркениетті елді мекен тұрды.