Зоология және жануарлар экологиясының негіздері

Жануарлар туралы жалпы ұғым.

Бұған дейін биология пәнінің «өсімдіктану» оқулығын оқып өсімдіктермен таныстық. Өсімдіктердің түрлерімен, дұрысылығымен, адам өміріне маңыздылығын таныстық. Енді биология пәнінің тағы бір бөлімі – «жануартану» «жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөзінің екінші бөлігімен алынған «джан-джанвардың» қазақша баламасы – жануарлар әлемі , яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар. Ал « джанвар «- «жаны бар «яғни «тірі « деген мағынаны білдіреді, өйткені олар қоректенеді, қозғалып жүре алады және көбейеді.Сондықтан омыртқа жотасы мүлде болмайтын мақұлықтар-жәндіктер ал омыртқа жотасы немесе жемісі бар мақұлықтар жануарлар деп аталады. Жануарларды жер шарының кез келген түкпірінен кездестіруге болады.Олар тірі тірі ағзалардың барлығымен қарым-қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүние жүзінде жануарлардың 2-миллионнан астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп.Тек Қазақстанда ғана 30- мыңнан астам бунақденелілердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.

2.Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде ?

Сырттай қарағанда жануарлар мен өсімдіктерді туыстас ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді жануарлар да өсімдіктерде біріне-бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді.Қоректенеді тыныс алады. Жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгеріштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін ортақ тектен таралғанын дәлелдейді. Жануарлар мен өсімдіктерде болатын кейбір құбылыстар олардың арасында елеулі айармашылықтардың бар екенін де көрсетеді. Бұл әсіресе, олардың қоректену тәсілімен айқын байқалады.

  • Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде биорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді, яғни ауадан көміпқышқыл газын топырақтан су мен минералды заттарлы сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегіне жаратады.
  • Жануарлар болса дайын органиалық заттармен яғни өсімдіктермен,немесе басқа жануарлармен қоректенеді , жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару жжәне т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.

Тұжырым:өсімдіктер мен жануарлар- тіріағзалардың өзара ұқсастықары менайырмашылықтары бар бірімен-бірі тығыз байланысты екі тобы, олар- табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.

  • Зоология ғылымы.

Өте ертеден белгілі ғылымның бірі-зоология оның негізінгрек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грекше-зоон-жануар логос-ғылым) жануарлар туралы ғылым.Жануарлардың құрылысын, дамуын туралы құрамын, таралуын шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.Оны оқып-үйренуге бағыт сілтейтін оқулықтың атауы – “жануартану”деп аталады. Біздің Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы алғашқы жазба деректер араб, парсы және қытай саяхатшыларының жазбалары мен орта-азиялық ғұлама ғалым Махмуд Қашқари еңбектерінде кездеседі. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі әрі ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 17-18 ғасырларда ұйымдастырылған экспедицияларға байланысты. Мұнда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбектері ерекше орын алады.

Жануарлардың табиғаттағы маңызы.

Топырақта тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлар оның құрамын өзгертіп құнарлығын арттырады.

  1. Кемірушілер,шұбалшаңдар- жер бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын азық үшін ініне тасиды.
  2. Көрттышқандар-қорегін іздеп, топырақты қопарыстырады.
  3. Құстар мен басқа жануарлар-өсімдіктердің тұқымын таратады.
  4. Бунақденілер(баларалар,көбелектер)-өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады.
  5. Көшбелей,қорқау, күшіген-көптеген өлекселерді жеп,жірінділердің сақталмауына жағдай жасайды.
  6. Жануарлардың тепе-теңдікті сақтайды.

Жануарлардың адам өміріндегі пайда-зияны.

Қазақ халқының ата кәсібі-мал өсіру.

Төрт түлік мал :

1.түйе

2.жылқы

3.сиыр

4.қой-ешкі

Мал өнімдері- ішсе-сүт

Жесе-ет

Кисе-киім

Мүйізі-әртүрлі бұйымдар.

Сондықтан да шаруашылықтың негізгі саласы- қолға үйретілген жануарлрды үйрету.

Жануарлардың барлығы бірдей адамға пайдалы бола бермейді,олардың зияндылары да кездеседі. Мыс:тышқан және басқа кемірушілер-астықтың жауы аурулар-(оба,тырыспа,сүзек ).

Жұқтырушы:бит,маса,бүрге тәрізді бунақденелілер.

Жеміс ағаштарын көкөністерді басқа да мәдени өсімдіктерді қорегіне пайдаланып, зиянын тигізетін жануарлар мен жәндіктер бар.

Жануарлардың тіршілік ету сипаты.

Жануарлар жер жүзінде суда да,ауада да,құрлықта да,топырақта да тіршілік етеді. Жануарлардың қоректеніп,ұрпағын өрбітетін аймағы мекен ету ортасы деп аталады. Жануарлардың негізгі мекен ету ортасы :құрлық топырақ және су. Құрлықтатіршілік ететін жануарлар – жүруге,топырақтағылар

Қазуға ,ал судағылар-жүзуге бейімделеді.

Жануарлардың қалыпты тіршілік етуіне әсер ететін әр түрлі жағдайлар ортаның жағдайлары деп аталады.Ондай жағдайлардың үш түрі бар:

1.Өлі табиғаттың әсері.

2.Тірі табиғаттың әсері.

3.Адам әсері.

Өлі табиғатқа- температура,ылғалдылық,жарық,жел және т.б.

Тірі табиғатқа-жан-жануар бір-біріне әсері.

Адам- орманнан ағашкесу, жер жырту,батпақтың суын құрғату, белгілі бір жерлерді суландыру.

Жануарлардың қалыпты қалыпты тіршілік етуі үшін қоректік тізбектің де маңызы зор.Жануарлар бірлестігіндегі жеке ағзалардың заттар мен энергияны біріне-бірі тасмалдаудағы өзарақатынасы қоректік тізбекдеп аталады. Мыс: өсімдікпен қоректенетін жануарларжыртқыш немесе бунақдене

құсжыртқыш.

Жануарларды жіктеу.

Жер бетіндегі барлық жануарларды белгілі-бір ретке келтіру жүйелеу деп аталады.Ал әлемдегі жануарлардыбірінен-бірін толық ажыратып құрылысы,тіршәләк ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа ортақ белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады.

Жануарлар дүниесі жануарлар дүниесінің тармағытипклассотрядтұқымдастуыс түр.

Зоология- жануарлар дүниесін әр түрлі жағынан зерттейтін ғылым саласы.:Ол жануарлардың табиғат жағдайларындағы тіршілігін, олардың ересек күйіндегі және жеке особьтардың өмірінің әр кезеңіндегі құрылысы мен организмнің қызмет әрекеттерін зерттейді, жануарлар дүниесінің құрамы, неше түрлі жануарлардың пайда болуының заңдылығын және таралуының ерекшелігін зерттейді.

Жануар тану пәнінің міндеті жануарларды жанжақты зерттеу оның құрлысын, көптүлілігін тіршілік әрекетін, таралуын, және халық шаруашылығындағы маңызын оқыту болып табылады. Зоология сөзі грекше екі сөзден (Зоо-жануар, логос-оқу тану деп түсіндіріледі.).Морфологиялық зерттеулер жануарлардың сыртқы құрлысын, физиологиялық зерттеулер-тірі ағзаның сырқы ортаның арасындағы байланысын зерттейді.

Жануарлардың барлығы жасушадан құралған, ол дененің негізі болып табылады. Жасушалар тобы және жасуша аралық заттар белгілі пішінді, құрлысты, қызметті болып олар ұлпаларды құрайды. Жануарларда ұлпалар төрт түрге бөлінеді; эпителий, ет, жүике және дәнекер. Осындай әртүрлі ұлпалар өзара байланысты болып белгілі қызмет атқаратын жеке мүше құрайды. Жануарлар ағзасын бірнеше жүиеге бөлуге болады. Олар; жүике, асқорыту, қан айналу, т.б. жүйелер.

Адам баласына жануарлар туралы мәліметтер ертеден белгілі. Ғылыми бастауын ертедлегі грецияның данышпан ұлы ойшылы Аристотельден басталады (б.э.д 4э). Ол белгілі жануарларды (500-ге жуық) екі топқа бөлді: қызыл қанды жануарлар және қансыз жануарлар. Осылайша омыртқалылармен омыртқасыздар бір-бірінен бөлінді, өйткені Аристотель қызыл қанды жануарларға осы кездегі омырталы жануарлар класына сәйкес келетін мынадай бес майда топты жатқызды:

  1. Тірі туатын төрт аяқтылар-бұлар осы кездегі сүтқоректілерге сәйкес келеді.
  1. Құстар.
  2. Жұмыртқа салатын төрт аяқтылар және жорғалаушылармен қосмекеділерге сәкес келеді.
  3. өкпемен тыныс алып тірі туатын аяқсыздар-кит тәрізділер.
  4. Желбезекпен тыныс алатын қабыршақты аяқсыздар-балықтар.

Ал омыртқасысыздың орасаң көп түрін Аристотельдің өте майда топтарға бөлуі онша дұрыс емес еді. Аристотель жануардың не бары 520 формасын сипаттап жазды. Ал қазіргі кезде жануарлардың бізге белгілі формалары 100000 дана саналады. Орта ғасырдағы зоология тарихына тоқталмасақ та болады. ¤йткені діннің көрсеткен қысымы табиғатты тікелей зерттеуге кедергі болды.

Тек қайта өрлеу дәуірінде ғана зоологиялық зерттеу жұмыстары жолға қойылып жандана бастады. Ерте заманның ірі анатомы Галлен(131-2001) жануарлар анатомиясын зерттеп, содан кейін сол зерттеулердің нәтижесін адамға қолданған. Сол кезде физиологияда өркендеп дами бастады.Бұл дәуірдің физиологтардың ішіндегі ең атақтысы, қан айналысын зерттеген Гарви(1578-1657) ол өзінің эмбриологиялық бақылаулар арқасында қандай жануар болса да жұмыртқадан өніп өседі деген қорытынды жасаған. 16-шы ғасырда тұңғыш рет көзілдірік- ж/е үлкейтіп көрсететін шынылар пайдалана бастады. Бұларды ептеп бір-біріне қосудан микроскоп шықты. Микроскопты жақсарту жұмысын Лебен Гук(1628-1694)атқара бастады. Ол инфузорияны, қан денешіктерін ашты ж/е тұқым сұйықтығынан сперматозоидтарды тапты. Мольпиги (1628-1694) линза арқылы насикомдар анатомиясын анықтау жөнінде өте көп жұмыстар жасады. Морфология пәндерімен қатарлас жануарлар системасы туралы ғылымында- систематикада дамыды. 18-ші ғасырдағы ең ірі систематик Линней (1707-1778) болған. Ол классиктің кітабы табиғат системасы 1735-ші басылып шықты. Линней жануарларға латын тілінде біріңғай ат қойды, бұл жағдай сол кезге дейін шыққан зоология кітаптарында болып келген кемшілікті жойды, бұл кемшілік әр ұлттан шыққан авторлардың сол бір жануарды өз тілінде түрлі-түрлі атауынан болатын еді. Линней түрлерді қос атпен- бейнарлы номенклатурамен атауды кіргізді.