Биоценоздардың эволюциясы

Әрқандай территория абиотикалық факторлар бойынша орын алмасады. Мұндай процессті сукцессия деп атайды. Трофикалық процестер бойынша жаңа мекен – жайларды бірінші рет те өсімдіктер игереді. Бұрын өсімдіктер болмаған территорияларда жаңадан өсімдіктердің игеруін бірінші дәрежелі сукцессия деп атайды, бұрын мекен – жайларды өсімдіктер болған, бірақ бұзылған – ажыраған өсімдіктер жабындыларын – еікінші дәрежелі сукцессия деп атайды.

Сукцессия процесінде биоценоздағы организмдер түрлері олардың мекен – жайлары өзгерген болады. Сукцессия процесінде өсімдіктер соңынан жануарлардың өкілдерінде өтеді. Биоценоздардың дамуында олардың экологиялық структурасының маңызы үлкен. Биоценоз ішіндегі организмдердің әртүрлі топтары олардың экологиялық структурасын белгілейді.

Экологиялық түзілістер түрлі түрлер құрамына ие болады. Биоценоздағы экологиялық нишалар бір – біріне туыс болмаған түрлерден тұрады және бұл жағдайды винерия деп атайды. Табиғатта экологиялық викариялар кең тарқалған.

Биоценоздағы экологиялық құрылымдар белгілі климаттың жағдайда дүниеге келген мысалы : түрлі табиғий зоналардың биоценоздары олардың фитофаг және сапрофагтері бірлікте кездеседі, яғни Сібір ормандарында сапрофагтер, шөл зонасында фитофагтер (жануарлар) көп болады, қалдықтарды бір жағдайдан екінші жағдайға өткізеді.

Жануарлар әлемінен әртүрлі тамақтанатын жануарлардың редуценттік функциялары дамиды. Сукцессия климакспен аяқталады. Климакс процессінде организмдер қауымдастығы, түрлері пайда болып олар кейінгі кезеңде аз өзгереді. Климакс жағдайына жеткен дәуірге дейін сукцессия тездігі төмендейді. Сукцессия процессі егерде түрлер саны қосылғанда немесе азайғанда олардың тездігі жойылады.

Биоценоз ішінде түрлер әртүрлілігінің тарихий себептері түрдің эволюцион дамуымен байланысты. Әртүрлі биоценозда түрлер саны көбейеді. Ескі бірліктерде жас биоценоздарға қарағанда түрлердің байлығы байқалады. Агробиоценоздарда түрлердің 90- түрлілігі аз көрінеді. Түрлердің әртүрлілігі күрделі құрылысқа ие болған ұзақ эволюциялық дамыған тұрақты биоценоздарда жақсы ажыралады. Мұндай экологиялық бірліктер тропикалық зоналарға тиісті.

Биоценоздың ең үлкен ерекшеліктерінің бірі оның өзгергіштігі әр түрлі биоценоз өзінің биотобын және әр қандай биотоп сол жердің биоценозын құрайды. Климаттық, геологиялық және биотикалық факторлар барлық уақытта өзгеріп тұрады.