Биоценозда түрлердің әртүрлілігінің маңызы

Биоценоздарда түрлердің әртүрлілігін зерттеуде қиыншылықтар көптеп кездеседі мысалы : өсімдіктер фитоценозын үйренуде қысқа вегетациялы эфемерлер, эфемероидтар бір немесе көп жылдық түрлерді үйренуде өсу, гүлдеу, ұрықтану дәуірлері есепке алынуы керек. Сондай жағдайда ғана түрдің таксономиялық орнын дұрыс анықтау мүмкін. Мұндай жағдайды құстарда немесе насекомдардың тұқымдары, құраттарда да байқалады. Бірақта тұқым, немесе құртпен түрді анықтап болмайды.

Белгілі – бір жайда түрлердің әртүрлілігін үлкен ландшафтар немесе табиғий зоналармен алмастыруға болмайды. Мұндай жағдайларда төмендегі 3 айырмашылықты көрсетіледі.

  • альфа — әртүрлілік белгілі жайда немесе бірлік ішінде байқалады.
  • бетта -әртүрлілік түрлі өмір сүру жайлар ішінде
  • гамма — әртүрлілік үлкен региондар, зоналар, оролдардағы түрлер әртүрлілігінде байқалады.

Үлкен – кішілі биоценоздар ішіндегі түрлердің әртүрліліне абиотикалық

факторлардан басқа түрлі биотикалық факторлар әсері немесе шалғындарда өсімдікпен қоректенетін жануарлардың әсері сол жердегі түрлердің әртүрлілігіне кері немесе оң әсер етеді.

Биоценоз ішінде түр әрдайым экологиялық әр түрліліктің өлшем бірлігі бола алмайды. Себебі бір түрдің даму циклдері немесе оның тіршілік формалары түрлі өмір сүру жайларда және экологиялық нишаларда кездеседі мысалы : қызғалдақ гүлдеген уақытында түрлі өмір сүру жайларын иелейді, фитоценоздың түзілісіне өз үлесін қосады. Бірақ ол бір түр.

Түрлердің әртүрлілігі олардың өмірлік циклдері және генетикалық элементтердің жиындысы биологиялық бірліктердің – биоценоздардың әртүрлілігін көрсетеді.

Биоценоз ішінде түрлер әртүрлілігін анықтауда

1). Түрлер байлығын және түрлердің салыстырмалы көптігін бөлек — бөлек көру керек.

2). Биоценоз түзілісінің күшті болмаған бұзылуы түрлердің азаюына емес, түрлердің көбеюіне алып келеді

3). Егер стресс, бұзылу биоценоздың кішірек бөлімінде болса, қайта тірілу процесі тез болады. Себебі сыртқы ортадағы жерлерден түр және оның өкілдері кіріп келеді.

Сыртқы жағдайдың қолайсыз болуымен түрлер санының азаюы байқалады. Мұндай жағдайлар Орта Азияның түрлі каналдарында кездесетін диатом және жасыл балдырлардың саны және тарқалуы мысалында көруге болады. Судың ластануы артуы мен олардың түрлер санының кескін азайып кетуін байқау мүмкін.