Жыныс клеткаларының дамуы

Алғашқы жыныс клеткалары ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болады. Бұл кезде оларда жыныстық ерекшеліктер байқалмайды. Ұрықтың басқа клеткаларынан, заттар алмасуының кейбір ерекшеліктері жағынан, өзгешеліктері көріне бастайтын Ірі клеткалар. Бұлар ұрықтың денесінде емес ( құс пен сүтқоректілерде) алашқы қан тамырлары түзілетін уақытша органдарда ( сарыуыз қапшығының эндодермасында) пайда болады. Алғашқы жыныс клеткалары кейін қанның ағысы мен немесе тамырлардың бойы мен өз бетінше қозғалып, жыныс безінің ұрығына жиналады. Содан кейін оларды гаметалардың онан әрі дамуын қамтамасыз ететін жыныс бездерінің ерекше клеткалары – фолликулалық клеткалар қоршайды.

Гаметагенездің кейінгі кезеңдері ұрықтың жынысына байланысты түрліше жүреді. Га метагенез сперматогенез және овогенезге бөлінеді.

Аталық гаметалардың даму циклін сперматогенез дейді. Сперматогенез аталық жыныс безінің ирек каналшықтарында жүреді және төрт дәуірге бөлінеді. 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп – же тілу, 4) қалыптасу немесе спермиогенез. Көбеюші аталық жыныс клеткаларын сперматогонийлер деп атайды. Көбею дәуірінде сперматогонийлер митоздық тәсілмен жедел бөлінеді. Осының нәтижесінде олардың саны көбейеді. Бірінші рет бөлінгеннен кейін өсу дәуірі басталады. Өсу дәуіріндегі аталық жыныс клеткалары алғашқы сперматоциттер немесе І ретті сперматоциттер деп аталады. Өсу дәуірінде сперматогонийлер өсіп, үлкендігі орташа есеппен төрт есе үлкейеді. Пісіп – жетілу дәуірін жыныс клеткаларының диплоидтық күйінен гаплоидтық күйіне ауысу деп қарастыру орынды. Пісіп – же тілу дәуірінен кейін дамудың соңғы кезеңі қалыптасу дәуірі (спермиогенез) басталады, осы кезде сперматидалар сперматозоидтарға айналады.

Жұмыртқа клеткасының дамуын овогенез дейді. Аналық клткалардың даму аналық жыныс бездерінде жүреді. Аналық жыныс клеткаларының даму үш дәуірге бөлінеді: 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп же тілу.

Көбею дәуірінде оогонийлер митоздық жолмен бөлінеді, осының нәтижесінде клеткалардың саны көбейеді. Оогонийлер сперматогоний сияқты қоректік заттарды жеңіл сіңіреді. Адамның аналық жыныс клеталарның көбею дәәуірі эмбриогенез кезінде жүреді. Эмбриогенездің соңғы кезінде алғашқы фолликулалардың пайда болуы мен оогонийлердің көбеюі аяқталады, осыдан кейін олар І ретті ооциттерге немесе алғашқы ооциттерге айналады. Өсу дәуірінде бірен – саран алғашқы фолликулдар ғана өседі. Олар үлейіп Грааф көпіршігіне айналады. Фолликулдың өсуі мен бірге І ретті ооциттің көлеміде бірнешеесе өседі, центросомасы жойылады, ядросы хроматинінен ажырайды, цитоплазмада сарыуыз жиналады, ооцит қабықшамен қапталады.

І ретті ооцитті сыртқы жағынан фолликулдық клеткалардың қабаты қаптайды. Сары уыздың жиналуына байланысты аналық жыныс клеткасының өсу дәуірі аталық жыныс клеткасына қарағанда ұзаққа созылады. Пісіп жетлу дәуірінде І ретті ооцит екі рет бөлінеді: редукциялық және эквациялық. Осы бөлінулердің нәтижесінде бірғана жыныс клеткасы пайда болады. Бірнші бөлуінде бір клеткаға Цитоплазманың аздаған бөлігі, ал екіншісіндебарлығына дер лік келеді.

Аналық жыныс клеткасының дамуында қалыптасу дәуірі болмайды. Жұмыртқаның қалыптасуы оның өсу процесі кезінде жүреді. Сперматогони мен оогоний дамуының нәтижесінде хромасмалардың гаплоидтық саны бар аналық және аталық гометалар пайда болады.