Гистология пәні, қысқаша даму тарихы

Гистология (грекше histis — ұлпа, logos – ілім, ғылым) жануарлар ұлраларының құрылысын, қызметін зерттейді ғылым.

Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Микроскопиялық зерттеулердің негізінде әртүрлі ұлпалармен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең ХVIII – ғасырдың аяғына дейін созылған.

Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әртүрлі деректер бар. Бірақта микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарылған делінді. Атақты Галилей де 1612жылы микроскоп құрастырған деген мәлімет бар.

Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми – зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук “клетка ” деп атады (гректің “китос”-қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р.Гук “клетка” терминді алғаш қолданған ғалым.

XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болады. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар енгізілді- штативті азды – көпті жетілдірілді. Бұның себебі ХVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.

ХІХ ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық құрылыстың өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар құрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Европада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтіі және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары шықты.

Микрокоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі ХІХ ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы кезде жақсартылған иммерциялың обьективтер тәжірибеге енгізіліп, микроскоптың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар — формалин ( Блум 1893 ж), Хром қышқылы (Ганновер 1840) және пикрин қышқылы (Ранвье 1865) т.б. қолданыла бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиненің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы құралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіндік берді.

Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала ресейдеде дами бастады. ХІХ – ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт –Петербургте ( 1864), Мәскеуде (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт – Петербургтің Дәрігерлік – хирургиялық академисында (1869) гистология кафедралары ашылды.

Соңғы кезде электрондық микроскоп кең қолданылып жүр. Электронды микроскопты 1931 жылы Девиссон мен Калбек Германияда шығарған. 1950 жылы алғаш рет ультра жұқа кесінділер алынған. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын құралды ультрамикротом деп атайды. Электронды микроскоптың көрсету мүмкіндігі өте жоғары. Электронды микроскоп жарық микроскопына қарағанда клетканы 100000 есе артық үлкейтеді. Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік мүмкіндігі 0,1 – 0,3 нм – ге дейін жетеді.

Қазақстан ғалымдарынан: академик Ф. Мұхамедғалиев, Қазақстан ¦ҒА – ның корреспонденті мүшелері Т. Масенов, А.М. Мырзамадиев, А. Рақышев, профессор Г. Мұсағалиева, биология ғылымдарының докторы, профессор М. Нұрышев т.б гистология мен цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қосты.

Гистология көптеген биологиялық пәндермен, жалпы және салыстырмалы анатомиямен, эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен, зоологиямен тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.