Фауна туралы түсінік

Фауна дегеніміз – белгілі бір жердегі жануарлар түрлерінің жиынтығы. Жануарлар

мекен ететін ортаның биогеценозына кіреді. Фауна белгілі бір аймақтың, жануарларын біріктіреді. Мысалы Европа бөлігінің фаунасы: солтүстік бұғыны, дала бүркітін, бадяга губкасын біріктіреді, бірақта бұл жануарлар әр жерлерде мекен етеді.

Фауна деген түсінік систематикалық және географиялық мазмұндарды біріктіреді.

Сондықтан материктер фаунасы, аралдар фаунасы т.б. деп бөледі. Әр бір фаунаның өзіне лайықты белгілері бар, сол белгілері арқылы басқа фауналармен салыстырады.

Ең негізгі белгілерінің бірі – фаунаның түрдік құрамы. Әр бір фаунаны зерттеу түрлерді тіркеу мен басталады. Түрлердің саны фаунаның байлығын анықтайды. Үлкен аймақтың фаунасын зерттеу үшін ұзақ уақыт қажет. Мысалы: ТМД-нің Европа бөлігінің фаунасы осы күнге дейін зерттеліп келе жатыр.

Фауна түрлерін салыстырмалы анализ жасауы жер көлемі үлкен болғандықтан көрсеткіш соған тәуелді деп.

Әр бір фаунаның белгісі болып – түрлерді құрайтын экологиялық табиғат саналады. Мысалы тропикалық ормандардың фаунасы,ағаштарды тіршілік ететін жануарлар мен ерекшеленеді. Даланың фаунасы жүгіретін, жерді қазатын, өмірін ұйқымен өткізетін жануарларды біріктіреді. Фаунаның негізгі ерекшелігі оның жанындағы фауналармен байланыстылығы болып саналады. Бұл байланыстар фаунаның систематикалық құрамы бір екенін көрсетеді. Фауналардың өз ара байланысынан бөлек, фаунаның өзіндік ерекшелігі, эндемикті түрлерінің болуымен сипатталады. Неғұрлым эндемиктердің систематикалық орны жоғары болса, соғұрлым фауна алуан түрлі болады.

Мысалы егерде фаунада эндемикті туыстардың, тұқымдастары көп болса, соғұрлым ареал ұзақ сақталады. Ежелгі және өзіндік ерекшелігі бар фаунаға Австрияның фаунасы жатады, оның құрамында сүткоректілердің 8 эндемикті тұқымдасы бар.

Әр бір фаунаның өзіндік құрылымы бар. Фаунаның құрылымын білу үшін барлық мекен ететін жануарлар туралы мәліметті білу қажет. Омыртқасыз жануарлар туралы мәліметтің аз болуынан, тек сүткоректілер, құстар және тұщы сулардың балықтары туралы мәліметпен шектелуіміз керек.

Фаунаның құрылымы ондағы түрлердің санымен шектелмейді. Оған қосымша ареалдағы түрлерді салыстыру, ұқсас белгілерді тауып ажырату жатады. Таралу жағынан ұқсас түрлер, фаунаның географиялық элементтерін құрайды. Сондықтан оларды солтүстіктің, оңтүстіктің, батыстың шығыстың түрлері дейді. Бұл аттар фаунаны географиялық анализ жасау үшін қажет. Егерде ареалдың түрлері толығымен қаралса – оның аталуы басқаша болады. Орта Азия фаунасын зерттеген О.Л. Крыжановский 1975 ж. Эндемикті, субэндемикті, жерорта теңіздік , ортаазиялық, палеарктикалық деген терминдерді пайдаланды.

Зоогеографиялық әдебиетте мына терминдер жиі қолданылады: Европа – сібірлік, Шығыс- сібірлік, ортазиялық, бореальдік т.б. Сонымен фаунаның географиялық анализі ондағы таралған жануарлар туралы мәлімет береді. Бұл фаунаны тану үшін аз. Сондықтан түрлердің пайда болуын, олардың фаунаға келуін білу қажет. Бұған жауапты фаунаның генетикалық анализі береді. Ол үшін түрлердің , туыстардың ареалын зерттеу керек.

Ол үшін фаунаның қандай элементері зертелетін аймақта пайда болған, ал кейбіреулер басқа жерден келген. Біріншіден – автохонды элементтер, ал екіншілері – аллохтонді. Кейде автохтонді түрлер аллохтонды туыстарға жатады. Мысалы аралда қалыптасқан түрлер, жергілікті жердің фаунасына автохтондар болып саналады.

Фауна кіретін түрлер жас жағынанда айырмашылық жасайды. Түрлердің кейбіреулері сол жерде пайда болып қалыптасқан, ал кейбіреулері алғашқы таралған орталықтарынан келген және сол жерде өніп өсіп ұрпағын көбейткен.

Түр пайда болу жағынан өте ежелгі болуы мүмкін, ал зерттелетін фаунаға жақын арада клеуі мүмкін алғашқы ареалдан. Ареалдың жасын анықтау қиын, оны ұзақ жылғы полеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталады.

Зоогеографиялық мәліметтер түрлердің ежелгі немесе жас екенін білуге болады.

Мадагаскар аралының табиғат жағдайы алуан түрлі. Флорасы бай . Өсімдіктерден 6000 аса түрлері өседі. Пальма, бамбук, орхидея өсімдіктері өседі. Мадагаскар аралының фаунасы – аралдық болып келеді. Эндемикті жануарлар басым болып келеді. Ірі жыртқыш жануарлар жоқ. Жануарлары фитофагті, шөптермен қоректенетін түрлері басым. Приматтар отрядынан лемурлар, индрилер мекен етеді. Кеміргіштер өте көп. Құстардың 50% эндемикті болып келеді. Рептилиялардан –хамелеондар, геккондар, тасбақалар, крокодилдер, кесірткілер мекен етеді. Қосмекенділер саны Мадагаскарда аз. Тұщы суда мекендейтін балықтар жоқтың қасында.

Омыртқасыздар Эфиопияда шыққан болып саналады. Насекомдар, алуан түрлі шаянтәрізділер богомолдар кездеседі.

Маскарен аралдары ерекше фаунамен көрінеді. Алып тасбақалар, жыландар, геккондар, сцинктер мекен етеді. Бұл аралдар орнитофаунаға өте бай. Сейшель аралдарының фаунасы ежелгі амфибияларға бай болып келеді.

Үнді –Малай облысы тропикалық Азияның бөліктерін қамтиды. Үнді мен Тынық мұхитының біраз архипелагтарі кіреді. Индо-Малай облысының сүткоректілері 46 тұқымдасты біріктіреді. Ехидналар, қалталы тышқандар, кенгуру,басқада сұтқоректілер мекен етеді. Кірпілер, жерасты тышқандар, тупайлар мекен етеді. Маймылдар өте көп. Гиббондар мен орангутангтар. Жыртқыштар көп. Қасқырлар, күндар, үнді мангустасы, жолбарыс, арыстандар, пілдер мекен етеді.