Жануарлардың тұщы суларда мекендеуі мен тіршілігі

Тұщы суларға – көлдер, өзендер, бұлақтар жатады. Олар атмосфера жауын

шашынынан пайда болады. Тұщы су қоймаларының көлемі 4 млн. квадрат км. Барлық материктің су қоймалары терең емес, орташа тереңдігі 1000 метрдің шамасында. Тек Байкал көлінің тереңдігі -1600 м, не болмаса Танганьика колінің тереңдігі -1435 м. аспайды

Тұщы су қоймалары біркелкі орналаспаған. Тұщы су қоймаларында: басаяқты моллюскалар, теріинелілер мүлдем жоқ. Немертиналар, көпқылтаңдылар саны аз. Ішек қуыстылар мен губкалардың бірең сараң түрлері кездеседі. Тек тұщы суларда бауырымен жорғалауышар жақсы тіршілік етеді. Соған қарамастан тұщы сулардың фаунасы теңіз фаунасынан пайда болады. Қазірдің өзінде теңізден көлге, өзенге жануарлар өтіп тіршілік етуде. Тірі организмдердің тұщы суларда тірішілік етуіне қоршаған орта факторлары әсер етеді.

Оларға –судың химиялық құрамы, температурасы, судың қозғалысы жатады. Су қысымы тұщы суларда роль атқармайды. Теңіз суының негізгі тұзы -хлорлы натрий -тұщы суларда болмайды. Тек кейбір көлдердің сулары тұзды болады. Судың тұздылығы 0,3 –0,5 %, ал Каспииде 12-17 %, Өлі теңізде 230% болады.

Кейбір жануарлар судың тұздылығының өзгеріп тұруына бейімделген. Оларды эвригалиндік организмдер дейді. Белгілі бір тұздылықта тіршілік ететіндерді стеногалиндік дейді. Судың температурасы жануарлар тіршілігіне айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Судың температуралық тұрақтылығы жергілікті жердің климатына, орналасқан орнына байланысты. Ішкі суларда тіршілік ететін жануарларды эвритермдік ағзалар дейді. Температуралық аутқүлар анда санда болып тұрады.

Тұщы суларда жарықтың түсуі айтарлықтай роль атқармайды. Жарық судың түбіне дейін жетеді де, фаунасының бай және әртүрлі болуына әсер етеді.Жарықтың мол түсуі өсімдіктің көп болуына әкеледі, соның арқасында О2 көбейеді, жануарлар азығы, өсімдіктер көбееді. Жануарлар қарқынды өсіп дами бастайды, саны көбееді.

Тұщы су қоймаларында сулардың жағалауға келіп қайтуы болмағандықтан су ағыстарының рөлі ерекше. Әсіресе тау өзендерінде ағыс өте жылдам, ал кейбір көлдерде мүлдем ағыс жоқ. Тұщы су жануарлары 1) ағынды судың жануарлары реофилдер, ағынсыз сулардың жануарлары лимнофилдер деп бөлінеді.

Жалпы тұщы су мекендеушілерін эврибионтарға жатқызады. Ағынсыз сулардың жануарлары-судың тереңдігіне, климат жағдайына , химиялық құрамына байланысты. Көлдерде пелагиаль мен бентальді ажыратады. Ондағы нейстон, планктон, нектон және бентості бөледі. Көлдерде пелагиальді лимналь деп атайды, терең аймақтарын профундаль дейді, ал жағалаудағы тіршілікті латераль дейді.

Азот пен фосфорға бай көлдерді эвтрофті көлдер дейді. Көлдерге келіп құятын өзендер минералды және органикалық заттарды алып келеді. Көлдің терең қабаттарында өсімдіктер қалың, жануарлар түрлі болады. Тіршіліктің қайнаған ортасына айналады.

Олиготрофті көлдер терең, суы көк жасыл болып келеді. Азот пен фософр аз, жануарлар тығыздылығы төмен. Бұл топқа биік таудағы альпі көлдері жатады.

Дистрофті көлдер терең емес, торфті аймақтарда кездеседі. Жағалаулары торфті өсімдіктермен жабылған. Көлдің сулары гумин затына бай, қоңыр түске боялған. Бұл суларда О2 аз, Н2О реакциясы қышқылды. Кейінгі жылдары бұл көлдерде балдырлардың қарқынды өсуі жүріп жатыр. Өйткені көптеген тыңайтқыштар далалы алқаптан келіп түседі.

Өндіріс қалдықтары су қоймаларының өсімдіктеріне зиянды әсер етуде. Мысалы: Солтүстік Америкадағы Эри көлі, Европадағы Женева көлі осындай өзгерістерге ұшырауда.

Көлдің температуралы режиміне қарай: тропикалық қоңыртай белдеудің және поляр маңының көлдері деп бөлінеді.

Тропикалық көлдер судың температурасының шамалы ауытқуымен және судың беткі қабаты мен түбінің шамалы айырмашылығымен ерекшеленеді. Бұл көлдердің фаунасы бай және алуан түрлі.

Қоңыржай аймақтың су қоймалары өтпелі белгілерінен ерекшеленеді. Температураның ауытқуы жыл бойы айқын білініп тұрады. Жаз айларында судың беті түбіне қарағанда жылы болады. Қыста керісінше, судың түбі бетіне қарағанда жылы болады.

Ағынды сулар тұйық суларға қарағанда таза. Фаунаның таралуы судың ағысына, температурасына байланысты. Ағынды сулардың жылдамдығы 3 м/сек.

Тұщы сұлардың экологиялық жағдайлары жылдан жылға нашарлап бара жатыр.Өндіріс

қалдықтары,халықтың ретсіз суды пайдалануы сұдың құрамын, сапасын,. өзгертіп жіберді Сондықтан ішкі суларды қорғау, ондағы жануарлар санын көбейту адамзаттың міндеті..

Қазақстандағы ірі көлдер экологиасына қарай нашар көлдерге жатады. Каспи мен Арал,Балхаш,Зайсан көлдері ластанған көлдерге айналып отыр. Бұның өзі гидробионтар санының азаюна алып келді. Бұған қосымша Каспидегі мұнай өңдеу, Балхаштағы А.Э.С экологиалық жағдайды нашарлатуда. Осы жағдайды жақсарту мақсатында тұрлі шаралар қолдануда.