Шеміршекті балықтардың дене құрылысы. Систематикасы

Шеміршекті балықтар- осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделерімен бөлінеді де ,олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ. Шеміршкті балықтардың дене құрылысымен танысу ұшін акуланың құрылысымен танысу қажет. Акула кеңінен таралған балықтардың бірі. Ашық теңіздерде, мұхиттарда тіршілік етеді. Денсінің ұзындығы ірілерінде 15м-ге дейін барады. Ал кішкентайының дене ұзындығы 5-6м-ге дейн барады. Акулалар кеңінен таралған балықтардың бірі.

Акулалардың денесі ұзынша ,ұршық тәрізді болады . Басының екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар . Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болады.Рострум тұрлі қызмет атқарады. Рострум ара тұмсықты акулада жауынан қорғану ұшін қажет. Өйіткені рострумның жиектерінде тістері болады. Рострумның көмегімен азығын тауып жейді.

Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады . Оларды брызгальцелер деп атайды . Брыгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек саңылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатының жапырақшлары бір келкі емес . Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкенде, ал астыңғысы-одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайдыц .

Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады . Еркектерінің құрсағындағы қосқанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады . Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөлінеді .Омыртқа денесі алддыңғы , артқы жағынанда ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады . Соныменг қатар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталады. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағын қоршап тұрады .

Бас сүйегі –ми сауытынан , сезім оргындарының капсуласынан және рострумнан құралған. Демек , осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған . Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйешгімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады . Бас сүйегінің алдыңғы бөлімінен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады .

Желбезек тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады. Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады.Белдеу және бос төменгі бөлімнен тұрады.Алдыңғы аяқтары ол көкірек қанаттары. Артқы аяқ немесе құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында дара шеміршектен тұрады.

Ауыз құысында ірі тістері болады. Ол ары қарай жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеш қарынға ашылады, ары қарай ашы ішек тоқ ішекпен жалғасады. Екі бөлімнен тұратын бауыр ашы ішекке ашылады. Өт бөліп отырады. Желбезек саңылаулары бір ұшы жұтқыншаққа, екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек перделері , желбезек доғалары болады. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камералы. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық құыс жалғасады. Қарыншаға артериалдық конус жалғасады.Артерия қаны жұрекке соқпай денеге тікелей желбезектен таралады. Қан өте жай қозғалады, оттегіне онша бай емес. Тотығу процессі нашар жұреді , сондықтан дене температурасы жоғары болмайды. Қан жасайтын мұше көкбауыр болады. Балықтар желбезекпен тыныс алады. Балықтар су ағысын тұдырып, оны желбезектердің тесіктері арқылы өткізіп суда еріген оттегі сіңірледі.

Акуланың орталық жұйке жүйесі ми мен жұлыннан құралады. Ми алдыңғы, ортанғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Алдыңғы мидың йіс бөлімшесі улкейген, құрылысы күрделі. Шеміршекті балықтардың тез қимылдауына, жүзуіне байланысты тепе-теңдік, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Жұлынның құрылысы кұрделенген. Миынан 11 жұп нерв тарайды.Аралық миының үстіңгі жағында эпифиз орналасқан. Аралыық мидің арт жағында гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы улкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа бөлінбеген. Сезім органдардан қос иіс қапшықтары болады. Көру анализаторы жақсы жетілген. Көзінің қасан қабығы жалпақ, хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Көзін ашып жабатын ымдау жарғағы болады. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін – алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольф каналшалары арқылы клоакаға барады. Шеміршекті балықтардың көбінің аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары дене қуысындағы маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару, жыныс жолдары дербес болады.Бір жұп аталық безі бұйрек каналдарымен және оның бөлімімен байланысқан. Каналшалар вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр- жыныс қуысына келіп құйылады.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер. Тақта желбезектілер акулалар және скаттар деп екі отрядқа бөлінеді.

Скаттар-жай қозғалатын, су тубіне тіршілік етуге бейімделген балықтар.Денесі құрсағына қарай қысылып бітеді. Қанаттары өте жалпақ болып келеді. Скаттар су тубінде омыртқасыздармен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бауырында Д-витамині болады.

Химерліктер су тубіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын ұршық тәрізді. Терісі қабыршақсыз. Скелеттері хордадан тұрады. Ұрықтану іште болады. Екі жұмыртқадан салады. Кәзіргі химерліктер үш тұқымдасқа бөлінеді. Шеміршекті балықтар ашық мұхиттарда мекен ететін болғандықтан жыртқыш балықтар қатарына жатады. Ақ акула, көк акула, китті акула, мако акуласы, коралл акуласы деген тұрлері бар. Скелеті 100 шеміршектен тұрады. Шеміршектер сұйектен жеңіл, балықтың жеңіл қозғалуына мумкіндік береді. Шеміршекті балықтарда 7- сезім мұшесі жақсы дамыған. Бұл ғажайып жануарлар мұхиттағы гидробионтардың бірі болып саналады. Сондықтан оларды тірі табиғаттың бірі деп санауға болады.