Балықтардың негізгі экологиялық топтары

Экологиялық тұрғыдан топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. бірақ, көптеген орыс оқымыстылары: К.Ф. Кисслер (1877), Н.А. Смирнов (1912-1924), А.А. Браунер (1923), В.И. МАйснер (1933), зерттеулеріне сүйене отырып, бірнеше экологиялық топтарға жатқызылған.

  • Теңіз балықтары: Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың

көптеген трлері жатады. балықтар әр түрлі горизонттарды тіршілік етеді.

а) Пелегиальді балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қорегін іздеуі де өзара араласып жататын балықтар. Бұл

балықтардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Олар активті (жылдам) жүзеді. Бұларға акулалар, сардиналар, макрельдер жатады.

Пелегиаль дегеніміз мұхит түбімен байланысты емес, активті қозғалып, тіршілік ететіндер жатады. Пелегиальда мекендеушілер өмір бойы активті және пассивті тіршілік етеді. Арнайы органдары арқылы активті тіршілік ететін балықтар – нектондар.

Оларға жататындар – балықтар, кит тәрізділер, акулалар. Бұлар бүкіл дүние мұхиттарына жақсы тараған.

Ал пассивті тіршілік ететін балықтарды – планктон дейді. Олар мұхит

ағыстарына төтеп бере алмайды. Бұларға – омыртқасыздар – малюскалар, шаян тәрізділер т.б. жатады. балықтардың кейбір түрлері, мысалы Айбалықтар судың қозғалысына байланысты пассивті қозғалады.

в) Литоральді – су түбі балықтары. су түбіне жататын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады, және қоректерін табады. Ол балықтар әр түрлі тереңдікте тараған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балықтар) өте тайыз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдіктерде кездеседі.

Жоғары да айтылған топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассивті қорғануына байланысты денесіне тікен, қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған. Ал кейбіреулерінің денесі (кузовкалар) қалың сауытпен қапталған.

Мұхиттарда литоральдік бөлімі – континентальдік шельфтің (мұхиттың,

материктің) жағалауы, немесе теңіз суы шайып тұратын жерлері. Литрольға

жарық мол түседі. Жағалауға судың келіп-қайтуы, толқындар – бұл жерде мекен

ететіндерідің денесінде аранй өсінділер болуына ықпал еткен. Олар – губкалар,

коралльдар, мұхит шаяндары, екі жақты молюскалар. Бұл ағзалардың жауларынан қорғанатын жабынды түсі болады.

с) Абиссальді балықтарТеңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метр төмен ) мекендейтін балықтардың азғана топтары. Олардың тіршілік жағдайы қолайсыз әрі ерекше. Ол – үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссальды балықтарда көз болмайды., болса да өте үлкен, ал кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштық пен немесе өлекселермен қоректенеді.

  1. Тұщы су балықтары. Тек қана тұщы суларда тіршілік етеді.тіпті теңіздің тұз

сызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұщы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

а) Ақпайтын көлдер мен тұщы суларда тіршілік ететін балықтар.

в) Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары. (Шортан, алабұға)

с) Ағынды су балықтары. (Форель, аққайран)

  1. Өткінші балықтар. Тіршілік кезеңінің цикілдеріне байланысты бір мезгілде

теңізде, екінші мезгілде өзендерде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс өнімдерінің жетілу кезеңіг теңізде өткізеді де уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұларға Лосос тәрізділер (кете, горбуша, семга) бекіре балықтар (бекіре, құрпа балық) кейбір майда шабақтар мысал бола алады. Керісінше өзен уграларының көбеюі теңізде болады, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.

д) Жартылай өткінші балықтар. – Теңіздердің өзенге құятын тұщы бөліктерінде

тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерге миграция жасамай, тұрақты тіршілік ете береді.

Балықтардың қоректенуі – Балықтардың қоректенуі алуан түрлі болады.

Балықтар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері өсімдік тектес, кейбір түрлері жануарлар тектес азықтармен қоректенеді. Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарғақызыл қанаттылар, марикалар және храмулалар жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Барлық балықтардың шабақтары планктондармен қоректенеді. Балықтар қоректерінің алуан түрлі болуына байланысты олардың ауыз аппараттарының құрылысы да түрлінше болады. Жыртқыштықпен тіршілік ететін балықтардың ауызында ұштары артына қарай иілген өткір тістері болады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі.

  • Қармалағыш (хватательный) ауыз. ауыздары кең, желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болады.

  • Планктонды жеуге икемделген ауыз. Үлкендігі орташа, тістері екеу болады.

Оларға сигам, майшабақтар жатады.

  • Сорғыш ауыз. Олардың ауызы түтік сияқты. Оларға – тыран, теңіз инесі

жатады.

  • Бентос жеуге икемделген ауыз. Оған – скаттар, камбала, бекіре балықтар

жатады.

  • Семсер тәрізді жақты ауыз. Бұған саргандар, ара тұмсықты акула ауыздары

жатады.

Балықтардың суда тіршілік етуі үшін қолайлы жағдай қажет. Ол жағдайларға мыналар жатады:

1. Судың қозғалыста болуы;

2. Су температуарсының өзгергіштігі;

3. Газдарды ертіту қасиеті;

4. Мұз қабатының пайда болуы.