Балықтардың сыртқы құрылысы және қозғалысы

Ұршық тектестілердің денесі жақсы сүйірленген, жоғары жылдамдықпен жүзе алатын, балықтар жатады. Оларға скумбрия, албырттар, тунецтер жатады.

Жебе тектестідердің дене тұрқы ұзын, арқа және анал қанаттары құйырығына жақын орналасады. Бұл балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды. Жасырынып тіршілік етеді.

Бұған- шортан, сарған, сайра жатады.

Таспа тектестілердің денесі ұзын, екі бүйірі қысыңқы, үлкен тереңдікте тіршілік етеді. Бұған –қылыш балық, майшабақ королі.

Жылан балық тектестілер денесі ұзарған, көлденең кесіндісі сопақ, денесін жаймен ию арқылы қозғалатын балықтар. Бұларға-миногалар, мексиндер, жылан балықтар жатады.

Жалпақ балықтардың денесі биік, екі бүйірі сығыңқы, су түбіне жақын жүріп, аз қозға-латын балықтар. Бұларға- скаттар, теңіз шайтаны жатады.

Шар тектес балықтарға – кірпі балық, пиногорка жатады. Бұлар судың таяз жерінде мекен етеді.

Балықтың денесі бас, кеуде, құйырықтан тұрады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңлауы, ал сүйекті балықтарды желбезек қақпағының сыртқы жиегі кеуде мен құйырықтың шекарасы, аналь тесігі.

Балықтардың басы оның тірщілік ету ортасына байланысты дамыған. Балықтардың басында ауызы, көздері, танаулары , жебезек саңлаулары орналасқан. Сүйекті балықтаржың желбезек саңлаулары бір жұп, шеміршекті балықтарда- бес, ал химераларда- желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған төрт жұп.

Желбезек қақпақтарының жиегі тері жарғақпен көмкерілген, олар басының астында желбезек аралық жерге бекіген. Ал кейбір балықтарда екі жедбезек жарғағы қосылып, қатпаршақ құрайды. ауызының орналасқан жері, құрылысы, олардың қоректену сипатына байланысты. Жоғарғы-төменгі жақ сүйектері ілгері жоғары қарай созылған.

Кейбір балықтардың ауызы жоғары қараған қисық саңлау сияқты. Тамағы су түбіне жақын балықтардың ауызы төменгі, немесе жартылай төменгі болады. Ал кейбір балықтардың жақ аралық сүйектері бас қаңқасымен қозғалмалы жалғасқан. Сондықтан, ауызы түтік сияқты созылады.

Бастың бүйірлерінде көздері орналасқан.Барлық балықтардың мұрын тесіктері жұп. Олар сүйекті балықтарда басының үстінде, көздерден ілгері орналасқан. Ал шеміршекті балықтарда олар басының астында. Көптеген балықтардың дәм сезу және түйсіну органдарының қызметін атқаратын мұртшалары болады.

Көптеген балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы болады. Кейбір түрлерінде ол үзік-үзік, ал кейбіреулерінде қисық болып келеді.

Бүйірі сызығы – балықтардың суда тепе теңдігін сақтайды. Толқындарды жарып, қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.

Жүзу қанаттары балықтардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Тепе теңдікті сақтайды, қозғалуын басқарады, және жүзуін тежейді әрі жылдамдатады. балық қанаттары жұп және тақ деп ажыратылады. Жұп қанаттарға кеуде және құрсақ, тақ қанаттарға-арқа және құйырық асты және құйырық қанаттары жатады. Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін. Біреу, екеу немесе үшеу… Аналь қанаты әдетте біреу болады.

Шеміршекті балықтардың аталықтарының құрсақ қанаттарының ішкі талшықтары шағылысу органына айналған. Құйырық қанаттары изобатты, гипобатты және эпибатты деп бөлінеді. Құйрық қанаты болмайтын балықтар сирек кездеседі. нағыз сүйекті балықтардың құйырық қанаттары тік, жұмыр, ойық, жартылай сүйірленген болып бөлінеді.

Әр бір қанат бірнеше қызмет атқарады. Құйырық қанаты қозғалу күшін тудырады. Олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жұп қанаттар тепе теңдікті сақтайды, кеңістіктегі және тереңдік бағдарлаушының қызметін атқарады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін.Дененің өз осінее айналыуына кедергі болады, қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтерде айырқша ойықтарға жиырылады.

Дене пішіні мен тіршілік ортасының көп түрлілігі балықтардың қозғалуының әр түрлі болуына әкеледі. Қазіргі кезде үш түрлі қозғалу әдістері белгілі: жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу – денесі мен құйырығының иілуі арқылы іске асырылады. Ол бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде болады. Бүйіріне иіліп жүзудің екі типін ажыратады: жылан балық тектес және скумбрия тектес.

Балықтар құрылысының ерекшелігіне физиологиялық жағдайға судың температура-сына және басқа факторларға тәуелді түрлі жылдамдықпен жүзеді. ең жылдам жүзетін балық- семсер балық., сағатына жүз жиырма шақырым. Жүзу жылдамдығы балықтың көлеміне де байланысты. Ірі балықтардың ұсақ балықтарға қарағанда тез жүзетіні табиғи құбылыс.

Жүзу жылдамдығына сәйкес балықтарды төмендегідей топтарға бөледі. Өте тез жүзетіндер, (семсер балық, тунецтер, акула- мако), жылдамдық жетпіс шақырым шамасында, тез жүзетіндер – албырттар, скумбриялар жылдамдық коффициенті 30-60, біршама тез жүзетіндер – треска, майшабақтар жатады.жылдамдық коффициенті – 10-20, ақырын жүзетіндер – бұзау бас балықтар- жылдамдық коффициенті 5-10, өте ақырын жүзетіндер – шаншар және ай балықтар, жылдамдық коффициенті 5 тен жде аз. Балықтардың жылдамдылығына оның дене пішіні, қабыршағының, шырышының бар-жоғы әсер етеді. Тез жүзетін балықтар-ға- денесі сүйір, қабыршағы майда, жұқа етті, құйырық сабағында көлденең киль-дер көп болады. тез жүзетін балықтардың айырқша су айналып өтетін органдары болады. Оларға майлы қабат, арнайы қалақшалар, және ұзарған қабыршақтар.

Қозғалудың бір әдісі – кеуде қанаттарының және құйырығының көмегімен су түбінде жорғалау. Жорғалағыштарға алабұқа, теңіз шайтаны жатады. Ұшу немесе қалықтау ұшатын балықтарға тән. Өзінің жауларынан құтылу үшін ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп, судан секіріп шығады да, бір шама уақыт қалықтап, 200-400 метр жерге дейін бара алады.