Ядрошықтың ультраструктуралық құрлымы

Нуклеоплазманың немесе кариоплазманың қүрамында түрлі химиялық қосылыстар — иондар, белоктар, фермент-тер және нуклеотидтер болады. Ядроның ДНҚ-сында гендік хабар орналасқан. ДНҚ — хромосомалық материалдың химиялық негізгі және оның молекуласы бір-бірімен айқасып ширатылған полинуклеотидтік тізбектен түрады. Хромосомалар ДНҚ мен белоктан қүралады. Хромосома-ларды 1848 жылы ботаник Гофмейстер керіп, суретін салған болатын, ал 1888 жылы Вальдейер хромосомалар деп атаған. Олар митоздық бөліну кезінде айқын байқалады. Жануарлар мен есімдіктердің бір түрінің бар-лық клеткаларындағы хромосомалардың саны, пішіні және үлкендігі түрақты болады. Организм клеткаларындағы хро-мосомалардың саны диплоидты келеді. Хромосомалардың гаплоидтық жинағы бар екі гаметаның қосылуының нәтижесінде пайда болады. Плоидтықты «п» әрпімен белгілейді. Мысалы, гаплоидты — 1п, диплоидты — 2п, триплоидты — Зп т. б. Көп «п» санды клеткаларды полиплоидты деп атайды. Адамның дене клеткаларында (диплоидтық жиынтық) 46 хромосомалар болады, ал гап-лоидтық жиынтығы, 23. Дене клеткаларында хромосома-лардың гаплоидтық саны болатын организмдер партеногенездің нәтижесінде пайда болады. Түрлі организ-мдердің клеткаларындағы хромосомалардың саны да айны-малы. Мысалы, аскариданың дене клеткасында 2 хромосома, ал кейбір қарапайымдыларда 300-ден астам бо-лады.

Интерфазалық ядрода хроматин бытыраңқы күйінде (зухроматин) болуы немесе тығыз масса (гетеро-хрома-тин) қүрауы мүмкін. Интерфазалык ядроның эухрома-тині хромосомалардың таратылған участоктеріне сәйкес келеді, ал гетерохроматин олардың ширатылған (спи-ральданған) күйінде қалған бөліктері. Ядрода хромосома-лардың біреуінің белгілі участогіне бекіген ядрошық деп аталатын тығыз денешік болады. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық кездеседі. Электрондық микроскоп яд-рошықтың ішкі қүрылысын, оның жіптерден түзілген бо-саң тор мен гранулалық материалдардан түратынын анықтады. Ядрошық және онымен байланыскан хрома-тин, кейін цитоплазмаға ауысатын рибосомаларды қүрайды. Клетка бөлінуге дайындалған кезде ядрошық жойылады да, кейін жаңадан пайда болады. Клетка тіршілігіндегі ядроның рөлі өте үлкен. Цитоплазмамен бірге ол клетканың барлық тіршілік процестеріне катысады. Клетка ядросыз тіршілік ете алмайды.