Клетканың тіршілігіндегі ядроның маңызы, гендік информация

Ядроны алғаш рет 1833 жылы Броун өсімдіктер клет-касынан байқаған. Кейін жоғары сатыдағы организмдер клеткаларыңца ашылған. Ядро — эукариондық клеткалар-дың міндетті қүрамды бөлігі. Әдетте, клеткада бір ядро бо-лады, көп ядролы клеткаларда кездеседі. Ядролардың пішіні көбінесе клетканың пішініне сәйкес келеді. Бірақ та клетканың жасына және функциялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Ядроның үлкендігі де түрақсыз, сыртқы ортаға, клетканың жасына, физиологиялық күйіне тағы баскаларға байланысты езгеріп отырады. Ядро қабықшадан, хроматиннен (хромосомалық материал) ядро-шықтан және кариоплазмадан, ядролық немесе нуклеоп-лазмадан түрады (13-сурет).

Бүл компоненттер өздерінің биохимиялық қүрамы мен
ультракүрылымы жағынан ажырайды. Ядроның барлық
компоненттерініңқызметі,айырмашылықтарына қарамастан, хромосомалық материалдан гендік функциясын — ДНҚ-ның репликациясы мен РНҚ синтезін,камтамасызетуге бағытталған.4-Электрондық — микроскопиялық зерттеулердің деректері бойынша ядролық қабықша перинулеалық кеңістікпен (ені 20-60 нм)белінген екі мембранадан (сыртқы және ішкі) түрады. Ядро қабықшасының мембранасы морфологиялық түрғыдан клетка ішіндегі баска мембраналардан айырмасы жоқ: қалыңдығы 7 нм Ядролық пораның шамасындаи және екі осмио – нәзік құрылысы фильдік қабаттардан түрады. /— перинкулеалык кеністік, 2— ішкі ядро-/

Ядро қабықшасының сыртқы орталык. гранула, б- гранулалардан тарайды

Мембранасы эндоплазмалық тор фибриллалар, 7— диафрагма. Тордың мембранасымен жалғасып жатады. Сыртқы мембранасының цитоплазмалық бетінде рибосомалар орна-ласқан. Ішкі мембранасы ядроның хромосомалық материа-лымен байланысқан. Ядро қабықшасында диаметрі 80-90 нм поралар (грекше пора — тесік) болады. Өсімдік клетка-ларында поралар көп болмайды және ядро бетінде тәртіпсіз таралады (14-сурет)..

Поралар жәй ғана тесік емес, олар электрондарға тығыз материалмен, глобулалық және фибриллалық күры-лымдармен, жабылған. Осы поралар арқылы ядро мен ци-топлазманың арасында заттардың екі жақты алмасуы жүреді. Бір клеткадағы поралардың үлкендігі әдетте түрақты болады. Олардың саны клеткалардың метабо-лизмдік белсенділігіне тәуелді.

Поралық комплекстер клетканың басқа да мембрана-лық компоненттерінде де кездесуі мүмкін, бірақ та ядро қабықшасына қарағанда сирек кездеседі.