Клеткалардың кимыл органеллалары

Клетка орталығы бірклеткалы және кепклеткалы жа-нуарлар организмдеріне, төменгі сатыдағы өсімдіктер клет-каларына тән. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырауқүлақтарда, кейбір карапайымдарда бол-майды. Мүны Флемминг (1875) пен Бенеден (1876) жарық микроскопының көмегімен ашқан. Клетка орталығы ядроға жақын орналасады. Ол екі үсақ тығыз денешіктерден (центриольдардан) түрады. Әдетте олар жүп болып келеді. Центриольдардың жүбын диплосома деп атайды. Диплосомада центриольдар өзара перпендикуляр орналасады. Центриольдар клетканың органоидтары мен кірінділер болмайтын цитоплазманың ақшыл зонасы центросферамен, қоршалып түрады.

Диплосома зонасынан күннің сәулесіндей шашырай та-раған микротүтікшелердің болатынын электроңдық-микро-скопиялық зерттеулер анықтады. Центриольдің пішіні цилиндр тәрізді. Үзыңдығы 500 нм диаметрі 150 нм. Ци-линдрдің қабырғасы микротүтікшелердің 9 тобынан қүралған. Әр топ үш микротүтікшеден түрады. Центриоль-дар функциясының бірі кірпікшелер мен талшықтардың негізінде орналасатын базальдік денешіктерді қүрау және бөлінуші клеткаларда олар бөліну үршығын қалыптастыруға қатысады.

Орналасу ерекшеліктеріне қарап клеткалар бетінің ма-мандандырылған қүрылымдарын клетканың бос (апикаль-дық) бетіндегі, жанасқан клеткалардың бетіндегі және клеткалардың базальдық бөлігіндегі мамандандырылған қүрылымдар деп бөледі.

Жануарлардын клеткаларының көпшілігінің плазмалық мембранасы түрлі қүрылымдық өсінділер қүрайды. Солар-дың бірі — микробүрлер. Электрондық микроскопиялық зерттеулер микробүрлер плазмалық мембранамен шектел-ген цитоплазманың өсінділері екенін анықтады. Мик-робүрлердің негізгі функциясы — клеткалардың ауданын арттыру. Сондықтан да бүлар алмасуға белсенді қатысатын клеткалардың бетіңде көп болады. Мысалы, асқорыту жо-лының кілегей кабатын астарлаушы клеткаларда, бүйректің каналшықтарында, секреторлық клеткаларда. Дәнекер үлпалық клеткаларда да байқалады (фибробла-старда, лейкоциттерде). Өсімдік клеткаларында мик-робүрлер болмайды. Микробүрлердің қалыңдығы 100 нм шамасында. Саны мен үзындығы клеткалардың түрлі типінде түрліше. Әсіресе ішек және бүйрек эпителийінің тарақша көмкермесінде (щеточчая клетка) көп байкалады. Ішек эпителийінің бір клеткасында 3 000 дейін мик-робүрлер болады. Микробүрлердің аралығында гликокалистің қалың қабаты орналасқан. Микробүрлердің жиыры-ла алатьш қабілеті бар.

Плазмалық мембрананың өсіңділерінің тағы да бір түрі кірпікшелер мен талшықтар. Бүлардың жуандығы (диа-метрі 0,2 мкм жуық) мен ультрақүрылысы бірдей. Со-ңдықтан, қимыл органеллаларының осы екі типін біріктіріп ундулиподия деп атайды.

Кірпікшелер мен талшықтар үзындығы және клетка-дағы саны бойынша ажырайды. Кірпікшелердің үзындығы 5-10 мкм, талшықтардікі 150 мкм және онан да артады. Жарық микроскопымен кірпікшелер мен талшықтардың ішкі қүрылымы байқалмайды, біртекті болып көрінеді. Электронды микроскоп мембранамен қоршалған мөлдір матрикстің ішінде орналасқан 9 шеткі жүп, 2 орталық да-ра фибриллалардан түратынын көрсетті. Фибриллалар микротүтікшелерден түрады. Микротүтікшелер тубулин бе-логынан қүралған. Ундулиподиялардың бәрі бір схемамен (9+2) түзілген. Прокариот талшықтарының қүрылысы эукариоттардікінен қүрылысы өзгеше. Мысалы, бактерия талшығының сабағы бір ғана микротүтікшеден түрады. Морфологиялық түрғыдан орталық түтікшелердін біреуіне сәйкес келеді. Кірпікшелер мен талшықтар жануарлар клеткаларында кең тараған. Буынаяқтылар мен жүмыр қүрттарда, өсімдіктерден жалаңаш түқымдылар мен жабық түқымдыларда кездеспейді. Теменгі сатыдағы өсімдіктердің аталық жыныс клеткаларында болады. Адамда кірпікшелер тыныс алу органдарында, жыныс органдарында, орталық нерв жүйесінде кездеседі. Инфузориялардың әрбір клетка-сында жүздеген, мыңдаған кірпікшелер болады.

Әрбір жеке ундулиподияның негізінде базальдық де-нешік (кинетосома) деп аталатын қүрылым болады. Қүры-лысы жағынан центриольдарға үқсас (9×3)+0) формула бойынша түзілген. Жаңа кірпікшелер мен талшықтар ба-зальдық денешіктерден пайда болады, ал базальдык де-нешіктердің өздері центриольдардан дамиды. Кірпікшелер мен талшықтардың функциясы клеткалардың қозғалысын қамтамасыз ету.

Эпителиальдық клеткалардың көпшілігінің базальдық белігі біршама тегіс болады. Бірақ та метаболиттердің та-сымалдануы жедел жүретін көптеген эпителиальдық клет-калардың қабықшасының базальдық бөлігі қатпарлы болып келеді. Осьшың нәтижесінде плазмалық мембрананың жал-пы беті артып, алмасу процестеріне қолайлы жағдай туады.