Клетканың құрылысы және функциясы

Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалғанымен тіршілікке қажет элементтердің са-ны жиырмаға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясы-на сәйкес бүл элементтерді үш түрлі категорияға: негізгі элементтер, микроэлементтер және ультра-микроэлемент-тер деп бөледі. Әр түрлі сипаттағы элементтердің жалпы жинағы әр баска болады. Кейбір элементтердің универ-сальдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, фосфор, күкірт, калий және хлор); басқалары бәріне бірдей керек болмағанмен түрлердің көпшілігіне қажет (темір, мыс, марганец, мырыш).

Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бүл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртүтастығын керсетеді. Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт — клетканың органикалық қосылы-старын күрайтын қүрылыс беліктері. Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен және оттегінен түрады, белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, ал нукле-ин қышқылдары азот пен фосфордан түрады. Сонымен осы алты элемент тірі материяның басты элементтері, клетка-лар массасының 99%-ін қүрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы: клеткада мына элементтердің иоңдары байқалады: №+, Мё2+, РОГ, ЗОІГ, СІГ, К+, Са2+, СО2-, N03″ .

Клеткадағы катиоңдар мен аниондардың мөлшері клет-каны қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы клетка ішінде К+ концентрациясы өте жоғары, ал №+ төмен. Клетканы қоршаған ортада (қанда, теңіз суында) керісінше, К+ өте аз болады, ал N8 концентрациясы біршама жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бей-органикалық иондардың болуы клетканың дүрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық за-ттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыс-тардан басқа клетканың қүрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер болады. Клетка затта-рының ішіңде салмағы жағынан су бірінші орында. Әр түрлі клеткадағы судың мөлшері түрліше болады. Клетка-да судың көп болуы оның қызметінің дүрыс болуының ба-сты шарты. Мысалы, мидың клеткаларында 80%-ке жуық су болады, ал май үлпасының белсенділігі кем клеткала-рында 40%-тен аспайды. Судан айырылған клетканың бел-сенділігі кемиді.

Суы кеміген клеткалар барлық тіршілік белгілерінен айырылады. Бүндай хал-күйді анабиоз деп атайды. Анаби-оз күйінде клеткалар үзақ уақыт болуы мүмкін. Дымқылданғаннан кейін кайтадан тіршілік күйі қалпына келеді. Су еріткіш. Клетка заттардың көпшілігін су ерітіндісі күйінде қабылдайды және қалдық заттарды өз бойынан су ерітіндісі күйінде шығарады. Клеткадағы реак-циялардың көпшілігі су ерітіңдісі ретіңде ғана жүреді. Су көптеген реакцияларға тікелей қатысады. Мысалы, бело-ктардың, майлардың, көмірсулардың және баска заттар-дың ыдырауы осы заттардың сумен әрекеттесуінің нәтижесінде жүреді. Бүндай реакцияларды гидролиз реак-циясы деп атайды. Организмнің, үлпалардың, клеткалар-дың жылуды реттеуінде су маңызды рөл атқарады. Заттар алмасуы реакцияларына да су өте қажет. Су және оның диссоциациясының өнімдері — сутегі мен гидроксил ионда-ры — белоктардың, нуклеин қышқылдарының, липид-тердің, сол сияқты мембраналар мен басқа клеткалық компоненттердің биологиялык қасиеттері мен қүрылымын анықтаушы маңызды факторлар.