Пластмассалар және олардың түрлері

Пластмассалар— иілгіштік қасиеті бар, сондықтан белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, жоғары молекулалы органикалық заттар негізінде жасалатын материалдар. Иілгіштік қасиет — дененің сырткы күш әсерінен пішінін өзгертіп, ол әсер тоқталғаннан кейін де сол өзгерген пішінін сақтап калу касиеті. Иілгіштік касиет пластмассалардан баска заттарда да болады. Мысалы, саздың иілгіштік касиеті оны түрлі пішінге келтіріп, бұйымдар (қыш ыдыстар, т.б.) жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ак ермексазды (пластилинді) осындай иілгіштік ңасиетіне байланысты өр түрлі мүсіндер жасауға пайдаланады.

Пластмассалар жасауға колданылатын жоғары молекулалы заттар көбінесе шайырлар деп аталады. Пластмассалар кейде тек шайырдан ғана жасалады, басқаша айтканда, жоғары молекулалы заттың өзінен ғана кұралады. Мысалы, полиэтилен тек этиленнің полимерлену өнімінен түрады. Көп жағдайда пластмассалардың күрамы күрделі болады.

Қазіргі кезде бір-бірінен күрамындағы толықтыргыштарга, пластификаторларда, пцрақтандырғыштарга (стабилизаторлар) жөне басқа қурауыштарына, ең алдымен, байланыстырушы ретінде қай полимер қолданылатынына қарай пластмассалардың әр түрлі сорттары мен түрлері шығарылады.

Пластмассалардың кұрамына кіретін заттарға байланысты қасиеттері де алуан түрлі болады. Мысалы, ағаш ұнтағы, мата, асбест, т.б. пластмассалардың механикалық беріктігін . арттырады. Егер өте жай кебетін органикалық сұйық заттар қосса, иілгіштігін арттырып, морттығын жояды, бояғыштар тиісті рең береді.

Б асқа полимерлер сиякты пластмассаларды да екі типке бөледі: стикалың, оларды термопластар деп атайды және термо реактивті, яғни реактопластар. Бүлай бөлу, негізінен, пластмассадағы Ньістьірушы полимерге катысты аныкталады. Термопластикалық шайырлар кыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — қайта қатайып, өздерінің алғашқы касиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін өуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сиякты сызыктык күрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше кыздырғанда, иілгіштік касиетінен айырылады, балқы-майтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік күрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бүйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік кұрылым түзеді, ал бұл кұрылым қажетті иілгіштік касиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялык төзімді, жылу және электрокшаулағыштығы жақсы, т.б. қасиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механи-калык өңдеулерге онай беріліп, одан түрлі бүйымдар жасалады. Мүның бөрі оларды өндірістің барлык. салаларында жөне ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті түрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшыкты қабыршақты материалдар алуға немесе бүйымдар бетін қаптауға да колданылады. Ал кәдімгі пластик — эбонитті күрамында 30—50% күкірт және каучук бар коспаны термоөңдеу аркылы алады.

Пластмассаларды негізгі колданылу саласына байланысты бес топқа бөліп карауға болады: конструкциялық, электпр- және радио-техникалық, антикоррозиялық және бцлдіргішорталарға тұрақты, дыбыс және жылуоқшаулағыштар.

Әр алуан материалдардың жақсы касиеттері пластмассаларда табылады. Сондыктан техникалык көптеген мәселелерді шешкенде пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал боп саналады. Мысалы, болатты алатын болсак, ол өте берік, меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден корғай алмайды. Ағашты алсак, ол жеңіл, бірак берік емес және шіритін материал, пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығын өтей алады. Олардың арасынан берік те жеңіл, мөлдір және сынбайтын, электр корғағыштык касиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялык, төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен не жоғары, т.б. материалдар да бар.

Алуан түрлі қасиеттері бар пластмассалар жасау мүмкіншілігі зор, өйткені оларды алуға болатын мономерлер түрлері де шексіз. Оның үстіне, әр түрлі қосымша кұрауыштар араластырып, пластмассалар касиетін өзгертуге болатынын жоғарыда білдік. Мысалы, өте жеңіл пластмассалар — пенопластар кұрамына газ түзе (азот, көмірқышкыл газы) айырылатын заттарды қосып қыздыру арқылы алынады. Бөлінген газ жұмсарған пластмассаны үрлеп кеуектендіреді. Ондай пластмассалар — болаттан 100 есе жеңіл және жылу мен дыбыс өткізбейтін тамаша материалдар. Олардан суға батып кетуден сактайтын кұралдар, жеңіл жиһаздар, дыбыс пен жылу өткізбейтін материалдар, тұрғын үй қабырғаларын жасайды. Сонымен катар ұшак, вагон жасау өндірісінде де колданылады Толықтырғыш ретінде графитті жөне кейбір басқа да материалдарды пайдалану жылу ауыстыру аппаратурасын жасауға керекті жылу өткізгіш пластмассаларды дайындауға мүмкіндік берді.

Толықтырғыш ретінде шыныталшықтар колданылған пластмассалар өте берік болады. Оларды күш түсетін конструкцияларды жасау үшін пайдаланады. Мысалы, автомобильдер мен автобустардың, катерлердің қораптарын, ұшақтар мен зымырандар жасауда да пайдаланады.

Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар алынды. Сондай-ак пластмассалар медицинада тіс протездерін, сыныктарға протездер жасауда колданылады. Пластмассалардың тіпті қан тамырлары мен өңешті алмастыратындары да болады. Хирур-гаялык күрделі операцияларда тігу үшін колданылатын материалдар ешбір із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді.

Термопластикалық шайырлар кыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — кайта қатайып, өздерінің алғашқы касиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін өуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сиякты сызыктык күрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше кыздырғанда, иілгіштік касиетінен айырылады, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік кұрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бұйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік күрылым түзеді, ал бүл құрылым қажетті иілгіштік касиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялык төзімді, жылу және электрокшаулағыштығы жақсы, т.б. касиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механикалык өңдеулерге онай беріліп, одан түрлі бұйымдар жасалады. Мұның бәрі оларды өндірістің барлық. салаларында және ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшыкты қабыршақты материалдар алуға немесе бұйымдар бетін қаптауға да колданылады. Ал кәдімгі пластик — эбонитті кұрамында 30—50% күкірт және каучук бар коспаны термоөңдеу арқылы алады.