Органикалық синтездің шикізаты

Өзімізге таныс полимерлерге назар аударайык. Полиэтилен өндіру үшін этилен кажет; полихлорвинил ацетиленнен жөне этиленнен алынады, полистирол алу үшін бензол, этилен және т.б., фенолформальдегид пластмассалары өндірісіне фенол мен формальдегид,

Хош иісті заттар жасау үшін негізгі зат ретінде бензол, каучук алу үшін бутан, изопентан, т.б. керек.Кіші молекулалы заттар қайдан алынады? Полимерлер өндіруге кажет этилен мұнайды өңдегенде жөне көмірді кокстегенде түзілетін газдардан, ацетилен кальций карбидінен және табиғи газдардан, метаннан алынады; формальдегидті де метанды тотықтырып алуға болады; бензол мен фенол мұнай мен тас көмірден, бутан мен изопентан мұнайға серік газдардан және мұнайды өңдегенде пайда болатын газдардан алынады, т.б.

Егер басқа полимерлердің қандай заттардан синтезделіп алынатындығын қарастырсак, синтездік материалдар өндірісінің негізгі шикізаттары — табиғи және мұнайга серік газдар, мұнайды химиялық өңдегенде жөне тас көмірді кокстегенде шығатын өнімдер екенін, яғни шикізаттың еліміздегі қоры мол түрлері екенін көреміз.

Табиғи және мұнайға серік газдар ең арзан шикізат коры болып табылады. Алайда соңғы уақытқа дейін бұл заттар химиялык тәсілмен өңдеу максатына толық пайдаланылмай келді. Табиғи газдар мен мұнайға серік газдар негізіндегі химиялык синтезді дамытуға осы уақытта көп назар аударылатын болды.

Синтездік материалдар өндірісін химиялық өнеркөсіп мономерлермен, қышкылдармен, сілтілермен, хлормен, пластификаторлармен, катализаторлармен, инициаторлармен, т.б. камтамасыз етуі тиіс. Машина жасау өнеркөсібі және өнеркәсіптің баска да салалары әр алуан аппараттар, машиналар, бақылау-өлшеуіш аспаптар, т.б.

жасап беруі керек.

Синтездік материалдар өнеркәсібі өндірістің баска салаларының даму дәрежесше белгілі бір шамада тәуелді бола отырып, өз тарапынан ол салалардың өнімдеріне белгілі талаптар койып және оларды синтездік жаңа материалдармен жабдықтап, өндірістің бүл салаларының дамуына өсер етеді.

Казақстанда полимерлік материалдар шығаратын кәсіпорындар қатарына Қостанай жасанды талшық зауыты, Қарағандыдағы “Карбид” өндірістік бірлестігі, Теміртау синтездік каучук зауыттары (каучуктың әр алуан түрлерін шығарады), т.б. жатады. Атырауда ірі химиялык өндіріс (полиэтилен, полипропилен өндіретін) 2010 жылға дейінгі мерзімде іске қосылмак.

ал сусыз спиртті абсолютті спирт дейді. Сусыз спиртті су тартқыш заттар (СаО, СиSО4) косып кайнатып алады. Этил спиртін өр түрлі жолдармен алады. Соның бірі — глюкозадан (жүзім қанты) ашытқы катысында мына жалпы реакция бойынша алады:

С6Н12О6→2Н5ОН + 2СО2

Мұндай жолмен алынған спирт таза болады, тамақ өнеркәсібінде және медицинада пайдаланылады. Целлюлозаны гидролиздеп алын-ған спиртті гидролиз спирті деп атайды:

6Н10О5)п 2Н5ОН + 2СО2

Бүл өдіс өте тиімді, себебі тамақ, өнімдері, картоп, бидай пайдаланбайды. Бірак, гидролиз спиртінде басқа косымша өнімдер болады, соның бірі — метанол, сондыктан мұндай спирт көбіне техникада қолданылады, тамақ өнімдері үшін пайдалануға болмайды.

Синтездік жолмен этил спиртін этиленді гидратациялап алады.

Этанол дөрі-дөрмек жасауда, зарарсыздандырғыш зат ретінде медицинада пайдаланылады. Этил спирті химия өндірісінде сірке қышқылын, бояу, синтездік каучук, диэтил эфирін жөне т.б. заттар алуда қолданылады.