Қазақ дипломатиясының қазіргі тұрпаты

Әлем экономикасындағы жетекші орындардың бірін иемденетін әрі ірі донор, ал болашақта еліміздің экономикасының маңызды инвесторы бола алатын Жапония мен Қазақстанның байланыстарын жандандыру ірі саяси және экономикалық артықшылықтар береді. Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өту талабын Қазақстанның қолдауы екі жақты қатынастарды дамытудың түркі мүдделеріне жауап береді.

Экономикалық және саяси байланыстарды дамыту, Қазақстанның Азиядағы ролі мен орнын нығайту, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан азиялық рыноктарға орналасуды кеңейту тұрғысынан – Сингапур, Корея республикасы, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Въетнам сияқты жаңа индустриалды елдердің біздің еліміз үшін маңызы зор. Қазақстандық дипломатияның алдында осы елдермен ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзара қарым-қатынастың тиісті жүйесін құру міндеті тұр.Біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді қамтамасыз етудің тағы бір бағыты Иранмен байланыстарды дамыту болып табылады. Бұл орайда осы елдің аймағы маңызды ролін және Иранның географиялық орналасуын ескеру қажет, мұның өзі Каспий теңізі проблемаларын шешудегі ынтымақтастықтың қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ Иран еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы үшін қолайлы мүмкіндік ашады.Араб әлемінде Египет Араб Республикасының саяси салмағы мен ықпалын ескере отырып, Қазақстан осы елдермен жоғары деңгейдегі саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қолдауға ұмтылады. Орасан зор қаржылық және инвестициялық мүмкіндіктері бар, әлемдік отын-энергетика қорында маңызды орын алатын Сауд Аравиясымен және Парсы шығанағындағы басқа да мұнай өндіруші мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы елдермен қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды фактор. Бұл сауда-саттық, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға іргетас қалайды.