Гомогенді процесстер және гетерогенді процесстер

Газ немесе сұйық фазаларда жүретін гомогенді процесстер механизімі бойынша гетерогендік реакциялардан гөрі оңайырақ жүреді. Гомогенді өнеркәсіптік процесстер газ фазасында реагенттер ағыны жеткілікті турбулентті ағыс болған кезде қарапайым конструкциялы реакторларда жүзеге асады. Мысалы азот ІІ оксидін, азоттың ІV оксидіне тотықтыру азот қышқылы өндірісінде газ фазасында жүреді.

2NO2N2O42NO + О22 NO2

Бұл реакцияны жүргізу үшін қабырғалармен оралып бөлінген камералар қолданылады.

Гомогенді процесстерге хлорсутек синтезі де жатады. Процесс пеште жоғары температурада 14000 С-та өтеді. Реагенттердің араласуымен ағынның турбуленттенуі электорлы жанғышпен араласады. НСІ синтезі тізбекті реакция сол үшін болуы мүмкін. Жарылысты болдырмау мақсатында оның жоғарғы қақпағын асбесттен жасайды. Көмірсутектерді хлорлау процесстері инсектицидтер жуғыш заттар өндіру, газ тәрізді көмірсутектердің ыдырауы (пиролиз) бензолдық ацетиленнен синтезі процесстері газ фазасында өтеді. Эндотермиялық газ процесстері түтікті аппараттарда өтеді. (3) Түтіктің ішінде эндотермиялық реакциялар жүреді ал түтік аралық кеңістікте ыстық газ өтеді немесе табиғи газ циркуляцияланады Сұйықтықтардағы гомогенді процесстер өндірісте газ фазадағы процесстерден гөрі жиірек қолданылады. Өндірістегі сұйық фазадағы реакциялардың жылдамдығы газ фазадағыға қарағанда мыңдаған есе артық.

Төмен температурада жүретін процесстерді жылдамдату үшін диффузиялық кедергілерді жою үшін қатты араластырады немесе газ сұйықтың жүйесінде әрекеттесуші газдарды сұйықтықпен абсорбциялап алады. Сонда гомогендік реакция сұйық фазада жүреді. Мысалы ацетальдегидті сірке қышқылына тотықтыруды осылай жүргізеді.

Сұйық фазада қышқылдарды немесе негізд

ерді нейтралдау, жай және күрделі эфир синтездеу, спирт және көптеген қышқылдар алу, тұз алудағы алмасу реакцияларыжүргізіледі.

Сұйықтықтарды және сдепензияларды араластыру үшін әр түрлі араластырғыштар оның ішінде пропелллер араластырғыштары бар аппараттар да қолданылады.(4)

Агрессивті сұйықтықтар коррозияға шыдамды араластырғыштармен немесе пневматикалық әдіспен араластырылады (5). Араластырушы агент ретінде көбінесе ауа қолданылады. Бірақ бұл кезде қосымша тотығу реакциялары жүруі мүмкін. Ондай жағдайда – инертті газдар қолданылады. (СО2, N2)

Араластырғыш реакторлар периодты жұмыс істейді немесе үздіксіз жұмыс үшін батареяларға біріктіріледі.

Егер әрекеттесуші қоспа су буымен араласпаса апппарат қабырғалары арқылы қыздыру (3) немесе «түтіктің ішіндегі түтік» типті реакторлар қолданылады.