Химико-технологиялық процесс туралы түсінік

Химико- технологиалық процесс өзара байланысқан элементар процестерден (кезеңдерден тұрады). Бұл кезеңдер негізінен 3 кезеңнен тұрады.

  1. Реакцияласушы компаненттерде реакция аймағына жеткізу
  2. Химиялық реакция
  3. Түзілген өнімдерді реакция аймағынан шеттету.

Компонентерді реакция аймағына жеткізу молекулярлық диффузия немесе конвекция жолымен іске асады. Егер де компоненттерді жылдам араластырса конвекция құбылысы жүреді. Бұл процесті турбулентті диффузия деп аталады.

Компоненттерді реакция аймағына жеткізу үшін екі немесе көп фазалы жүиелерде адсорбция, абсорбция, десорбция. Бұлардың конденцациялануы балқу,буландыру т.б процестерде қолданылады.

Химиялық реакциялар химико технологиялық процестің екінші кезең, бұл кезеңде реакцияласушы жүйеде бастапқы заттардан бірнеше бір тізбекті немесе паралелль реакциялар нәтижесінде негізгі өнім түзіледі. Сонымен катар негізгі өнімнен баска бастапқы заттың құрамындағы қоспалардан қосымша өнімдер немесе қалдықтар түзілуі мүмкін.

Реакция аймағынан өнімдерді шеттету процесі де диффузия,конвекция заттың 1 фазадан екінші фазаға өту жолымен іске асады.

Химико- технологиялық процестер әр түрлі жолмен жіктеледі. Олар физикалық немесе химиялық болуы мүмкін химиялық реакция түріне байланысты процестер жай және күрделі болып бөлінеді.

Күрделі процесс деп паралелл немесе кезектесіп жүретін реакцияларды айтады.

Әрекеттесу типіне байланысты процестер екіге бөлінеді.

  1. Тотығу-тотықсыздану (гомолитикалық)
  2. Қышқыл негіздік(гетероликалық)

Фазалық құрамы бойынша барлық жүйелер және процестер. а)біртекті (гомогенді) б).әр текті.(гетерогенді) Біртекті жүйелерде әрекеттесуші заттар бір фазада газ(г), сұйық(с) немесе қатты(қ) күйде болады. Әр текті жүйелерекі немесе одан көп фазалардан тұрады өнеркәсіпте көбінесе мынадай жүйелер көп кездеседі,

Гетерогенді жүйелер бұл процесте гомогенді процеске қарағанда кеңірек дамыған.

Техналогиялық режим деп процестің жылдамдығына өнімнің шығымымен сапасына әсер ететін негізгі факторлардың парометрлердің жиынтығын айтады. Көптеген техникалық процестер үшін техникалық режимнің негізгі параметрлеріне температура қысым әрекеттесуші заттардың концентрациясы катализаторларқолдану катализаторлардың белсенділігі реагенттерді араластыру әдісіжәне араластыру дәрежесі жатады. Техникалық режим параметрлері бойынша процестер былай жіктеледі.

  1. Төменгі және жоғарғы температуралык
  2. Каталитикалык және каталитикалык емес
  3. Ваккум жағдайында,жоғарғы немесе төменгі кысымда жүретін
  4. реагенттердің жоғары және төмен концентрациясында жүретін

Процесстің жүру уақытына байланысты технологиялық процесстер үздікті және үздіксіз болып бөлінеді.

Араласу дәрежесіне байланысты екі шекті жағдайда болуы мүмкін

1 Толық идеалды

2 Ламинарлы араласу