Табиғатты қорғау және өнеркәсіп қалдыктарын тазалау

Табиғатты қорғау деп- табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, оны қайта орнына келтіру ,қазіргі және болашақ ұрпақтардың материлдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаны ластану мен жойылудан сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс –шаралардың жүйесін айтады .

Табиғатты қорғауды оның жеке бөліктерін,атмосфера ,су ресурстарын , топырақты, қазба байлықтарды ,ландшафттарды өсімдіктермен жануарларды қорғау деп түсіну керек . Өйткені олар бір-бірімен экологиялық байланыста болады ,біреулерінің өзгеруі,екіншілерінің өзгерісін туғызады. Мысалы:құрамында күкірті бар отындарды жандырғанда атмосфераға күкірт оксидтері бөлінеді, олар ауадағы су буларымен қосылып, топырақ пен суды ластайтын қышқылдар түзеді .

Біздің елімізде ауадағы және судағы зиянды заттардың шекті концентрация мөлшерінің (ШКМ)(ПДК)нағыз қатаң нормалары белгіленген .

Шекті концентрация мөлшері деп – адамға,оның жұмыс қабілеттілігіне ,оның көңіл күйімен сезіміне тура немесе жанама әсер етпейтін концентрацияны айтады.Әрбір зат үшін 2 норматив белгіленген .

1.Бірегей ПДК(20минутқа дейін әсер ететін )

2.Орта тәуліктік ПДК

Су және ауа бассейіндерінің ластануының санитарлық бақылауын ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің санитарлық эпидемиялогиялық қызметі орындары атқарады .

  1. Ауа бассейінін қорғау .

Атмосфераға түсетін зиянды қоспалар 2топқа бөлінеді :

А) шаң тозаңдар ,аэрозольдер

Б)газ тәрізді және бу тәрізді заттар

Бірінші топқа органикалық және бейорганикалық қатты бөлшек тозаңдар мен ауада тұрақты тұман түзетін қиын ұшқыш сұйықтық бөлшектерін жатқызады .

Жер бетінен және жердің төменгі кабаттарынан алынатын шикізаттарды өңдеу барысында ауаға шығатын зиянды заттардың әсерінен жыл сайын ауаның ластануы күшейе түсуде. Мұндай жағдайлар көбінесе ірі қалаларда, өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда, автомобильдер көп жерде, өр түрлі газдардың шектен тыс көп бөлінуінен болып отыр.

Атмосфера құрамында болатын газ коспаларының концентрациясы артқанда коршаған ортада қолайсыз жағдайлар туындайды. Мұндай қоспаларға күкірт (IV), азот (V), фосфор (V) оксидтері және иіс газдары жатады. Олар кей жағдайда табиғатта зиянды заттардың көбеюіне әкеліп соқтырады.

Қазіргі кезде отын есебінде мұнай, көмір және табиғи газдар жиі қолданылады. Кейбір елдер отынға ағашты пайдаланады. Осы отындар құрамында көміртек, оттек, сутек, күкірт, азот болады да, жаккан кезде ауаға тарайды. Олар тек отын жакканда ғана емес химиялык, металлургиялық өндіріс орындарының мұржаларынан да көптеп бөлінеді. Бұлардың бәрі де адам жөне жануарлар организміне өте зиянды коспалар.

Әр түрлі жолдармен ауаға шыққан газдар химиялык, кұбылыстар нәтижесінде біртіндеп ауаның беткі қабатындағы әр түрлі заттармен әрекеттесіп, қоршаған ортаға зиянды косылыстарға айналуы мүмкін. Бұл қолайсыздықтан кұтылудың жолы — газ бөлінетін өндіріс орындарындағы мұржаларға сол газдарды тұтып қалатын қондырғылар қою жөне қондырғылар тұтып қалған газдарды күнделікті тұрмысқа кажетті қосылыстарға (қышқыл, тұз, т.б.) айналдыратын қосымша өндіріс орындарын салу.

Мысалы, Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинатының негізгі шикізаттары — галенит РЬS жөне сфалерит, осылардан металды бөліп алу кезінде қосымша өнім түрінде Н2S-пен SО2 бөлініп, қала ауасын ластайтын. XX ғасырдың соңына карай ғалымдар осы бөлінетін газдарды арнайы қондырғы көмегімен жинап, күкірт кышқылын комбинат ауласында өндіру әдісін тауып, үлкен жетістікке жетті. Бүл аркылы, біріншіден, экологияны қорғау, екіншіден, шикізатты кешенді пайдалану жүзеге асты, үшіншіден, металл өндіруге кажет күкірт кышкылы енді шеттен тасылмайтын болды. Яғни экологиялық және экономикальщ тиімділікке кол жеткізілді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша кала ауасын ластауда автокөліктердін үлесі завод, фабрикалардан да көп екені аныкталды. Бензинді, дизельді жанармайларды жакқанда, ауаға көміртек оксидтері, күкірт, азот, түрлі көмірсутектер, альдегид сиякты зиянды заттар таралады. Көміртек (II, IV) оксидтері организмде оттектің жетіспеуіне, клетканың тыныс алуының бұзылуына, ал азот (IV) оксиді өкпенің кабынуына апарып соғады. Жанармайлар жаққанда ғана зиянды емес, сонымен қатар жанармай станцияларының қала ішінде салынуы да ауаны, топырақ қабаттарын, одан сүзіліп шыгатын ауыз суды ластайтыны аныкталып отыр.

Жоғарыда аталған газдар (СО, СО2, SО2, N0,) атмосфераның жоғары қабатында су буымен әрекеттесіп, қышқылдар түзеді, нәтижесінде «қышқыл жаңбырлар» пайда болады

Олар өсімдіктер мен жануарларға зиянды әсер етеді. Оның әсерінен адамдардың шашы түсіп, тыныс алу мүшелерінің және орталық жүйке жүйесінің аурулары пайда болады. Мысалы, ауада күкірт мөлшері көбейгенде мүйізді аңдардың (бұғы, арқар) мүйізінің сапасы төмендейтіні байқалған.

Міне, сондықтан коршаған ортаның ластануын болдырмау немесе қайта қалпына келтіру — бүкіл казақстандықтардың міндеті болып табылады. Үкімет табиғат корғауға байланысты арнайы заң шыгарып, экологияны жақсартуға, табиғат тазалығын сактауға ерекше көңіл бөлуді басты назарда ұстап отыр.

Бейметалдар түзетін көптеген қосылыстар — ұшқыш, улы заттар болғандықтан, қоршаған ортаға орасан көп зиян келтіреді. Олардың таралу көздері, негізінен өндіріс орындарынан шығатын түтіндер, автокөліктердегі жанар-майлардын және жылыту цехтарының жану өнімдері, т.б. Осындай экологиялық қолайсыздықтарды болдырмау үшін арнайы заң қабылданған.