Су және оның химиялық өнеркәсіпте қолданылуы

Су химия өнеркәсінде, тұмыста және халық шаруашылығында үлкен роль атқарады.

Кейбір өндірістерде су тікелей шикізат немесе реагент болып табылады. Мысалы сутек, азот, фосфор, күкірт қышқылдары, сілтілер мен негіздер өндірісі.

Көптеген өндірістерде химия, металлургия, тамақ, жеңіл өнеркәсіптерінде су қатты сұйық газ тәрізді заттарды еріткіш ретінде пайданылады.

Сонымен бірге суды кристалдану, флотория, өнімдерді қоспалардан тазалауда қолданылады.

Көптеген химиялық реакциялар кезінде су түзіледі. Осы мысалдардың барлығында су технологиялық қызметтер атқарады.

Үлкен көлемде су жылу ұстағыш ретінде қызмет атқарады. Судың үлкен жылу сыйымдылығы бар. Су мен заттың арасындағы жылу алмасу әртүрлі аппараттардың металл қабырғалары арқылы жүзеге асады. Үлкен көлемде суды жылу ұстағыш ретінде пайдаланады.Химия өнеркәсібі – ірі су тұтынушы сала

Заманауи химиялық комбинаттар тәулігіне миллиондаған кубометр су жұмсайды. Сондықтан химиялық өндіріс орындарын су бастауларына жақын жерден салады. Өндірілген өнім бірлігіне кеткен су шығынын су бойынша жұмсалу коэффиценті деп атайды. Никель үшін 400 м3/т, вискоза жібегіне 2500 м3/т, аммиакқа 1500 м3/т, азот қышқылына 100 м3/т.күкірт қышқылына 50 м3/т,фосфорға 15 м3

Су жер шарының 70 %-ін алып жатқанына қарамастан (жалпы көлемі 1345 млн км3) осы күрделі дифицит материалдарының біріне айналады. Себебі, шаруашылық мақсатта негізінен тұщы су пайдаланылады, ал оның үлесі 2 % қана.

Суда әрқашан әртүрлі қоспалар болады. Пайда болу сипатына қарай табиғи сулар 3 түрге бөлінеді.

  • Атмосфералық су – атмосфералық жауын – шашын түріндегі су салыстырмалы қоспасы аз су, негізінен еріген газдар О2 , СО2, NО2, Н2S, SО2 органикалық затты шаң – тозаңдар түрінде қоспалар болады. Тұздар болмайды.
  • Жер бетілік сулар — өзен, көл, теңіз сулары, атмосфералық қоспалардан өзге әр түрлі қанықпаған, қаныққан қосылыстарға бай су. Мұндай суда Са, Мg, Nа, К гидрокарбонаттары, сульфаттары, хлоридтері болады. Теңіз суында Менделеев кестесінің барлық элементтері дерлік кездеседі. әлемдік мұхитта 5 * 1016т тұздар еріген болады . Егер бұл тұзбен жердің бетін бір тегіс жауып шықса тұз қабатының қалыңдығы 45 метр болады екен. Cl-23 * 1015т. Ал 1 * 1010т. 1 кг суда 1граммын аз тұзы бар су тұщы су, ал одан көп су тұзды су деп аталады. Бұл суларда микроб, организмдар қалдықтары бар.
  • Жер асты сулары – артезиан скважиналарының құдық, бұлақ, бастау, гейзерлер де жер бетілік сулар тәрізді минералдық тұздарға бай сулар.

Олардың құрамы тау жыныстары мен топыраққа байланысты. Бұл сулар фильтрленгендіктен өте мөлдір және органикалық қалдықтары мен бактериялары жоқ болып келеді.

Пайдалану мақсатына қарай су

  • ауыз су
  • өнеркәсіптік су болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік су

  • қоректік су
  • айналымдағы су

Судың сапасы оның физика – химиялық сипаттамаларымен анықталады және келесі көрсеткіштермен бағаланады: мөлдірлік, түс, иіс, қаттылық, тотыққыштық,су реакциясы және жалпы тұз мөлшері.

Судың мөлдірлігі ондағы дөрекі дисперстік механикалық бөлшектер мен коллоидтық бөлшектердің болуына байланысты.

Судың қаттылығының уақытша тұрақты және жалпы түрлерін ажыратады.

Уақытша және тұрақты қаттылықтың суммасын жалпы қаттылық деп атаймыз.Оны 1литр судағы кальций және магний иондарының миллиграм — эквивалентімен есептейді. Егер 1л суды 20,04мг . Са2+; 12,16мг Мg2+ болса оның қаттылығы 1мг. Экв.

Судың қаттылық дәрежесіСа2+ және Мg2+ 1литр судағы мөлшері мг/экв

Өте жұмсақ0 – 1,5

Жұмсақ1,5 — 3

Шамалы қатты3 — 6

Қатты6 — 10

Өте қатты10 нан жоғары