Насекомдар классының өкілдері

Төменде насекомдардың екі өкілі сипатталады. Тарақандар (Blattodea) отрядынан қара тарақан (Blatta orientalis) және жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядынан бал арасы (Apis mellifera).

Насекомдар класының бірінші өкілі.

Қара тарақан – тарақандар (Blattodea) отрядының өкілі. Тарақандар отряды қанатты насекомдар (Pterygogenea) класс тармағының ерте замандардан келе жатқан отрядының қатарына жатады. Осы отрядтың нағыз өкілдері таскөмір дәуірінің шөгінділерінен кездеседі.

Қара тарақанның (Blatta orientalis) шыққан жері тропиктік азия деп саналады. Ол жақтан тобырлармен, керуен жолдармен қара тарақан Жерорта теңізіне келіп содан XVI ғасырдың аяғына таман Батыс Европаға (Англияға, Галландияға) өткен деп болжайды.

Денесінің бөлімдері. Денесінің бөқлінуі жағынан қара тарақан – нағыз насикомдарға жатады. Оның басы мойын бунағы арқылы кеудесіне анық бөлектеніп тұрады. Кеудесінің көкірек бөлімі үш сегменттен құралады, бұларды алдыңғы көкіректік, ортаңғы көкіректік және артқы көкіректік сегмент (pro-mesometathorax) деп атайды, бұл көкірек сегментінің әрқайсысында бір-бір қос аяқтан болады. Сонымен біргеересек аталық тарақанның ортаңғы және артқы көкірек сегментіне жақсы дамыған бір-бір жұп қанат болады. Ал ересек аналық тарақанда бұлардың орнында қанаттардың рудименттері ғана болады. Кеудесінің артқы бөлімі он буыннан құралған құсағында дұрыс дамыған тек бір жұп қана аяқ церки (cerci) болады, бұл аяқтар тарақанның денесінің артқы ұшында аналь тесігінің екі жағында жатады.

Көкірек. Қара тарқанның жұмсақ кеудесі дорзо-бентраль бағытта қабысып жалпайған. Бұлардың қай – қайсысыда тарқанның тар саңылау жерге жасырынуына қолайлы болады. Тарақанның көкірегі үш хитин сақинадан, яки сегменттен құралады. Әрбір сегмент төрт учаскеден құралған: арқа учаскесі (аралық), екі бүйірлі және төменгі учаске (омырау). Үш сегменттің үшеуінде, бүйірмен омырау учаскесі шекарасында, аяқтары болады. Аталық тарақанның көкірегінің екінші және үшінші сегменттеріне, бүйір мен аралық сегмент шекарасында, бір-бір қанаттан бітеді. Көкректің үшсегменттінің үшеуінде де бір-бір жұп аяқтан болады да, солармен қатар ортаңғы көкіректік пен артқы көкіректікте тағыда бір-бір қос қанаттан болады. Тарқанның аяқтарының бәріде жүгіру аяқтары. Аяқтың түп жағынан ұшына қарай мынандай бөлімдері болады: жанбасша (соха ) ортан жіліктің ұршық басы, сан яки ортан жілік, балтыр, яки асық жілік және табан. Негізгі бөлім болып саналатын жамбасша аса үлкен бөлім. Аяқтың ең ұзын бөлімдері – сан мен балтыр – екеуі қосылып барып тізе буынын құрайды. Табан бес буынды болады. Табанның ұшында екі тырнақ болады. Осылардың арқасында тарқанның аяғы жер бетндегі кедір-бұдырға жақсы тіреледі. Тырнақтарының арасында сорғыш болады, осының арқасында тарақан нәрсенің беті қандай болсада жүре алады. Тарақанның қанаттары, қабысып жалпайып жұқа пластинкаға айналып кеткен тері қабаттары. Қанатты ұзына бойына да, көлденеңде кесіп білеуленіп жатқан желкелері, яки нервтері, деп аталатын жуан сызықтар қанатты мықты етеді. Ортаңғы көкіректегі алдыңғы қос қанат дөрекілеу, терісі мықты келеді. Мұны үстіңгі қанат деп атайды. Артқы көкіректің қос қанаты жарғақ қанаттар.

Құрсағы. Қара тарқанның құрсағы 10 сегменттен құралады. Бұларда аяқ болмайды тек соңғы сегменттің екі бүйірінде қысқа, ұсақ бунақты екі аяқ болады. Тарқанның құсағының сегменттері, екінші сегменттінен бастап, 7-ші сегментіне дейін, аса ірі келеді. 10-шы аралықтың артқы жақ жиегінің астында орталық сызықтың бойында аналық тесігі жатады.

Нерв жүйесі. Қара тарқанның орталық нерв жүйесі 11 түйінен құралады: Бұлардың ішінен екі түйін, жұтқыншақ үсті түйінмен жұтқыншақ асты түйін, бастың ішінде жатады да, үшеуі көкірек ішінде және алтауы – құсақ ішінде жатады. Түйіндердің барлығыда коннективалар арқылы біріккен. Нерв тізбегінің түйіндісінің ең ірісі – жұтқыншақ үсті ми, бұл көру мүшелерін (жұп күрделі және жай кездеседі), иіс сезім мүшелерімен және тері сезім мүшелерімен қосып мұрттарды, жоғары ерінді шеткі (перифериялық) нервтермен қамтамассыз етеді. Ал басқа түйіндерден саналатын жұтқыншақ асты түйінмен 3 көкірек түйіні ауыз бөлімдерін, аяқтарды, қанаттарды және бас пен көкіректің мускулатурасына нерв таратады. Құрсақтың 6 түйінінің ішінен ең артқы шеттегі түйін басқаларынан ірілеу келеді, бұл түйін жыныс жүйесін, циркилерді нервтермен қамтамассыз етеді.

Сезім мүшелері. Тарақанның күрделі көздері өзінше ерекше құралған және 1800 шамасы фасеткалары болады. Төменгі жақ аппаратының қалақтары мен олардың қармалағыштары (тері сезім мүшелерімен дәм сезу мүшелері) нерв ұштарына бай болады. Нерв ұштарына мұрттарда бай. Мұрттар тері сезім мүшелерімен иіс сезім мүшелері қызметін атқарады.

Ас қорыту каналы. Қара тарақанның ішектері, негізгі үш бөлімге бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы ішек жұтқыншақ тесігінен басталып жоғары көтеріледі де, доғаланып иіліп барып, кейін қарай кетеді, бұл бағытта құрсаққа барғанша созылады. Алдыңғы ішек бес бөлімнен құралған, бірақ бұлардың ілгері жағында жатқан төрт бөлімін ғана сыртынан айыруға болады, ал бесінші болатын болса- жөңгелектеніп жатқан қатпар сияқтанып ортаңғы ішектің бас жағына келіп, бөтелкеге кіргізілген варонка тәрізді болып жатады. Алдыңғы ішектің жұтқыншақ тесігінен басталатын ілгері жақтағы бөлімі – жұтқыншақ — жақ аппарат уақтап, сілекей мен ылғалданған қоректі өз ішіне тартады. Жұтқыншақтың мықты мускулатурасы жұтқыншақты кеңейтіп және тарылтып тұрады. Жұтқыншақ алдыңғы ішектің келесі бөліміне, өңешке өтеді, бұл бірте –бірте кеңейе түсіп жемсауға айналады. Жемсаудың қапшық сияқты артқы бөлімі құрсақтың ішінде жатады. Жұтылған тамақ мұның ішінде біраз кідіріп, біраз қортылады және сіңіріледі. Тамақ жемсаудан аз-аздан бөлініп шығып келесі бөлім күйіс, яки мускулды қарынға түседі, мұнда жатып одан әрі ұсақталып, сүзіледі.Пішіні бакал яки тақия сияқтанып, тесігі ілгері қарап жатқан күйіс қарын қоректі ұсақтайтын ғана аппараты емес, сонымен бірге, ол қоректің ортаңғы ішекке түсуге жеткілікті түрде даялау үшін оны сүзіп жіберетін сүзгі қызметін де атқарады.

Қара тарақанның ортаңғы ішегі яки қарны асқорту каналының ең қысқа және ең тар бөлімі, оның үсті ілмектеніп иректеліп қалған. Ортаңғы ішектің эпителийі түгел безді келеді. Ортаңғы ішек асқорыту сөлін шығаратын бездің қызметін атқару қатар, қорытылған асты сорып бойға сіңіру бөлімі қызметін де атқарады. Ортаңғы ішектің артқы ішектің шекаралығы, сырт жағынан қарағанда, түтік тәріздес мальпиги бездерінің құйылған жері деп белгілейді, бұл бездер тарақанның денесіндегі ыдырау өнімдерін шығару мүшелері болып табылады. Қара тарақанның денесіндегі мальпиги бездерінің саны 100-ге тарта барады, бұлар 6 жұп болып біткен және өздері ішектің өсіндісі сияқтанып тұрады. Бұлардың құйылған жерінің артқы жағынан артқы ішек басталады, бұл барып құрсақтың артқы ұшынан аналь тесігі болып ашылады.

Қан жұру жүйесі. Тарақанның қаны дененің ішкі қуысымен, ішкі мүшелердің аралықтарынан ағады. Тек өте шамалы жерде ғана қан тамырларымен ағады, бұл тамырлардың дербес қабырғалары бар. Бұл сыртқы жамылғынаң астында дененің ішкі қуысында жатқан арқалық қан тамыр деп аталатын тамыр, бұның өзі жүрек қолқадан құралған. Түтік сияқты келген жүрек құрсақтың бүкіл бойына созылады. Көкіректің ішіне жүректің жалғасы ретінде қолқа жатады. Тарақанның жүрегінің артқы жағы бітеу болып бітеді. Қолқаның алдыңғы ұшы жұтқыншақ үсті түйін мен жұтқыншақ арасынан барып дененің ішкі қуысына ашылады.

Зәр шығару мүшелері.Дененің ішінде жатқан мальпиги түтіктері қан шайып өтіп жатады, осы кезде осмос арқылы қаннан ыдырау өнімдерін сорып алады да, оларды артқы ішек арқылы сыртқа шығарады.

Майлы дене. Құрсақтың қабырғасына ішкі бетіне және ішкі мүшелерінің аралықтарында жиналып жатқан ақ затты байқауға болады. Бұл майлы дене – май, гликоген, белок сияқты қоректік заттардың қорын жинап жатқан ткань, мұның ішіндегі қоректік заттарды насекомдардың организмі ашыққан кезде пайдаланады. Майлы дене зәр шығару қызметін де атқарады.

Тыныс мүшелері. Қара тарақан дененің ішіндегі ағаш сияқты бұтақтан кеткен түтіктер, яғни кеңірдек жүйесі арқылы тыныс алады, бұл түтіктер ішкі мүшелердің барлығында қоршап жатады. Тарақанның кеңірдек жүйесінің ішкі сыртқы ортамен 10 жұп сигма арқылы қатынасады. Бұл 10 жұп сигманың 2 жұбы көкірек бөлімінің 2 бүйірінде, қалған 10 жұбы – құрсақтың сегменттерінде жатады.

Жыныс жүйесі. Қара тарақанның аталығы мен аналығының ересек кезінде бір-бірінен оңай ажыратуға болады. Жыныстық айырмасы: біріншіден, қанаттарының түрліше дамуы, екіншіден, құрсақтың сегізінші және тоғызыншы сегменттерінің әр қилы дәрежеде редукциялануы (аталық тарақандікіне қарағанда көбірек редукцияланған және құрсақтың жетінші сегментінің астында көрінбей жатады). Ал аталық тарақанның сыртқы жыныс аппараты хитинденген бірқатар өсіктермен пластинкадан құралады. Аталық тарақанның ішкі жыныс жүйесі мыналардан құралады: құрсақтың бесінші арқалығының астында жатқан қос аталық тұқым безі, қос ұрық өзегі, екі ұрық торсылдағы деп аталатын мүшенің түп жағынан келіп сыртқа ашылатын жалқы ұрық төккіш канал және қос қосалқы без, бірақ бұлардың біреуі жұп болып келеді. Әрбір аталық тұқым безі жалпы бір түйдек болып жиналатын, торсылдақ сияқты 30-40 бөліктен құралады.

Аналық тарақанның ішкі жыныс мүшелері мыналардан құралады: екі аналық без, екі тұқым жолы, қынап (жалқы тұқым жолы), ұрық қабылдағыш және пілләға қабық жасау үшін қажет секрет шығаратын қосалқы жыныс бездері. Әрбір аналық без 8 жұмыртқа түтіктерінен құралады.