Насекомдар класының систематикалық шолуы

Классификациясы.

1-класс. Алғашқы кеңірдектілер (Peotracheata.s. Onychophora).

II- класс. Көпаяқтылар (Myriopoda).

1-класс тармағы. Еркін-аяқтылар (Chilophora).

2-класс тармағы. Қос жұпаяқтылар(Diplopoda).

3-класс тармағы Сколопендреллалар (Symphyla).

III-класс насекомдар (Hexapoda,s. insecta).

1-класс тармағы. Алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygogiena).

1-отряд. Қылшыққұйрықтылар (Thysanura).

2-отряд. Екіқұйрықтылар (Diplura).

3-отряд. Сяжқасыздар (Pritura)

4-отряд. Аяқ құйрықтылар (Collembola).

2-класс тармағы. Қанатты насекомдар (Pterygogiena).

1-отряд. Түзуқанаттылар (Orthoptera,s.Saltatoria).

2-отряд. Тарақандар (Blattodea).

3-отряд. Тәуеттер (Mantodea).

4-отряд.Елестеушілер (Phasmodea).

5-отряд. Термиттер (Isoptera).

6-отряд. Пішенжегіштер (Copeognatha).

7-отряд. Мамықжегіштер (Mallophaga).

8-отряд. Биттер (Anoplura).

9-отряд. Буынтұмсықтылар (Rhynshota).

10-отряд. Инелігтер (Odonata).

11-отряд. Біркүндіктер (Ephemeroptera).

12-отряд. Қатты қанаттылар яки қоңыздар (Coleoptera).

13-отряд. Бүргелер (Aphaniptera).

14-отряд. Қабыршақ қанаттылар, яки көбелектер (Lepidoptera).

15-отряд. Жылғалықтар, яки түбітқанаттылар (Trichoptera).

16-отряд. Жарғаққанаттылар (Humenoptera).

17-отряд. Қос қанаттылар (Diptera).

Насекомдар класы екі класс тармағына бөлінеді: 1) алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygogenea) класс тармағы – бұлардың қанаттары болмайды; 2 – ші қатты насекомдар (Pterygogenea) класс тармағы – бұлардың не қаттаттары болады, не қанаты насекомдардан тұрады.

Бұл класс тармақтарының екеуі де, бірнеше отрядтарға бөлінеді, ондай отрядтардың жалпы саны 30 шамасында болады. Бірақ бұлардың тек төртеуі ғана алғашқы қанатсыздар класс тармағына жатады.

1-ші класс тармағы алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygogenea). Алғашқы қанатсыздар класс тармағына аздаған ғана насекомдар жатады, олардың бір қатар тек алғашқы болады: қанаттарының болмауы, құрсағында аяқтарының рудименттері болуы (кейде мұндай рудименттер де болады) кейбір көпаяқтардың белгілерін көрсететін тағы басқа да мүшелердің болуы.

Алғашқы қанатсыз насекомдар класс тармағына насекомдардың төрт отряды кіреді: қылшық құйрықтылар (Thysanura), екі құйрықтылар (Diplura) (Protura) және аяқ құйрықтылар (Collembola), бұлар әуел бастан алғашқыдан қанатсыз болған. Бұл насекомдардың тіпті ата тектерінің де қанаттары болмаған болуы керек деп болжайды.

Морфологиялық дәлелдер: алғашқы қанатсыздар құрылыстарындағы ерекшеліктер мен өсіп дамуындағы аздаған ерекшеліктер бұл төрт отрядты (Tracheata) тип тармағының екінші бір класымен, яғни көп аяқтылар мен жақындастырады.

Екінші класс тармағы. Қанатты насекомдар (Pterygogenea). Қанатты насекомдарға бір не екі жұп қанаты бар немесе қанаттарын екінші кезекте жойып алған жәндіктерді жатқызады. Ересек кезінде бұлардың құрсағында локомоторлық мүшелері – аяқтары болмайды. Осы замандағы фаунада бұл класс тармағына жататын 28 отряд бар. Төменде биологиялық және экономикалық жағынан маңызды отрядтарды ғана сипатталып өтіледі.

Түзу қанаттылар (Orthoptera, s.Saltatoria) отряды. Бұл отрядқа алдыңғы аяқтарына немесе құрсақтың бірінші сегментіне біткен қос тимпональдық мүшесі, шырылдау мүшелері, кеміретін жақ аппараты бар және аяқтарының үінші жұбы секіретін аяқтарға айналған насекомдар тобы жатады. Эпиморфоз жолымен өсіп өнеді.

Бұған үш отряд тармағы жатады: шекшектер (Tettigoniodea) отряд тармағы, шілделіктер (Gryllodea) отряд тармағы және шегірткелер (Acridodea) отряд тармағы. Шегірткелер көбінесе шалғындықтар мен қыр далалықтарды мекендейтін жәндіктер. Шекшектер көбінесе бұталар біткен немесе сирек ағаштар өскен жерлерде жиі кездеседі.

Түзу қанаттылардың барлығыныңда секіргіш қанаттары бар. Түзу қанаттылардың барлығыныңда аталықтары шырылдайды, бірақ бұлардың біреулері (шекшектермен шілделіктер) қанат жамылғыларын бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс шығарада басқа біреулері (шегіркелер) артқы санын үстіңгі қанатқа үйкеу арқылы дыбыс шығарады.

Тарақандар (Blattodea) отряды мен тәуеттер (Mantodea) отряды. Тарақандар мен тәуеттер өте ерте замандардан келе жатқан насекомдар қатарына жатады. Тарақандар полеозой эрасынан таскөмір дәуірінде ақ болған. Бұл екі жақын отрядтың бір-біріне ұқсастығы тек сыртқы құрылысында ғана емес, жұмыртқа салуында да ұқсастық бар. Тарақанда және тәуетте жұмыртқаларын пілләнің ішіне салады, пілләні дененің артқы ұшындағы жыныс қолтығында жатқан қосалқы бездердің секреттерінен құрады. Тәуеттер өздерінің пілләсін шөпке жабыстырып қояды.

Елестеуіштер (Plasmodea) отряды. Елестеуіштер көбіне ыстық үйекте көп тараған. ССР одағы фаунасында олардың бір ғана түрі бар. Елестеуіштер өсімдіктердің мүшелеріне “елктейді”, олар ”таяқшы”, “жапырақ дене” деген сияқты атақ алып кеткен.

Термиттер. (Isoptera) отряды. Термиттердің екеуі де бірдей, екі жұп жарғақ қанаттары болады, бұл қанаттарының түп жағы жіктеліп, бөлектеніп тұрады. Бірлесіп қауым құрып тіршілік етеді. Ондай қауымына қалыпты өскен аталықтары мен аналықтары, қосымша жыныстық түрлері, жұмысшы термиттер және солдаттар кіреді. Термиттер, құмырсқалар, аралар соналар сияқты қоғамдасып тіршілік етеді. Термиттер әр түрлі заттарды қорек етеді, солардың ішінде кличатканы да бойына сіңіріп тамақ ете алады (артқы ішегінде паразит талшықты болуы байланысты).

Пішен жегіштер (Copeognatha), мамық жегіштер (Mallophaga) және биттер (Anoplura) отрядтары. Пішен жегіштер, мамық жегіштер және биттер көбінесе майда насекомдар. Пішен жегіштер – өз бетімен еркін жүріп тіршілік ететін жәндіктер, көбінесе төменгі сатыдағы өсімдіктерді қорек етеді, ағаштың қабығының бетінде және астында жапырақтардың бетінде, мүктің арасында, ұяларда кездеседі, тіпті кітаптардың арасында да және өсімдіктер мен жануарлар коллекцияларының арасында да жиі ұшырайды. Пішен жегіштердің арасында қанаттылары да және қанатсыздары да кездеседі.

Мамық жегіштер сырт пішініне қарағанда биттерге ұқсайды. Бұларды жылы қанды жануарлардың ұсақ паразиттері, және өздері тек сүтқоректілерде ғана кезедесіп қоймай, солармен қатар, құстарда да кездеседі. Мамық жегіштердің өкілі – ит биті.

Биттер – тек сүтқоретілердің ғана сыртқы паразитері, солардың қанын сорады. Биттердің басының ішінде шанышқыш – сорғыш аппараттары болады. Бит шағар кезде бірнеше қылтанақтардан құралған. Бұл аппарат саңылау сияқты ауыз тесігінен сыртқа шығады. Көкірегі де, басы сияқты, кішкене және сегменттерге бөлінбеген.

Буын – тұмсықтылар (Rhynshota) отряды. Буын тұмсықтылардың жақ аппараты шанышқы – сорғыш, буынданып келген тұмсығының ішінде шанышқыш 4 қылтанағы жатады. Әдетте эпиморфозды түрде дамиды. Қандалалар арасында өсімдік қоректі формалары көбірек болады, ал ет қоректі қандалалар арасында жыртқыш түрлері жиі кездеседі.

Инеліктер (Odonata) отряды. Инеліктер имаго фазасында аса қунақ жыртқыш жәндіктер, бұлардың ішінде әсіресе тең қанатсыз ірі инеліктер, кәдімгі инеліктер, үйеңкі инеліктер. Тіпті жейтін жемтігін ұшып жүріп ақ ұстап алады. Ал тең қанатты ұсақ инеліктер жемтігін су жағасындағы өсімдіктерден ұстап алады. Инеліктердің екі жұп қанаттарының екеуі де жарғақ қанаттылар, тек айырмашылығы сол, қатпарланып жататын аналь бөлімі болмайды.

Бір күндіктер (Ephemeroptera) отряды. Бір күндіктер өздері мұндай атаған ересек (имаго) кезінде өмірінің өте қысқа болатындығынан алған, ал бірақ личинкалары бірнеше жыл өмір сүреді. Бір күндіктер өздерінің имаго фазасында өте қысқа өмір сүретіндігіне байланысты ересек кезінде қоректенбейді олар жақ аппараты семіп қалған, ортаңғы ішегі мен артқы ішегінің шекаралығынан барып бітеліп қалған ішектерінің іші ауаға толы, мұның ұшу үшін үлкен маңызы бар. Тыныш тұрғанда өздерінің көкірегінің үстіне тікесінен бір-біріне беттестіріп ұстап тұратын екі жұп қанаты, инеліктердегі сияқтағы өте жөлкелі болады.

Қатты қанаттылар яки қоңыздар (Coleoptera) отряды. Бұл түрге ең бай отряд: кейбір туыстастарының он мыңдаған түрлері болады. Қоңыздар отрядына насекомдардың ең ірі өкілдері кіреді. Қоңыздардың әдетте аса қатты келген сыртқы жамылғысы және жөлкелері жоқ қатты үстіңгі қанаттары – элитралары болады.

Бүргелер (Aphaniptera) отряды. Бүргелер – жылы қандылардың – құстармен сүтқоректілердің қанын соратын сыртқы паразит. Олардың жақ аппараты – шанышқыш – сорғыш аппарат – өзінің құрылысы мен қызметі жағынан буын тұмсықтылардың аппаратына ұқсайды. Көру мүшелері арқылы тек екі жай көзі болады, бұл көздерінің артқы жағындағы самай шұңқырында қысқа үш буынды құртар жатады. Үш жұп аяқтарының үшеуіде едәір ұзын, әсіресе, жамбасшалары мен табаншалары ұзын біткен. Бүргелердің қанаты жоқ. Бүргелер көбіне сүтқоректілердің қанаын ал құстардың қанаын сирегірек қорек етеді.

Қабыршақ қанаттылар, яки көбелектер (Lepidoptera) отряды. Бұл отрядтың айрықша екі белгісі болады, ол белгілердің екеуінде бірден көруге болады. Олар: қанаттарының беттерін ұлпадай қабыршақ басып жатуы – бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын түрлі бояуға түсіріп, нұрландырып тұрады және сорғыш жақ аппараттары – бұның құрылуына төменгі жақтардың тек қалақшалары ғана қатысады. Қабыршақ қанаттылардың құрт тәрізді личенкасы жұлдызқұрт деп аталады.

Жылғалықтар, яки түбітқанаттылар (Trichoptera) отряды. Жылғалықтар сырт жағынан көбелектерге ұқсайды, әрине күмән жоқ, соларға туыс, көбелектерден тек ашық айырмашылығы сол, жалағыш-сорғыш жақ аппараты болады.

Жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отряды. Жарғақ қанаттылар, қос қанаттылармен қатар, эволюциясы жақсы дамыған насекомдар қатарына жатады. Барлық жарғақ қанаттылардың жалпы белгілері мыналар: сорғыш және кеміргіш – жалағыш жақ аппараты және екі жұп қанаты, сонымен қатар, осы қанаттарының екі жұбыда жарғақ қанаттылар. Алдыңғы қанаттары әрдайм артқы қанаты үлкен келеді. Жарғақ қанаттылардың барлығыда өсу кезінде бастарынан гомометаморфоз дәуірін кешеді. Жарғақ қанаттылар отрядының туыстарына жататындар: наездниктер, жаңғақшылар, нағыз жабайы аралар, бал аралар және құмырсқалар.

Қос қанаттылар (Deptera) отряды. Бұл отрядтың айрықша белгілері сол, имагосының тек бір жұп қана қанаты болады және жақ аппараты сорғыш немесе шанышқыш – сорғыш болады. Өсіп – дамуы гомометаморфозбен өтеді. Қос қанаттылар екіге бөлінеді: ұзын мұрттылар және қысқа мұрттылар. Қос қанаттыларға жақсы ұшатын насекомдар жатады, бұлар еңұшқыр жәндіктер.