Тамыр аяқтылар класы-Rhizopoda. Өкілі- Амеба

Құрылыс формасына қарағанда әр түрлі болып келетін тамыр аяқтыларды бір класқа біріктіретін басты белгі. Олардың жалаң, тығыз қабықпен жабылмаған денесінің протоплазма өсінділерін-жалған аяқтар (Псевдаподия) шығаратын қасиеттері болады, осы жалған аяқтары арқылы олар қозғалады. Жалған аяқтары денесінің пішіні әрдайым өзгеріп отырады. Жалған аяқтар сонымен қатар қорек ұстайтын ж/е оны денеден шығарып тастайтын да мүше бола алады.

Классификациясы: Бұл класқа 5 отряд кіреді:

  1. Амебалар-Amoebina
  2. Қабыршақты амебалар-Testacea
  3. Фораминифералар – Foraminifera
  4. Күн тәрізділер – Heliozoa
  5. Сәуле тәрізділер –Radiolaria

Солардың ішіндегі ең көп кездесетіні- Амеба отряды.

1 отряд Амеба-Amoeba proteus.

Амебаға бір ядролы кейде көп ядролы денесін тұрақты пішіні болмайтын уақытша пайда болатын псевподия арқылы қозғалатын қабыршағыда скелеті де болмайтын қарапайым жануарлар жатады. Прото плазмасы түйіршікті эндоплазмаға және гомогенді эктоплазмаға бөлінеді.Жиырылғыш вакуоль (әдетте біреу, кйде сиректеу екі, үшеу кездеседі). Тұщы су амебаларында болады да, ал паразит амебалар мен теңіз амебаларында болмайды. Прото плазма қозғалатындықтан организмдерджің барлығы организмнің плазмасында орын алмастырып қозғалып отырады. Дөңгелектеу болып келетін шамалы ғана жалпақтау болып келетін эндоплазмадан айқын нүкте сияқтанып жақсы көрінеді. Жиырылғыш вакуолі ядродан кішілеу болады. Бұлардан басқа эндоплазмада ас қорыту вакуолі болады. Жиырылғыш вакуоль біресе жиырылып біресе жазылып өзінің ііндегі заттарын қоршаған ортаға шығарып отырады.

Амеба 5- 8 минутта бір рет жиырылып отырады.

Қоректенуі. Амеба денесінің кез- келген жерінің пайда болатын жалған аяқтары арқылы қорегін де қарамайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсімділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамырлары ас қорыту сөлі бөлініп, қоректің түйіні орналасқан жерде ваууоль пайда болады. Вакуолдың ішіндегі ас қорыту сөлі қоректі ерітіп денеге сіңіреді де оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез- келген жерінен сыртқа шығарылады.

Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады.

Көбейуі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею амеба денесінің тең екіге бөлінуі арқылы өтеді. Бұл кезде амебаның ядросы екіге бөлініп денесі созылады да жаңа пайда болған бір ядромен екі жаққа ажырайды. Пайда болған екі жасушаның екі жас амебаның біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталса екіншісінде ондай вакуоль жаңадан пйда болады.

Циста түзуі. Циста грекше – (кистиз яғни(қаптама) деген сөз). Қолайсыз жағдайда тап болған кезде амебаның денесі жұмырланып сыртын тығыз қабат қаптайды да қоректенуін тоқтатады. Адамның ішек қарнында амебаның бірнеше түрі тіршілік етеді және басқалар. Бұлардың алғашқы төртеуінің адамға зияны жоқ. Амеба кисталца адамда болатын амиобиоза (амебалық дизентерия, бауырдың амебалық ісіп іріңдеу) ауруларын қоздырушы ретінде кездеседі.