Пингвиндер отряд үсті тармағы (Jmpennes)

2-отряд үсті тармағы: Пингвиндер

Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды Антрактида да тараған.

1-Отряд. Пингвиндер (Sphenisciformes).

Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының түктері — пәрлер жіңішке болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.

Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып жайлап қозғалады. Ұяларын жерге салады. Кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып үйіп жасайды. Ал кейбіреулері жерді шұңқырлап ұя салады. Олар бапықтармен, шаянтәрізділермен, кейді бесаяқты молюскалармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі.

3-отряд үсті. Қырлы тесті құстар.

Ұшатын құстарының көпшілігінде төссүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. 1-отряд. Гагар тәрізділер (Gaviformes).

Бұл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау. Қанаттары қысқа әрі сүйір келеді. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.

Гагар тұқымдасына алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Олар негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады. Гагарлар көбейер көзінде аталығы мен аналығы бірігіп жүреді. Ұяларын судың жағаларына салады. 1-3 жұмыртқа салады, жұмыртқасын ата-анасы кезектесіп 28 күн басады. 2-отряд. Поганкалар (Podicipediformes).

Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек, әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Поганкалар негізінен су насекомдарымен және олардың личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және үсақ балықтармен қоректенеді. Поганкалардың ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, судың бетінде қалқып жүреді, 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Олар ұшар алдында жүгіріп барып, көтеріліп шапшаң ұшады. Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен балықтың дәмі шығып тұрады.

3-отряд. Ескек аяқтылар (Steganopodes).

Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусағы кейін қарай емес ішіне қарай қараған құстар, тұмсығы ұзын. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді.

Бірқазандар тұқымдасына өте ірі тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығына орналасқан созылғыш тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы иілмек тәрізді иілген. Мойны ұзын, жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауларында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жайылмаларына өсімдік тектес заттардан бегет жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Олар жақсы жүзгенімен суға сүңги алмайды. Бірқазандардың қорегі балық.

Дегелек, қазтәрізділер, күндізгі жыртқыштар, тауық тәрізділер отряды

4 отряд. Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әртүрлі, көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып ата аналары қоректендіреді. Артика мен Антрактидадан басқа жердің барлығына тараған.

5-отряд: Қаз тәрізділер (Ansiriformes)

Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған. Әдетте олардың тұмсығы, жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.

Аталығының шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүниежүзінде 200 — дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрлері кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан ұй құстарының көптеген турлері шығарылған.

6 — отряд: Күндізгі жыртқыштар (Falconniformes).

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жалаңаш терілі бөлімі болатын құстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлардың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқадан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына белінеді.

Америка құмайлары отряд тармағы. Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Америқаның оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жыртқыш құстар болып табылады.

Қалыпты жыртқыш құстар отряд тармағы. Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа белінеді: сұңқарлар және қырғи тәрізділер. Сұңқарлар тұқымдасына орташа және ұсақ құстар жатады. Астынғы жағының езуінің жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Қырғи тәрізділер тұқымдасы. Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты еткір тісшесі болмайтын, қанаттары қысқарақ және моқалдау келетін жыртқыштар.

7-отряд: Тауық тәрізділер. Тауық тәрізділер барлық жерелерге тараған. Олардың денелері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түрлері — ұрпақтарына қамқорлықты аналықтары ғана атқарады. Балапандары жұмыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шығарылады.