1 Мамыр: Бірлік күні құтты болсын!

1 мамыр Бірлік күніне арналған мерекелік құттықтаулар

Құрметті _________________!
Сізді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

***

Мереке құтты болсын!

Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.

***

1 Мамыр бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы — ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

***

Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.