Ұстаз күнімен құттықтау, құтты болсын!

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.